248
сұлатып салсақ, бір басы терістікке, екінші басы түстікке
қарап орын тебеді. Қозғап өзге жаққа бет бергізіп, қоя берсек,
босатсақ, тағы бір басы терістікке, екінші басы түстікке жатады.
Байлап қоймаса, өз еркімен бұ бетін ине бұзбайды. Магниттің
осы сипатын ұмытпау керек.
Магнит жоқта, адам баласы теңізде ұзап жүзбеген. Ұзап кет-
се, жер жоқ. Бетті күнге, жұлдызға қарап түзеген; күнде, түнде
тұман болса, күн де, жұлдыз да жоқ, теңізде жол да, белгі де
жоқ. Қайда барарын білмеген. Кемені жел айдап барып тасқа
соқса, кеме күл-парша болған.
Магнит жоқта, адам баласы жағадан ұзап теңізде жүзбеген.
Магнит тапқан соң, жоғарыда жазылған екі инені істеп алған.
Магнит ине қалай айналса, бұған бостандық. Магниттің бір басы
терістікте, екінші басы түстікте. Осыған қарап теңізде қайда
бара жатқан бетті білген. Енді теңізде қанша қиырға жүзсе, ада-
су жоқ болған. Жағамен ғана жүзуді тастап талай жаңа теңіз,
талай жаңа жерді тапқан.
Енді кемеде магнит ине болады, мұны камбас дейді. Кеме-
де жүзген жолын өлшейтін өлшеуіш арқан бар. Кеме жүзгенде
шумақтаулы арқан жазылып отырады, қанша жол сумен
жүзгенді, айтып береді.
Енді кемеде жүзіп келе жатып, қамбасқа қарап бетті, арқанға
қанша жүзгенді біледі. Мұны білген соң, кеменің жағадан, бір
белгілі жерден, қай жақта қанша жерде келе жатқаны мәлім
болады.
Достарыңызбен бөлісу: