Төмендегі кестеде кейбір жүгіру пәндерінен әлемдік рекордтар көрсетілген



бет11/57
Дата02.11.2023
өлшемі3,12 Mb.
#121435
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
контекст жинағы физика (2)

Ипподромдағы сайыс
Ипподромдағы ат жарысына барған жанкүйер жарысқа түскен 8 аттың бірінші келгені 3 айналымды 5,7 минутта шауып өткеніне куә болды. Бұл ипподромның бір айналымының ұзындығы радиусы 255 м болатын шеңбер ұзындығына тең.

91.Ипподромдағы жарыс жолының бір айналымының ұзындығы
A) 800 м B) 1200 м C) 1600 м D) 1800 м E) 2000 м

92.Озып келген аттың орташа жылдамдығы
A)  56 км/сағ B)  54 км/сағ C)  51 км/сағ D)  48 км/сағ E)  46 км/сағ

93.Шабандоздардың жарыс кезінде еңкейіп отыру себебі
A) салмағын жеңілдету үшін B) ауаның кедергі күшін азайту үшін
C) жарыс жолын жақсы көріп отыру үшін D) жылдамдығын арттыру үшін
E) инерция құбылысы орындалу үшін

94.Шабандоздардың жарыс кезінде жарыс жолының ішкі жағын алып шабу себебі
A) жылдамдығын көбейту үшін B) орын ауыстыруды азайту үшін
C) үйкеліс күшін көбейту үшін

D) жарыс жолын азайту үшін E) кедергі күшін азайту үшін

95.Жарысқа қатысатын сәйгүліктерді жеңіл тағамен тағалау себебі


A) жылдамдығы тұрақты болу үшін
B) күш барлық аяқтарына бірдей түсу үшін
C) кедергі күшін кеміту үшін
D) үйкеліс күшін азайту үшін
E) үйкеліс күшін арттыру үшін

Аспашам

Қонақ бөлмеге қалалық желіге қосылатын 220 В кернеуде 100 Вт қуат өндіретін, 8 қылсымды шамнан тұратын аспашам ілінген. Үй иесі біраз уақыттан кейін оның барлық шамын дәл сондай жаңа шамдармен алмастырды. Себебі, көп қолданыста болған қылсымды шамдардың кедергілері артатынын оқыған еді.


96.Шамдарды ауыстырған соң аспашамның жарықтылығы
A) артады B) кемиді C) өзгермейді D) 2 есе артады
E) 2 есе кемиді

97.Әр шам тұтынатын ток күші


A) 0,45 А B) 0,56 А C) 0,67 А D) 0,78 А E) 0,89 А

98.Әр шамның кедергісі


A) 22 Ом B) 112 Ом C) 242 Ом D) 484 Ом E) 614 Ом

99.Шамдардың жарықтылығының өзгеру себебі


A) кедергі кемиді B) кернеу артады C) кедергі артады
D) ток күші кемиді E) кернеу кемиді

100.Қылсымды шамдардың кедергілерінің арту себебі


A) қылсымның қалыңдап ұзаруы B) қылсымның қалыңдап қысқаруы
C) қылсымның жіңішкеріп қысқаруы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет