Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы (жалпы білім беретін орта мектептері үшін) биология 8 сынып Нұр-Сұлтан, 2022 «биология»


-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет10/10
Дата11.03.2022
өлшемі1,7 Mb.
#27632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Бөлім


Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма

*



Тапсырма түрі*

Орындау уақыты,

мин*

Балл*

Бөлім бойынша

балл


Бөліп шығару

8.1.5.1 Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау

Білу және түсіну



3

1

КДЖ/ҚЖ

4

3


8

8.1.5.2 Бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу

Қолдану

2

ҚЖ/ТЖ

4

3

8.1.5.3 Терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау

Білу және түсіну


3

ҚЖ

3

2


Қозғалыс. Биофизика

8.1.6.2 Сүйектің химиялық құрамын, макро және

микроскопиялық құрылысын зерттеу


Жоғары деңгей дағдылары



5

4

ТЖ

4

3


11

8.1.6.4 Буынның әртүрлі типтерінің құрылысы және олардың қызметтерінің арасында байланыс орнату

Қолдану

5

ҚЖ

3

2


8.1.6.5 Бұлшықет ұлпасының түрлері мен олардың қызметтерін сипаттау

Қолдану

6

ҚЖ

1

1


8.1.6.6 Адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану

Жоғары деңгей дағдылары

7

ҚЖ/ТЖ

4

3


8.1.6.8 Сымбаттың бұзылуы және жалпақ жалпақтабандылықтың пайда болу себептерін анықтау

Қолдану

8

ТЖ

3

2






Координация және реттелу

8.1.7.1 Көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

Қолдану


5

9

ҚЖ/ТЖ

4

3


11

8.1.7.3 Көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру

Қолдану

10

ҚЖ

3

2


8.1.7.4 Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтау

Қолдану

11

ҚЖ

2

2


8.1.7.6 Эндокриндік бездер

қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атау


Білу және түсіну


11

КДЖ

1

1


8.1.7.7 Терінің сезімталдығын зерттеу

Жоғары деңгей дағдылары

12

ТЖ

4

3

БАРЛЫҒЫ:







12







40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестесі

«Биология» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Адамда ағзаға керексіз, зиянды заттарды сыртқа бөліп шығару жүйесі дамыған. (а) зиянды заттарды бөліп шығару қызметін атқаратын мүшелер қатарын анықтаңыз.

    1. Өкпе, бүйрек, тері

    2. Ішек, бауыр, бүйрек

    3. Өкпе, тері, эндокриндік бездер

    4. Асқазан, ішек, бүйрек

(b) 1.1 суретте адамның зәршығару жүйесі бейнеленген. Суретте әріптермен белгіленген мүшелерді атаңыз.


Сурет 1.1



[1]




А




В




С




D




[2]


  1. Бүйрек адам ағзасында маңызды қызмет атқарады.


Сурет 2.1


(а) 2.1 суретте А әрпімен белгіленген бүйректің құрылымдық компонентін атаңыз.

[1]

(b) бүйректің адам ағзасындағы атқаратын қызметін түсіндіріңіз.







[2]

  1. 3.1 суретте терінің құрлысы көрсетілген. А және В әріптерімен берілген терінің құрылымдық компоненттерін анықтаңыз және атқаратын қызметтерін сипаттаңыз.


Сурет 3.1




Құрылымдық компонент

Атауы

Атқаратын қызметі

А







В







[2]


  1. Сүйек – қатты, тығыз, серпімді ұлпа. Сүйектің қасиетін оның химиялық құрамымен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.









[3]


  1. 5.1 суретте А әрпімен белгіленген буын түрін анықтаңыз және қозғалыс мүмкіндігін сипаттаңыз.

Сурет 5.1




Буын типі

Қозғалыс мүмкіндігі







[2]

  1. Ішкі мүшелердің және қантамырлар қабырғаларын құрайтын, адам еркіне бағынбай жиырылып созылатын ұлпа. Берілген сипаттама қандай бұлшықет ұлпасына тән екендігін атаңыз.

[1]


  1. 7.1 суретте бұлшықет құрылысы берілген.


Сурет 7.1


(а) бұлшықет жұмысы мен жүйкелер арасындағы байланысты сипаттаңыз.





[1]

(b) бұлшықеттің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты түсіндіріңіз.







[2]


  1. 8.1 суретте үй жұмысын оқып отырған бала бейнеленген. Оның отыру әдеті сымбаттың бұзылуына әкелмеуі үшін сіз оған қандай кеңес беретін едіңіз? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Сурет 8.1







[2]

  1. 9.1 суретте көз алмасының құрылысы бейнеленген.


Сурет 9.1


(а) көз алмасының құрылымдары мен атқаратын қызметтері арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.


Қасаң қабық

Қарашық

Көз бұршағы













  1. Жарық сәулелерін сындырады және шоғырлайды

  2. Жарықты көз алмасының ішіне өткізу

  3. Кеңею және тарылу арқылы жарық мөлшерін реттейді

[1]

(b) көру гигиенасын сақтау – көз қызметінің дұрыс жүзеге асуына мүмкіндік береді. Көру гигиенасының ережелерін сипаттаңыз.







[2]


  1. Көру және есту рецепторлары мен олардың атқаратын қызметтері арасында сәйкестікті анықтаңыз.




Рецепторлар

Атқаратын қызметтері

Көру рецепторлары




Есту рецепторлары




[2]

  1. 11.1 суретте адамның эндокриндік жүйесі бейнеленген.

Сурет 11.1



(а) төмендегі кестеге санмен белгіленген бездерді ішкі секреция, сыртқы секреция және аралас бездер топтарына дұрыс жіктеңіз (аралас бездерді екі бағанға да жазыңыз).


Ішкі секреция

Сыртқы секреция







[2]

  1. 11.2 суретте қалқанша без жұмысының бұзылуынан туындаған ауруға шалдыққан адам бейнеленген.

Сурет 11.2


Суреттегі белгілер қандай ауруға тән екенін анықтаңыз.

    1. Эндемиялық зоб

    2. Кретинизм

    3. Қант диабеті

    4. Базедов ауруы

[1]


  1. Теріде ауырсынуды, температура өзгерісін, қысымды, жанасуды сезетін көптеген рецепторлар орналасқан. Егер адамда жылу мен суықты сезетін рецепторлар жұмысы бұзылса, бұл ағза үшін қандай салдарға әкелу мүмкіндігін бағалаңыз.









[3]

Балл қою кестесі


Сұрақ

Жауаптар

Балл

Қосымша ақпарат

1

(а) А

1




(b) А – бүйрек

В – несепағар С – қуық

D – уретра


2

Әрбір 2 дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі

2

(а) А – қыртысты зат

1




(b) бүйрек ағзада сыртқа шығару, гомеостаз, артериялық қысымды ұстап тұру,

биологиялық-активті заттарды түзу, улы заттарды залалсыздандыру, метаболизм қызметтерін атқарады.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

3

А – май безі – май безінің сөлі тері түктері қабаттары мен түк түбірі эпидермисін майлайды, қорғаныс қызметін атқарады.

В – тер безі – зат алмасу қалдықтарын шығару, терморегуляция.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

4

Сүйек құрамының 1/3 органикалық заттар құрап, серпімділік пен иілгіштік қасиет береді, ал 2/3 бейорганикалық заттар, көбіне кальций тұздары кіреді, сүйекке қаттылық, беріктік қасиетін береді.

3

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

5

Буын типі – шар тәрізді.

Қозғалыс мүмкіндігі - қозғалыс шамасы буындық беттері аудандарының айырмасына байланысты.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

6

Бірыңғай салалы бұлшықет

1




7

(а) жүйкелер ОЖЖ келген импульсты бұлышқетке таратып, бұлшықет сәйкесінше жиырылады немесе созылады.

1

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

(b) бұлшық ет талшықтары (миоциттер) – көп ядролы цилиндр пішінді жасушалар. Бұл бұлшық еттің жиырылуына жауап беретін негізгі құрылым. Жүздеген бұлшық ет талшықтары бірігіп бұлшық ет шоғырларын қалыптастырады. Олар сіңір арқылы сүйекке бекініп, қаңқаны қозғалысқа келтіреді.

2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

8

Жазу дәптері мен оқушының ара қашықтығы 35-40 см болу керек. Кітап оқудағы ара қашықтық та осы шамада. Және кітап оқу үшін арнайы көтергіш құрал пайдаланылуы керек. Жарық балаға сол

жағынан үстел шамы арқылы және жоғарыдан түсүі қажет.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

9

(а) қасаң қабық – В қарашық – С көзбұршақ – А

1







  1. 1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғау.

    1. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.

    2. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.

    3. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.

    4. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.

    5. Кітапты көлікте, жатып оқымау.

2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

10

Көру рецепторлары:

Таяқшалар жарық мөлшері аз (түнгі көрініс) жағдайында қабылдау үшін, ал құтышалар – көз көргіштігі мен түрлі түстерді қабылдау үшін (күндізгі жарық) жауап береді.

Есту рецепторлары:

Кірпікшелі жасушалар механикалық

тербелістерді жүйке импульстеріне айналдырады.


2




11

(a) ішкі секреция – 1,2,4.5.7 сыртқы секреция – 3.6 аралас бездер – 8,9,10

2




(b) D

1




12

Терморецепторлар қоршаған ортаның қолайсыз температурасынан ағзаны қорғауға көмектеседі, ішкі ортаның температурасын сақтауда да маңызды рөл атқарады, сондықтан олардың жұмысы бұзылса, ағза қоршаған орта температурасының өзгерісіне сәйкес жауап беретін өздігінен реттелу механизмі бұзылады.

3

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады




Барлығы

30




    1. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 30
Тапсырма түрлері:

КДЖ - Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар;

ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдауды қажет ететін сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

Нұсқа: 12 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 1 бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар. 4 қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, 7 толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.

4 – тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Тапсы рма саны*

Тапсырма

*



Тапсырма түрі*

Орында у

уақыты, мин*

Балл

*

Бөлім бойын

ша балл

Көбею

8.2.2.1 Тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың

маңызын түсіндіру



Қолдану

3

1

ҚЖ/ТЖ

2

2


6

8.2.1.1 Жануарлардың көбею тәсілдерін салыстыру

Қолдану

2

ҚЖ

2

2

8.2.1.2 Мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз

ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру



Қолдану

3


ҚЖ/ТЖ


3


2


Өсу және даму

8.2.3.1 Эмбрионалдық даму кезеңдерін

сипаттау


Қолдану

1

4


ҚЖ


5


5


5

8.2.3.2 Әртүрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің

дифференциялануын сипаттау



Қолдану

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

8.2.4.2 Ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау

Қолдану

2

5

ТЖ

4

2


5

8.2.4.4 Маңызды мәдени өсімдіктер іріктемелері мен үй жануарлары қолтұқымын сипаттау

Жоғары деңгей дағдылары

6

ТЖ

4

3





8.3.1.2 Су және құрлық экожүйелерін салыстыру

Қолдану

4

7

ҚЖ

3

2

8




Биосфера, экожүйе, популяция

8.3.1.4 Ағзалардың тіршілікке

қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттеу



Жоғары

деңгей дағдылары





8

ТЖ

3

2





8.3.1.5 Жыртқыш-құрбан қарым- қатынасы мысалында популяция

санының өзгеру себептерін анықтау



Қолдану

9

ТЖ

3

2


8.3.1.6 Тірі ағзалардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау

Қолдану

10

ТЖ

3

2


Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

8.3.2.1 Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің

себептерін негіздеу



Жоғары деңгей

дағдылары



2

11

ТЖ

4

3


6

8.3.2.2 Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалау

Жоғары деңгей

дағдылары


12

ТЖ

4



3

БАРЛЫҒЫ:







12







40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Мысал үлгілері және балл қою кестесі

«Биология» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. (а) 1.1 суретте жасушалар бөлінуінің типін анықтаңыз.




Сурет 1.1

А

В

(b) Митоздың көпжасушалы ағзалар үшін биологиялық маңызын сипаттаңыз.

[1]




[1]


  1. (а) 2.1 кестедегі жануарлар түрлерін олардың көбею тәсілімен сәйкетендіріңіз.

кесте 2.1




  1. Жынысты көбею

  2. Жыныссыз көбею

А. Қарапайым амеба

В. Маса

С. Тұщы су гидрасы

D. Үйрек

[1]

(b) жануарлардың жынысты көбею тәсілінің артықшылығын атаңыз.







[1]


  1. 3.1 суретте мүктердің тіршілік айналымы бейнеленген.


Сурет 3.1



(а) суретте мүктің спорофит ұрпағы қандай сандармен белгіленгенін көрсетіңіз.

[1]

(b) гаметофит пен спорофит айырмашылығын сипаттаңыз.







[1]


  1. 4.1 суреттте эмбрионалдық дамудың кезеңдері бейнеленген.


Сурет 4.1 (а) әрбір кезеңді ретімен орналастырып, атаңыз.



Эмбрионалдық

кезеңнің реті



Суреттегі сәйкесті

әріп


Эмбрионалдық кезең атауы

1







2







3







4







5







[2]

(b) 4.2 суретте адам ағзасының жасушалары берілген.




Сурет 4.2


(b)(i) 4.2 суретті пайдалана отырып, А және С әріптерімен не көрсетілгенін анықтаңыз.





[1]

(b)(ii) А және С қай ұрық жапырақшасынан қалыптасатынын атаңыз. Коммитирлену үдерісін түсіндіріңіз.







[2]

  1. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптаудың ерекшеліктерін салыстырыңыз.





[2]


  1. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің 7 шығу орталықтарын бөліп көрсетті. Вавилов бойынша мәдени өсімдіктер шығу орталықтарының аумақтары негізінен таулы аймақтарда орналасуының себебін түсіндіріңіз.









[3]


  1. 7.1 суретте көл мен орман экожүйесі бейнеленген. Экожүйені құрайтын компоненттерді анықтаңыз.


Көл экожүйесі Орман экожүйесі



Сурет 7.1


Компонент

Экожүйе

Көл

Орман

Биотикалық







Абиотикалық







[2]


  1. Тірі ағзалардың тіршілік ету стратегияларының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңыз.




К-стратегия

r-стратегия













[2]

  1. 9.1 суретте 1932-1954 жылдар аралғындағы қоян дарақтарының санының өзгеру қисығы берілген.


Сурет 9.1


(а) 1940-1954 жылдар аралғындағы жыртқыштар санының өзгеруін болжап, жыртқыш жануарлар дарақтар саны өзгерісі қисықтарын жалғастырыңыз.

[1]


(b) жыртқыштар санының өзгеруі құрбандар санының өзгеруіне тәуелділігін түсіндіріңіз.





[1]


  1. 10.1 суретте табиғатта кездесетін симбиоз түрлерінің мысалдары бейнеленген.


Сурет 10.1 Бұл симбиоз түрлерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.







[2]

  1. 11.1 суретте Бамбук аюы көрсетілген. Бамбук аюы немесе Үлкен панда 2016 жылдан бастап жойылып бара жатқан түрден «саны азайып бара жатқан түрлер» санатына ауыстырылды. Бұл адамдардың осы түрді сақтау үшін ұйымдастырған шараларының арқасында мүмкін болды.



Сурет 11.1


Жер бетіндегі биологиялық алуандықты сақтау маңызының дәлелдерін келтіріңіз.









[3]


  1. 2008 жылы құрылған Дүниежүзілік тұқым қорында қазір 1 миллионнан артық тұқым сақталуда және жылдан жылға бұл сан тек өсуде. Дүниежүзілік Тұқым қорының адамзат үшін маңыздылығына баға беріңіз.









[3]

Балл қою кестесі


Сұрақ

Жауаптар

Балл

Қосымша ақпарат

1

(а) А – митоз В – мейоз

1




(b) митоз әрекеті өсу мен регенерация барысының маңызды кезеңі. Аналық жасушадағы митоз барысында пайда болған генетикалық материал жас жасушаларға тең бөлінеді. Жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы генетикалық ақпараттың көшірмесі болып табылады.

1

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

2

(а) Қарапайым амеба – жыныссыз көбею Маса – жынысты

Тұщы су гидрасы – жыныссыз Үйрек - жынысты



1




(b) жыныстық көбею ұрпақтардың генетикалық өзгергіштігіне мүмкіндік береді.

1

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

3

(а) суретте 2n немесе 1,2,3 сандар

1




(b) спорофит - өсімдік немесе балдырдың тіршілік циклындағы диплоидты көпжасушалы кезең. Ол гаплоидты жұмыртқа гаплоидты сперматозоидтармен ұрықтанған кезде пайда болатын зиготадан пайда болады. Гаметофит - спорадан зиготаға дейінгі тіршілік айналымы дамуының жыныстық кезеңі.

1

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

4

(а) 1 – В – екі жасуша

2 – С – 32 жасуша (морула) 3 – А – бластула

4 – Е - гаструла 5 – D –нейрула


2




(b)(і) А. нейрон

С. бұлшықет ұлпасы



1




(b)(іі) А. эктодерма

С. мезодерма



2




5

Қолдан сұрыптау нәтижесінде адам мақсатты түрде өсімдіктер мен жануарлардың жаңа сорттары мен тұқымдарын шығарады. Табиғи сұрыпталуда тіршілік үшін күресте қоршаған ортаның өзгерісіне бейімделген түрлер қалыптасады.

2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

6

Н.И.Вавилов бойынша, мәдени өсімдіктер таулы аймақтардағы жиі өзгеретін қоршаған

орта жағдайлары түрткі болған мутациялар



3

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар

қабылданады






арқасында пайда болды. Осының әсерінен генетикалық әртүрлілік те орын алды.







7




2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

8

К-стратегия артықшылықтары: бәсекеге қабілетті, өмір ұзақтығы жоғары, қоршаған орта жағдайы тұрақты, тұрақты мекен ету ортасы болады.

Кемшілігі: баяу дамиды, аз ұрпақ береді.

r-стратегия артықшылығы: көп ұрақ береді, жыныстық жетілуі тез жүреді, тез таралуға қабілетті.

Кемшілігі: бәсекеге қабілетсіз, ерте жасында өлім-жітім саны көп, тұрақты мекен ортасы болмайды.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

9

(а)




1

Қисықтар 1944 жылға қарай максималды өсіп, кейін күрт төмендеу қажет

(b) құрбандар саны көп болғанда, жыртқыштардың қорегі жеткілікті болып, олардың арасындағы бәсекелестік төмендейді, алайда бұл құрбандар санының азаюына алып келеді. Құрбандар күрт азайғасын қорек үшін бәсекелстік артып жыртқыштар саны азаяды, жыртқыштар азайса, құрбандар саны арта бастайды.

1

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады


Компонент

Көл

экожүйесі



Орман

экожүйесі



Биотикалық

Балдыр, балық, бактериял ар, фитоплан ктон, зоопланкт

он


Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, бунақденелі лер, құрттар, құстар, кемірушілер,

бактериялар



Абиотикалық

Су, су

түбі


Топырақ






10

Ағаш тамырлары мен саңырауқұлақ жіпшелері арасындағы симбиоз – міндетті болып табылады, яғни екі ағза немесе біреуі симбиозсыз тіршілік ете алмайды.

Шаян мен актиния арасындағы симбиоз факультативті, яғни міндетті емес, екі ағза да бір-бірінсіз жеке дара тіршілік ете алады.



2

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

11

Биоалуандылық өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің түрлерін, сондай-ақ олардың бір бөлігі болып табылатын экожүйелер мен экологиялық процестерді қамтиды. Ол сондай-ақ генетикалық әртүрлілікті қамтиды. Биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану адамдардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне, медициналық препараттарға, эстетикалық қызметтерге және т.б. қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін маңызды.

3

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады

12

Өсімдік тұқымдары апат, соғыстан кейін елдің өсімдіктер алуантүрлігін қалпына келтіреді; аштықтан сақтайды; жаңа іріктемелерге генетикалық өзгергіштікті қамтамасыз ете алады.

3

Мағынасы бойынша дұрыс басқа да жауаптар қабылданады




Барлығы

30





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет