Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері



Pdf көрінісі
бет54/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
 
 
 
 


80 
6.4 Жолдар 
 
С/С++ тілінде Pascal-дағыдай арнайы анықталған жол типті мәліметтер 
жоқ. Символдық жолдар символдар массивтері ретінде ұйымдастырылады, 
ішкі коды нольге тең болатын, соңғысы \0 символы (нолдік байт) болады. 
Осыдан, егер Pascal - да жол өлшемі 255-тен аспауы тиіс болса, онда Си 
тілінде символдық массив ұзындығына шектеу жоқ. Жол символдық массив 
ретінде сипатталады. Мысалы: 
char
STR[20]; 
Сипаттаумен бір уақытта жол инициалдануы мүмкін. Жолды 
инициализациялаудың екі тәсілі бар – жолдық тұрақты көмегімен және 
символдар тізімі түрінде: 
char S[10] = "кітап"; 
char S[] = "кітап"; 
char S[10] = {'к’,’і’,’т’,’а’,’п’,’\0’}; 
Бірінші сипаттау нәтижесінде S жолына 10 байт жады көлемі бөлінеді, 
олардың ішінен алдыңғы 5-уі инициалдау кезінде мәнін қабылдайды 
(алтыншысы – нольдік символ). Екінші сипаттау жеті символдан жол 
қалыптастырады. Үшінші сипаттау нәтижесі бойынша біріншіге теңмәнді 
болады. Сонымен қатар символдық массивті төмендегідей етіп анықтауға 
болады:
char S[10] = {'к’,’і’,’т’,’а’,’п’}; 
яғни соңында нольдік символ болмайды. Бірақ бұл осындай жолды өңдеудің 
мәселесіне келтіреді, себебі оның аяқталуына бағыт болмайды. Жолдың жеке 
символдары индекстелген атаулармен идентификацияланады. Мысалы, 
жоғарыда сипатталған жолда S[0]=”к”, S[5]=”п”. Жолдарды өңдеу барлық 
символдарды басынан соңына қарай іздестірумен байланысты. Мұндай 
іздестіру соңын көрсететін белгі нольдік символ.
6.4.1 Жолдарды енгізу-шығару 
 
Жолдарды консольдан енгізу үшін 
char* gets(char *str )
; функциясы 
қызмет етеді, ол str адресі бойынша жолды жазады және енгізілген жол 
адресін қайтарады. Функция ‘\n’ немесе EOF (файл соңы) символын 
кездестірсе, енгізуді тоқтатады. Жаңа жолға өту символы көшірілмейді. 
Оқылған жол соңына нольдік байт қойылады. Егер сәтті болса, функция 
оқылған жолға көрсеткіш, әйтпесе NULL қайтарады. 


81 
Жолды консольға шығару үшін int 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет