Теориялық және қолданбалы механика


Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы және тұрақты өс төңірегіндегі айналмалы қозғалысы



бет10/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

4.3 Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы және тұрақты өс төңірегіндегі айналмалы қозғалысы
АҚД-нің ілгерілемелі қозғалысы деп денеде жүргізілген кез келген түзу өзіне параллель болып қала беретін қозғалысты айтады, сонда дене нүктелерінің траекториялары кез келген сызық болулары мүмкін. Келесі теорема орын алады: ілгерілемелі қозғалыста дене нүктелері бірдей траекторияларды сызады және әр уақыт мезгілінде модульдері мен бағыттары бірдей жылдамдықтар мен үдеулерге ие болады. Яғни, АҚД-нің кинематикасы нүктенің кинематикасына келтіріледі.
АҚД-нің тұрақты (қозғалмайтын) өс төңірегінде айналғанда, оның өсте жатқан нүктелері қозғалмайды (4.5 суреттегі АВ). Өс арқылы екі жазықтық жүргізейік – қозғалмайтын және денемен байланысқан қозғалатын. Олардың арасындағы екі жақтық бұрышы (дененің бұрылу бұрышы) айналу өсінің оң бағыты жағынан қарағанда сағат тіліне қарсы болып көрінгенде, оң болып есептеледі. Қозғалыс заңы
= (t). (4.16)
Бұрыштық жылдамдық бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін сипаттайды
= d/dt, яғни . (4.17)
Дененің бұрыштық жылдамдығын векторымен кескіндеуге болады.
Бұрыштық үдеу ω-ның уақыт өтуімен өзгеруін сипаттайды
= d/dt = d2 /dt2, яғни . (4.18)
Қозғалыс кезінде =const болса, айналу бірқалыпты деп аталады. (4.17) формуласын интегралдап, айналу заңын анықтаймыз
. (4.19)
Бірқалыпты айналу кезінде болса, онда
. (4.20)
Қозғалыс кезінде бұрыштық үдеу тұрақты болса (=const), айналу бірқалыпты айнымалы деп аталады, оның заңы келесі түрде жазылады
. (4.21)
 мен таңбалары бірдей болса, айналу – бірқалыпты үдемелі, әртүрлі болса, бірқалыпты кемімелі болады.
Айналатын дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулерін анықтаймыз (4.6 суретті қара).
Айналу кезінде М нүктесі радиусы h тең, жазықтығы айналу өсіне перпендикуляр және P центрі өсте жататын шеңберді кескіндейді. dt уақыт ішінде дене бұрышына бұрылады, М нүктесі ds = h∙dφ орын ауыстыру жасайды. Сонда
. (4.22)
Нүктенің үдеулерін анықтаймыз
. (4.23)
үдеуі траекторияға жанама бағытталады (үдемелі айналу кезінде айналу бағытына сәйкес және кемімелі айналу кезінде айналу бағытына қарсы), үдеуі әрқашан МP радиусы бойымен өске қарай бағытталады. Нүктенің толық үдеуі
, (4.24)
 бұрышы (4.6 суретті қара) келесі тәуелдік арқылы анықталады
. (4.25)
және векторлары үшін келесі формулаларды шығаруға болады
, (4.26)
. (4.27)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет