Тәттібеков Қ. С. Раимбаева С.Ә. С/С++ тілінде программалау негіздері


puts() функциясы қолданылды. Бұл функцияның аргументі  ретінде жол аты көрсетіледі. Осы кітапханада  gets()



Pdf көрінісі
бет56/79
Дата15.11.2023
өлшемі1,39 Mb.
#124059
түріПрограмма
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79
puts()
функциясы қолданылды. Бұл функцияның аргументі 
ретінде жол аты көрсетіледі. Осы кітапханада 
gets()
атты пернелер 
тақтасынан жолды енгізу функциясы бар. Енгізу функциясының аргументі 
ретінде жол аты көрсетіледі. 
6.5 Форматталған енгізу-шығару 
 
Мәліметтерді консольға форматты түрде енгізу үшін 
int scanf (const 
char *format, …)
; функциясы қолданылады, ол сәтті аяқталғанда оқылған 
мәліметтердің бірлік санын, кері жағдайда – EOF қайтарады. 
format
параметрі форматтарын енгізу ерекшелігі бар форматталған жолды көрсетуі 
тиіс. Форматтау жолынан кейін болатын аргументтер типтері мен саны 
форматтау жолында көрсетілген енгізу форматтарының саны мен типіне 
сәйкес келуі тиіс.
Егер бұл шарт орындалмаса, онда функция жұмысының нәтижесі 
белгісіз болады. Форматты жолдағы бос орын, '\t', '\n' т.с.с. символдары кірме 
ағынында бір немесе одан да көп бос орындарды сипаттайды, олар басқару 
символдары деп аталады. Тәжірибеде жиі қолданылатын басқару 


83 
символдарына келесі символдар кіреді: бос орын, ‘\t’, ‘\n’, ‘\v’, ‘\f’ және 
басқалары.
Форматты жолдағы литеральдық символдар, % символынан басқасы, 
кірме ағында тура осындай символдардың пайда болуын талап етеді. Егер 
мұндай символ жоқ болса, онда scanf функциясы енгізуді тоқтатады. 
scanf
функциясы кірме ағында бос символдарды өткізіп жібереді. Жалпы 
жағдайда енгізу форматының спецификациясы мынадай болады: 
%[*] [ені] [модификаторлар] типі, 
мұнда ‘*’ символы берілген спецификациямен анықталған өрісті енгізгендегі
бос орынды қалдыруды білдіреді
- ‘ені’ берілген спецификация бойынша енгізілген символдардың 
максималды мәнін анықтайды; 
- ‘модификаторлар’ аргументтер типін нақтылайды;
- ‘типі’ аргументтің типін анықтайды.
Типі келесі мәндерді қабылдай алады:
c – символдық массив, s – символдар жолы, жолдар бос символдармен 
бөлінеді,
d – 10 с/ж таңбасы бар бүтін сан, 
i – таңбасы бар бүтін сан, санау жүйесі алғашқы екі цифраға тәуелді. 
u – 10 с/ж таңбасыз бүтін сан, 
o –8 с/ж таңбасыз бүтін сан,
х, Х – 16 с/ж, таңбасыз бүтін сан, 
e, E, f, g, G – жылжымалы сан,
p – көрсеткішке көрсеткіш,
n – бүтін санға көрсеткіш,
[…] – сканерленетін символдар массиві, мысалы, [A321].
Соңғы жағдайда кірме ағыннан тек квадратты жақшаға алынған 
символдар енгізіледі. Егер квадраттық жақшаның ішіндегі алғашқы символ 
‘^’ болса, онда массивке кірмейтін символдар ғана енгізіледі. Массивтегі 
символдар аралығы ‘-‘ символы арқылы беріледі.
Символдарды енгізгенде жетекші бос символдары мен жолды аяқтайтын 
нольдік байтта енгізіледі. Модификаторлар келесі мәндерді қабылдай алады: 
h – қысқа бүтін, l, L – ұзын бүтін немесе жылжымалы сан, және тек бүтін 
немесе жылжымалы сандар үшін қолданылады.
scanf 
функциясын пайдалану бойынша мысалдар келтірейік. Формат 
спецификаторы алдына, жылжымалы санды енгізуден бастап, бос орын 
символы тұрғанына назар аударыңыз.
#include  
int main() { 
int n; double d = 0.0; char c; char* s; 
printf("Input an integer: ");
scanf("%d", &n);
printf("Input a double: ");


84 
scanf(" %lf", &d);
printf("Input a char: ");
scanf(" %c", &c);
printf("Input a string: "); 
scanf(" %s", &s);
return 1;

Бұл программада жылжымалы нүктесі бар сан инициалданғанына назар 
аударыңыз. Бұл компилятор жылжымалы сандармен жұмысты қолдайтын 
кітапханаларды қосу үшін жасалған. Егер бұл әрекетті жасамаса, онда 
орындау кезеңінде жылжымалы санды енгізгенде қате туындайды.
Мәліметтерді консольға форматты түрде шығару үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет