Тәрбие сағатының тақырыбы:«Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» Тәрбие сағатының мақсаты


ІІ - Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»



бет8/11
Дата25.01.2023
өлшемі0,77 Mb.
#62801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ІІ - Негізгі бөлім: а) «Мен зорлық –зомбылыққа қарсымын»
1 оқушы:Еліміздегі зорлық – зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық –зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500- дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық – зомбылықтың құрбаны болады екен.
2 оқушы:Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін- өзі ұстау үлгісін алады.
3 оқушы: «Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармауымыздың нәтижесі» деп пайымдады. Н. Гладырь.
Зорлық зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

  • Қауіп-қатер- отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы-қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, оған балаларды араластыру.

Міне, достар осыдан барып Қазақстандағы тұрмыстық зорлық – зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды. Зорлық – зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі азамат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандаға ескертеді емеспе?
-- Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді» бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар бұл заңды ұмытып кеткен сыңайлы.
- «Ата көрген оқ жонар, әке көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсер мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.
- Дұрыс айтасың Нұрбол «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз» демей ме халқымыз. Отбасындағы ата- ананың мінез- құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанысы десем артық айтқаным емес шығар.
- Ия достар, сонымен қатар, нашақорлық, темекіге, ішімдікке әуестік, бұзықтық жолға түсіп зорлық- зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиян тигізеді деген ой қосқым келеді.
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.
Зорлық – зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік – ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр «л Фараби. «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе – өскен орта, ата-ананың тәрбиесі», «Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет