Сабақтың соңы
|
(МК/Т) 5-тапсырма. Идеялар жəне ақпараттар жинау. М. «Музыкант болғым келеді» атты музыкалық- шығармашылық жұмысты құрастыру жəне дайындық жүргізуге көмектеседі. Оқушыларды «Əншілер»,
«Бишілер», «Домбырашылар», «Композиторлар» деген төрт топқа бөліп, келесі сабаққа дайындайтын тапсырмаларды беріп, бірге талқылайды.
Əр топ жұмыс бағытына қарай ғаламтор желісінен, кітапхана жəне т.б. дереккөздерден тапсырмалар бойынша мына ақпараттарды табу керек:
Мамандық жəне оның ерекшелігі туралы қысқа мəлімет.
Мамандықтың адамға қоятын кəсіби талаптары.
Мамандық бойынша атақты адамдар туралы қысқа ақпарат.
Мамандыққа байланысты əндер мен тақпақтарды табу.
Рефлексия
Мен не білдім?
Бүгін мен не үйрендім?
Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
|
|