Травматология



Pdf көрінісі
бет199/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   297
Екінші  -  емдеу  кезеңі.  Көптік  жарақат  алғанда  ең  маңызды  мақсат  - 
операция  жасаудың  қолайлы  уақыты  мен  көлемін  анықтау.  Операция 
жасаудың асығыстық дәрежесі және көлеміне қарай 4 топқа бөлуге болады. 
Бірінші  топқа мынадай жарақат алған  аурулар жатады: паренхималық 
мүшелер  жарақаттанып  ішке  үлкен  көлемді  қан  қүйылғанда  (бауыр,  көк 
бауыр),  жүректің  тампонадасында,  ашық  невмоторакс,  үлкен  және  тоталды 
гематоракс,  өкпенің  көлемді  жарақаты,  қабырғаның  екі  жақты  "терезе" 
тәрізді  немесе  "клапанды"  сынығы.  Мұндай  аурулар  ауруханаға  өте    ауыр  
жағдайда,  қан қысымы  өте төмен  түрде  түседі. 
Екінші топқа жататындар: көптік жарақатпен түскен аурулар, бірақ көп 
қан  кетпегенде,  дем  алысы  онша  бүлінбегенде  -  іштегі  қуыс  мүшелер 
жарақаттанғанда,  клапанды  пневмотракспен,  бас  сүйегінің  ішіне  қан 
қүйылғанда,  аяқ-қолдың  жарақатының  жабық  түрінде.  Бұл  ауруларға 
операцияны ауруханаға түскеннен кейін бірер сағатішінде жасайды.  
Алғашқы  сағатта  реанимациялық  ем  қолданылады:  гемодинамикалық 
көрсеткіштерді тұрақтандыру, сыртқы демалысын жақсарту керек. 
Үшінші  топқа  тірек-қозғалыс  жүйесінің  ауыр  жарақаттанып,  көлемді 
қан  кетпеген  аурулар  жатады.  Мұндай  ауруларға  операцияны  шоктан 
шығарғаннан  кейін  жасайды.  Қауіпті  болса  да  операцияны    мынадай 
жағдайдарда жасайды: ашық сынықтарды бірінші хирургиялық тазарту үшін 
және аяқ-қолдың көлемді жаншылып оларды сақтап қала алмайтын жағдайда 
ампутация  жасайды.  Жабық  сынықтар  болғанда,  ауруды  жарақат  шогынан 


194 
 
шығарғаннан кейін сынықты операциясыз орнына түсіріп, гипс таңғыш салу 
керек  немесе  сүйек    сынықтарын    біртіндеп    жүкпен    тартып  қойып,  кейін 
сүйек мүйізгегі пайда болғаннан соң гипстіктаңғыш салады. 
Төртінші  топқа  аяқ-қолдың  әр  бөліктері  жеңіл жарақатталған  аурулар 
жатады. 
Ашық 
жарақатта 
бірінші 
хирургиялык 
тазалау, 
емдік 
иммобилизация жасалады. 
Сүйектің  сынығын  операция  жасап  жалғауын  (остеосинтез)  сыныктар 
арасында  қан  тамырымен  жүйке  жаншылу  кауіпі  туғанда  немесе  сынық 
ортасында жұмсақ тіндер қалса жасайды. Жабык сыныктардың 40%-нан көбі 
негізінде  консервативтік  әдіспен  емделеді    (сүйекті  біртіндептарту,  гипстік 
таңғыш салу). 
Кейінге қалдырып жасалатын сүйек жалғауда жоғары бағалы металдык 
бекіткіштерқолданылады. 
Себебі 
металдык 
бекіткіштер 
сүйектің 
сыныктарын  өте  тұрақты  ұстап  бекітеді  де  гипстік  таңғыш  салуды  кажет 
етпейді. 
Ондай  бекіткіштерге  жататындар:  Илизаровтың,  Гудушауридің, 
Калнберздің  қысып-ұзартатын  аппараттары,  темірден  жасалған  пластиналар 
және  басқалары.  Бұл  әдістерді  қолданғанда  ауруды  күту  оңайлайды  және 
ертерек аяғына тұрғызу мүмкіншілігі туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет