Топ фмк 21-19 Курс: Семестр: 7



бет8/58
Дата31.12.2021
өлшемі323,52 Kb.
#22979
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Директор орынбсары :_____________________

2 дәріс жоспары



Топ ФМК 21-19. 13.09.21 ж.

Пән атау: Апаттар медицинасы.

Оқытушы: Сайитханов С.Н.

Дәрістің тақырыбы: Бейбіт және әскери уақыттағы ТЖ-да халыққа көмек көрсетудің медициналық қызметінің міндеті, принципі, ұйымдастырылуы

Сағат саны: 2 сағат

Сабақ түрі: дәрістік

Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ-да халыққа медициналық көмек көрсету.

  • тәрбиелік: тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету

  • дамыту: бейбіт және соғыс уақытында медициналық көмектің барлық түрін көрсету.

Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

  • ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру


Жаңа сабақты түсіндіру.

 Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде


медициналық көмек ұсыну тәртібі

      1. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек төтенше жағдайдың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.

      2. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға) медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

      3. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілген кезде апаттар медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.

      4. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кездегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақымданушыларды (науқастарды) зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады.

      5. Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның шекараларында, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта шұғыл медициналық көмекті азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, азаматтық қорғаудың апат медицинасы мен медициналық қызметінің құралымдары, сондай-ақ өзінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған аумақтық медициналық ұйымдардың күштері көрсетеді.



            6. Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақта орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

      7. Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының персоналы мен материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкін.

      8. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек іс-шараларын жүргізу үшін алдын ала ұдайы әзірліктегі апаттар медицинасының құралымдары құрылады және ұсталады. Апаттар медицинасының құралымдарын құру тәртібін және жұмыс ережесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      9. Төтенше жағдай аймағынан, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды, одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

      10. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 1) Апаттар медицинасы қызметі – зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар аймағында, төтенше жағдай енгізілген аумақта санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру арқылы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды қадағалау және бақылау бөлімшелері (апаттар медицинасының кезекші – диспетчерлік пункттері), азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық және психологиялық көмек қызметі, денсаулық сақтау жүйесінің шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына келтіру мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметі, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, азаматтық қорғау медициналық қызметінің мекемелері мен құралымдары, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кіреді;

      2) апаттар медицинасының құрамалары – төтенше жағдайлар аймақтарында, төтенше жағдай енгізілген аумақта жұмыс істеуге арналған жасақтар, топтар, бригадалар және шұғыл медициналық көмек көрсету мен медициналық эвакуациялау үшін құрылатын басқа да бөлімшелер;

      3) төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек – төтенше жағдайлар кезінде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның төтенше жағдай режимі енгізілген шекараларында жүзеге асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу іс-шараларының кешенін ұсыну нысаны;

      4) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары – төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары; зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше жағдайлар аймағының (ауданының), төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтың санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялық-құтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы және басқалар болып табылады;

      5) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің түрі – медициналық көмек көрсететін тұлғалардың біліктілігімен өткізілетін орны және қолда бар медициналық жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу–алдын алу іс-шараларының тізбесі;

      6) шұғыл медициналық көмектің көлемі – тіршілік көрсеткіштері бойынша төтенше жағдай аймағындағы, төтенше жағдай режимі енгізілген аумақтағы жағдайдың шарттарына және медициналық эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу іс-шараларының жиынтығы.

Шұғыл жағдайлар кезіндегі халыққа медико- санитарлы көмекті дәл уақытында қамтамасыз ететін өзіндік күші, формалары, құралдары және жұмыс әдістері, өзіндік басшылығы бар денсаулық сақтаудын бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады.

1. Тұтас мемлекеттік саясат көлемінде болуы мүмкін апаттардың алдын алуды, табуды және медико-санитарлық салдарын жоюды жүргізу.

2. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою бойынша жұмысқа басқару орындарын, мекемелер мен жеке құрамды жоғары деңгейде ұйымдастыру, дайындалу.

3. Қалыпты өмірге тез оралу мақсатында мүгедектік пен өлім санын азайту үшін зақымдалғандарға уақытында медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және емдеу, денсаулықтарын қалыпқа келтіру.



  • 4. Апаттың халыққа психоневрологиялық және эмициалдық әсерінің алдын алу мен төмен деңгейге бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу.

  • 5. Апат ауданында халықтың санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жаппай жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.

  • 6. Төтенше жағдайлардың медико-санитарлық салдарын жою кезінде жеке құрамының денсаулығын сақтау. Құтқару бөлімдері қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету.

  • 7. Қаза тапқандарға сот-медициналық сараптау жүргізу.

  • 8. АМО филиалдары базасында шұғыл әрекет ету бригадалары (ШӘЕБ) тәулік бойы кезекшілікті іске асырады. Олар төтенше жағдай туралы хабар түскеннен кейін 15 минут ішінде базадан шығады.

  • ШӘЕБ негізгі міндеті медициналық сұрыптау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, қажет жағдайда оларды көшіруге дайындау – денсаулық сақтау ұйымдарына еріп бару болып табылады.

  • ШӘЕБ жеке құрамы барлық шұғыл жағдай кезінде жедел медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін меңгерген дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер құрамынан жасақталады



1-топ – қоршаған ортаға қауіпті адамдар: психомоторлы қозу барысында және инфекционды аурулар, улаушы және радиациялық заттармен зақымдалушылар;

—2-топ – медициналық эвакуация сатысында жедел көмек қажет ететіндер;

—3-топ – ары қарай эвакуция жасауға жарайтындар;

—4-топ – жеңіл жарақаттанғандар;

—5-топ – өте ауыр жағдайдағы өміріне қауіп төніп тұрған науқастар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет