Термодинамика


Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі23,57 Kb.
#116933
1   2   3
Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану:
ИЗОХОРАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Бұл кезде идеал газдың көлемі (V=const) тұрақты болады.

Қыздырғанда газ ұлғаймас үшін, оның қысымын Р0-ден Р-ға дейін арттрамыз.Р – V диаграммасында бұл процесс ордината осіне параллель түзімен кескінделеді.Изохоралық қыздыру 1-2 түзумен, изохоралық суыну 1-3 түзумен сипатталады.Изохоралық процессте («исос»-тең, «хорема»-сыйымдылық) газ жұмыс істемейді, олай болса берілген жылу толығымен газдың ішкі энергиясын арттыруға(өзгертуге) жұмасалады.
Сонымен dA=PdV=0 болғандықтан, термодинамиканың бірінші бастамасынан Q=∆W немесе dQ=dW деп жазамыз.
ИЗОБАРАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Тұрақты қысымда өтетін процессті (Р=const) изобаралық деп атайды (грекше) («исос»-тең, «барос»-ауыр,салмақ).(10-9) өрнекті пайдаланып, изобаралық процесс кезіндегі жылу өзгерісін жазайық:
dQ=cрmdT
ИЗОТЕРМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
Тұрақты температурада жүретін процессті изотермиялық деп атайды (грекше «термос»-жылу). (Т=const) болғандықтан, газдың ішкі энергиясы өзгермейді,яғни dW=0.
Онда термодинамиканың бірінші заңы dQ= dA болады,яғни газды изотермиялық қыздырғанда оған берілген барлық жылу сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге кетеді.
АДИАБАТАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Бұл процесс табиғатта, жылу двигательдерінде кездеседі.
Қоршаған ортамен жылу алмаспай-ақ жүйе (газ) күйінің өзгеруін адиабаттық процесс деп атайды, яғни dQ=0 (грекшк «а»-жоқ,теріс, «диабойно»- өтемін). dQ=0 болғандықтан термодинамиканың бірінші бастамасын төмендегіше жазамыз:
dA= -dW
яғни адиабаттық процесс кезіндегі сыртқы жұмыс жүйенің (газдың) ішкі энергиясының өзгеру салдарынан жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет