Тыныс алудың нервтік және гуморалдық реттелуі



бет3/3
Дата27.11.2022
өлшемі318,29 Kb.
#53029
1   2   3

Таза немесе 50 % оттегімен дем алу жүрек, туберкулез ауруларында жағымды әсер етеді. Дегенмен оттегінің мөлшері жеткіліксіз болса да, тым көп болса да адам өміріне қатер туғызады. Яғни адам өмірі “тіршілік газының” мөлшеріне байланысты. 3 атмосферадан жоғары қысыммен таза оттегімен дем алғанда ұстама, өкпенің қабынуы сияқты аурулар пайда болып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қалыпты жағдайда азот оттегін сұйлтатын заттың рөлінде болады. Ал 4 атмосфералық қысым кезінде азот есірткі іспетті есер етеді. Адамда мастану, орынсыз көп сөйлеу, күлкішіл, ақылының нашарлауы, тіпті бұзлуы, бұшық еттердің қызметінің дұыс бағытталмауы, ұытшақтық пайда болады. Сонымен қатар, ауаның құамындағы аз кездесетін газдар (гелий, аргон, ксенон, неон және криптон)да қысым күшейгенде әер етеді.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар.

Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: штангистерде — 4 л, футболистерде — 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда — 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне — 6-8 рет, ал жаттықпаган адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, Бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады.


Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсср ететінін естен шығармаған жөн.
Мұндай терең дем алу жүрекке “массаж” жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет