Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының даму сипаты
Тексерген: Бегманова Б.
Орындағандар: Серікбай Ә.
1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Поэзиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Мырзалиев, М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Т Айбергенов, М. Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.
Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, ақындардың идеялық мазмұнын, шығармашылығын тексерді.