Теориялық және қолданбалы механика


Қималар әдісі. Сырықтың көлденең қималарындағы ішкі күштер факторлары



бет20/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

8.2 Қималар әдісі. Сырықтың көлденең қималарындағы ішкі күштер факторлары
Сырыққа (8.2,а суретті қара) теңгерілген {F1, F2, …, Fn} жүктемесі түсетін болсын. Сырықта пайда болатын ішкі күштерді, оны екі бөлікке, мысалы А қимасымен кесіп, анықтауға болады (қималар әдісі). Сырықтың бөліктері арасындағы байланыстарды алып тастағандықтан, оның бір бөлігінің екінші бөлігіне әсерін қимадағы {FА} ішкі күштер жүйесімен ауыстыру керек (8.2,б суретті қара). А' жазықтығындағы күштер жүйесінің шамалары А" жазықтығындағы күштер жүйесінің шамаларымен бірдей, ал таңбалары қарсы болады. Ішкі күштер қима бойымен кейбір күрделі түрде таралады. Сонда оң жақ және сол жақ бөліктері үшін тепе-теңдік шарттары бөлек орындалу керек. А қимасындағы ішкі күштердің бас векторы мен бас моментін кез келген бөліктің тепе-теңдік шарттарынан анықтауға болады.

Тепе-теңдік теңдеулерінен ішкі күштердің қима бойымен таралу заңын емес, тек қана олардың статикалық эквиваленттерін анықтауға болады (сыртқы күштер белгілі жағдайда). Ішкі күштер жүйесін қиманың ауырлық центріне келтірейік. Нәтижесінде бас векторы мен бас моментін аламыз (8.3 суретті қара). z өсін қиманың сыртқы нормалімен бағыттап және х пен у өстерін қима жазықтығында орналастырып, координат жүйесін қабылдаймыз. және векторларын өстерге проекциялап, 6 құраушыны аламыз: үш күш пен үш момент, олар сырық қимасындағы ішкі күштер факторлары (ІКФ) деп аталады. N құраушысы бойлық немесе нормаль күш, Qx пен Qy – көлденең күштер, Мк моменті – бұраушы момент, ал Мх пен Му моменттері – х пен у өстеріне қатысты июші моменттер деп аталады. Сыртқы күштер белгілі болғанда, барлық ІКФ кесілген бөлік үшін құрылған 6 тепе-теңдік теңдеуден табылады.
ІКФ-на сәйкес сырықтың жүктелуі түрлерге айырылады (созылу, сығылу, бұралу, иілу және т.б.). Жүктелудің түрін анықтау үшін қима әдісін қолданып, қималарда қандай ІКФ болатынын анықтау керек. Нәтижелер эпюрлер деп аталатын графиктермен кескінделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет