Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет125/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150
Анизол ірітіндісі
Анизол... бір үлес, спирт (90 градус) 45 үлес, су 50 үлес (5-
інші бет). Үлес жүзден болса, мұның 4 үлесі қайда? Оны надан 
қазақ немен толтырады?
Алмас бір үлес, су мың үлес (6-ншы бет).
Бұл қоспаны надан қазақ қалай жасайды?
Көні сабын 60 мысқал, қара карбол 35 мысқал, карасын 5 
мысқал, су 900 (7-нші бет).
Осы шайындыға бит киімді салып ал дейді. Бұл он-ақ қадақ, 
шелектің үштен бірі ғана болады. Бұған қай киім батады?
Өсітіп те доғдыр ақыл айта ма екен, саулық сақтау комисса-
риаты баса ма екен?
«Қазақтың тұрмысы биттің жайылуына өте жақсы. Не 
үшін десеңіз, бірден «қазақ нас тұрады» деп доғдыр жазады. 
Доғдырлар қазақ тіліне олақ келеді. Не үшін десеңіз: бірден 
орыстың етегінен жем жеген; не үшін десеңіз: жазғанын қазақ 
ұқсын демейді; не үшін десеңіз: не орысша, не қазақша кітап 
оқымайды; не үшін десеңіз: қаламды таяқ деп білмейді.
5) «Жас ұландардың денсаулығын сақтаушы бөлім» – екі бет, 
бір жапырақ. Мұнда орысшадан көшіре салған. 11-інші бабын-
да «гимнастике істе, қыстыкүні шанамен сырғанақ теп» дейді.
Ақсүйек, асық, алтыбақан, ләкіп, доп ойнамаса болмай ма 
екен? Тайға мініп шапса, құлын ұстаса, бие саудырса, ауда-
рысса, күрессе, қысты күні аққала соқса, ағызбақ салса, таудан 


409
таяғына мініп сырғанақ тепсе, ол гимнастикадан кем бе екен? 
Қауға тартып, мал суарысса, қайтеді? Көшкен күні жүк арты-
сып, ат ұстаса қайтеді? Кімнің гимнастикасы мұнан артық екен?
12-нші бабында «арақ ішпе, темекі тартпа» дейді. Бұ да 
доғдырдың шығынсыз ұжымақ бармақ болғаны ғой. Ішпе 
деп өте шығып, қазаққа үгіт жаздық деп мақтанғанша, арақ, 
темекіден саулыққа қандай залал келеді, соны жазған оң ғой.
6) «Ана мен бала» – 29 бет, кітап. Бұ кітапты жазған «до-
ктур» Мананикин, «доктур» Шомбалұлы Мәжит, «доктур» Ер-
мек келіні Рақия, «доктур» Досжанқызы Аққағаз, Есқызы Сара. 
Бұ кітапты да басқарған кісі жоқ: бірі «доктур», бірі «доқтұр», 
бірі «доғдыр» деп келеді. Мұның бірін ғана алу керек қой. Бұл 
сөздердің орнында қазақ қолданған «дәрігер» бар. «Дәрігер» 
деп жазса, қазаққа түсінікті ғой. Қазаққа, түрікке атау тауып 
беремін деп ауыртпалықтар қамқорлар сиез құрып сабылып, 
тамақтан, ұйқыдан қалып жүр. Біз бет-бетімізбен жайламыз.
Бірінші мақала «Үш күндіктің маңызы». Бұл орысшадан 
қазақ тіліне аударылған. Қазақша тілі мынау: «өлімнен қалған 
қазақ баласы, жерден қазып істеген, ауасы жаман, жеткілікті 
жарығы жоқ үйде денсаулығы нашар, денесі нәзік болып өссе, 
жаңа ғана жарыққа шығып келе жатқан қазақ мәдениетіне кім 
ие болады?» (2-нші бет). Қызылордада болсам, осыны жазған 
жігіттен барып, не жазғанын білер едім. Әттең, ауыл арасы 
алыс болды-ау! Осы мақаланың сөзінің бәрі осындай түсінікті. 
Кітапша 5 мың болып басылыпты. Оқушылардың бәрі саулық 
сақтау комиссариатына барып сұраса, үгітіне түсінер еді. «Жер-
ден қазып істеген» үйі қазақша жер үй ғой. Қазақтың үйі тас, 
шым, балшық емес пе? Қазақта қанша жер үй бар? Топасбай 
жолдас-ау, қазаққа мақала жазған соң, қазақтың тұрмысына 
қарасаңшы! «Жаз деді» деп күлге ауната салып, «пісті» деп 
ұстата бергенің қалай?


410
Екінші мақала «Ана мен бала туралы». Мұны жазған «бал-
дар» мен «доғдырды» шығарып қазақ тілін «байытқан» доғдыр 
Шомбалұлы Мәжит.
Мәжит қысқа жазуға Петр Крапоткиннен артық: «Ана мен 
бала туралы» мақаласы талақтай екі бетте төрт жол. Сөз кестесі 
мынау: «балдар үшін: жетім балдарды, тастанды балдарды бағу 
үшін бұрынғы замандағы жетімхана секілді үйлер бар».
Осы Мәжитің қазақ па екен? Көп жолдас болсам да, мына 
мақаласын оқып, қазақтығына күмәндандым. Өсітіп те қазаққа 
үгіт жаза ма екен? Бұл не деген сұмдық? Хат білмеген соң, өзге 
білетін біреуге жаздырмайтын ба?
Шаншардың жігіттері амандаса кеткен жерде: «Қазақша тіл 
білесің бе?» – деп сұрайды. Мәжитке жолықса, не дер еді? Мына 
кітап елге барғанда Мәжитке жолығады-ау! Не дер екен?
Үшінші мақала «Шеше мен баланың денсаулығын сақтау». 
Мұны жазған Рақия.
Қазақтың қатыны өзгеше көп өледі. Бұны «Қазақстанда жүз 
еркекке 20–70 шамалы әйел келетін ояздардан байқауға бола-
ды» (10-ыншы бет) деп Рақия жазады. 20-сы баспада кеткен қате 
болар. 70 те бір ояз [уезд] елді алғанда, болмайтын сан. Қазақтың 
бай табы әйелге де бай, кедей табы әйелге де кедей. Аты жоқ 
кедейдің табында жүз ерге 74 әйел, 25 жылқылы байда жүз 
ерге 111 әйел келеді. Осы да Рақияның айтқанын дәлелдейді. 
Қатынды қалың малға алатын болған соң, кедейде бойдақ ер 
көбейеді; жүкті қатын ауыр жұмыс қылған соң, босанғанда ал-
басты басады, өледі.
Адам баласының есебіне қарағанда, түрік руының, осыған да 
да қосылады [???]. О біздің қаңлы ғой, ер саны әйелден артық 
болады. Мұның неден болатыны білімге қараңғы. Қазақта 
100 ерге 70 әйел келетін ояз жоқ. Бар деген білгіштің дәлелін 
қарастырған оң. Бұл ана мен жазған есепке қарағанда, бір оязда 
[уезде] жылқы тұяғымен жоғалған да болады. Қазақ қанша ке-
дейленсе де, мұндай халге келген жоқ. Рақияның мақаласында 


411
«консультация», «пункттер» со бойда жазылып кеткен. 
Бұлардың не екенін көп сөзбен баяндаған оң еді.
Төртінші мақала «Жаңа туған баланы қалай күту керек?». 
Мұны жазған Аққағаз. Қазақтың қатындарына баланы сағатпен 
еміз деп ақыл айтқан: «Бір рет он бес минут еміз» деп те қойған. 
Сағаты бар қазақ қатынын көрсем, бұйырмасын. Балаға беретін 
суды қасықпен өлшетеді. Аққағаз-ау, о қасығың қай қасық? 
«Тамақты шикі қылмай әбден пісіріп, таза сауыттан беруі тиіс»; 
«баланы шомылдыратын сауытқа кір жууға болмайды» (17-нші 
бет). Бұл бір сауыт па, екі сауыт па?
Қазақтың қатыны: – Бетім-ау, атам[ның] сауыты теңде жа-
тыр, онан балаға тамақты қалай берем, баланы оған қалай шо-
мылдырам? – десе, Аққағаз не дер екен? Сондағы беретін жау-
апты жазған оң еді. Аққағаз жазған «порошоктың» қазақша аты 
«талқан» болады.
Бесінші мақала «Ана мен баланы қорғау жетілігі» [апталығы]. 
Мұны жазған Сара. «Елдің ескілігін біржолата жоя қоям деу 
– алжасқанның ақылы. Әйелдің теңсіздігі сияқты әдет-ғұрып 
салтына байланысқан кемшілікті күні бүгін құрта қоям деуге 
ешқайсымыздың да аузымыз бармайды» (19-ыншы бет) деп 
Сара келеді.
Біздің айтқанымыз осы емей, немене еді? Тілі жақсы мақала 
осы дер едім. «Ауыл жеріндегі», «әлсіз күңі» болмаса, әлді күң 
бола ма? «Ауыл жеріндегі» қазақша «ауылдағы» ғой. «Осы 
газеттің басқа жерлерінде толық жазылған» (21-інші бет) деп 
кітапқа басады.
Кітап басқарылмай басылды деген осы ғой. Мұны басқанда 
Сара қайда? Саулық сақтайтын комиссариат қайда?
Алтыншы мақала «Босанатын әйелдің алдындағы міндеттер». 
Мұны жазған Рақия. Бұл жақсы жазылған.
«Ана мен бала» кітабы жақсы-ақ болар еді. Мұны оқитын 
хат білетін әйел табылса. Хат білетін санаулы әйелдің бәрі 


басқа ұрған байдың үйінде ғана. «Кедеймін» деп 60 жылқы, 
50 сиыр лы бай әкесін, елге имам-молда бай әкесін, аты-шулы 
рулы елді билеген әкесінің атын ұрлап, қой болып, қасқырша 
қапқан інілерінің қатындары ғана хат біледі. Бұл кітап тап 
атағын жамылып бай пайдасына шыққан кітап. Саулық комис-
сариаты «кедейге кітап жазып бастық» деп көкірегін соғар. Ол 
соқырлық. Кітабың таптікі емес, елдікі.
Жоғарыда жазылған Сараның пікіріне құба-құп кітап.
Қыр баласы.
«Жаңа мектеп» журналы, 1926 жыл, № 7–8.
Қызылорда.


413


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет