Тақырыбы:
«Бабаларым,рахмет сендерге!»
Мұқағали Мақатаев
поэзиясын насихаттау
Мақсаты:
Білімділік-Мұқағали Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту;
Тәрбиелік-Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;
Дамытушылық-оқырмандарды Мұқағали Мақатаев шығармаларын мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары, .
Жоспар:
1. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»
( Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)
2. «Поэзия менімен егіз бе едің?!»
( Ақынның өлеңдерін жатқа оқу)
3. «Құлақтан кіріп бойды алар»
(Әндерін орындау)
4. «Мұқағали-өмір сырын жырлаған» (Көріністер, диалог, поэмадан үзінді)
5.”Жазылар естеліктер мен туралы”
(Ақын туралы пікірлер мен арнаулар)
6.Қорытынды.
Туылған күні 9 ақпан 1931
Туылған күні 9 ақпан 1931
Туылған жері Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылы
Қайтыс болған күні 27 наурыз 1976 (45 жас)
Қайтыс болған жері Алматы қаласы
Ұлты қазақ
Мансабы ақын, жазушы, аудармашы
Мұқағали Мақатаев
(1931 -1946 ж.ж)
Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын аты Мұқаметқали екен, аты пайғамбардың есіміне ұқсап кеткен соң, кейін ақын өз атын Мұқағали деп өзгертіп алады.
Әкесінің аты Сүлеймен, анасының аты Нағима.
Жанұяда Мұқағали, Қалимахан, Қалибек, Тоқтарбай, Көрпеш есімді балалары болған.
Мұқағали бастауыш класты Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, орта мектепті Нарынқолдағы интернаттан бітіріп шыққан.
...Айналайын!
Атамекен , Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле –ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай..
Мына дүние неге жатыр үндемей?
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау шапан,
Мынау атың, мін»,- демей.
Мынау жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенім бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп.
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең -дағы ұлыңды.
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.),
«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз»(1965-1972 жж
Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді.
«Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973) «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Оң жақта отырған жас жігіт – Мұқағали Мақатаев..
Мұқағали Мақатаев бір топ жас ақын-жазушылармен бірге.
Шығармалары мен аудармалары
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.) “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген МұқағалиДантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко , Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Мұқағали Мақатаевтың суреті бейнеленген пошта маркасы, 2006 жыл
Өлеңдерім жай болып атылғанда,
Атылғанда, аспаннан оқылғанда.
Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,
Жанар пайда болады соқырларға.
Қалқам,
Мен Лермонтов,Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі –құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
2. “Поэзия менімен егіз бе едің?!”
|
Достарыңызбен бөлісу: |