Гүл гүл шоғыры орындаған: Оралхан Жанерке



Дата19.02.2023
өлшемі7,82 Mb.
#69077
түріСабақ
Байланысты:
ГҮЛ ботаника

ГҮЛ ГҮЛ ШОҒЫРЫ

Орындаған: Оралхан Жанерке


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жаратылыстану институты

ГҮЛ

  • Гүл (лат. flos) – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі. Гүлден жеміс пен тұқым дамиды. Жабықтұқымды өсімдіктердің маңызды элементтерінің бірі.

Гүлдің құрылысы

  • Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.

Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді. Аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.

Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді. Аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.

Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді.


Гүлдеп болғаннан кейін тостағанша күлте мен аталықтар қурап түсіп қалады,тек аналық түйіні ғана сақталып ол жеміске айналады.Жемістің ішінде тұқым болады ол түйіннің ішінде дегі тұқым бастамасынан дамиды.Піскен кездетұқымдар жерге түседі,бұлардан келесі жылы жаңа өсімдіктер өсіп шығады.
Аталық және аналық гүлі екі бөлек, бірақ екеуі де бір өсімдіктің бойында кездессе – бір үйлі (жүгері, қияқ, қайың, емен, т.б.), аналық және аталық гүлі жеке орналасса – қос үйлі (терек, тал, зығыр, т.б.), қос жынысты, дара жынысты гүлдері де кездессе – көп үйлі (үйеңкі, шетен т.б.) деп аталады.
Гүл орналасатын сағақтың ұшы гүл табаны, сабақтың гүл орналасқан бөлігі – гүл сағағы, жабық тұқымды өсімдіктердің тостағаншасы мен күлте жапырақшаларынан құралған гүл орамы – гүл серігі деп аталады.

Дерек

  • Өсімдіктің гүлдеу мерзімі жарыққа, температураға, ауаға, топырақ ылғалдығына байланысты. Көптеген өсімдіктердің гүлі күндіз ашылады. Дәрілік, дәм-татымдық өсімдіктерді жинауда, пішен шабуда гүлдеу мерзімін білудің маңызы зор. Гүлдің пішіні, түсі, сондай-ақ тұқым қуалау белгілері өсімдіктердің өзара туыстық қатынасын, өсімдік жүйесін анықтауда кеңінен пайдаланылады.

ГҮЛШОҒЫР

‎Гүлшоғыр – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай


Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады.
Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады.
шашақ
Қалқанша
Жай масақ
шатырша
собық
себет
Шоғырбас
Күрделі гүлшоғыр
сыпыртқы
Күрделі қалқанша
күрделі масақ
күрделі шатыр

Жай гүлшоғыр Күрделі гүлшоғыр

күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады.


масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде),
собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС

  • Гүлсерік деген не? Қызметі қандай?
  • Жауабы: күлте мен тостағаншаның бірігуі. Қызметі- гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан, күннің ыстық сәулелерінен қорғайды.

  • Шашақ гүлшоғыры қалай орналасады?
  • Жауабы: гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүлсағақтары арқылы кезектесіп орналасады.

    • Аталық неден тұрады?
    • Жауабы: тозаңқап пен аталық жіпшесінен тұрады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет