194
шығарғаннан кейін сынықты операциясыз орнына түсіріп, гипс таңғыш салу
керек немесе сүйек сынықтарын біртіндеп жүкпен тартып қойып, кейін
сүйек мүйізгегі пайда болғаннан соң гипстіктаңғыш салады.
Төртінші топқа аяқ-қолдың әр бөліктері жеңіл жарақатталған аурулар
жатады.
Ашық
жарақатта
бірінші
хирургиялык
тазалау,
емдік
иммобилизация жасалады.
Сүйектің сынығын операция жасап жалғауын (остеосинтез) сыныктар
арасында қан тамырымен жүйке жаншылу кауіпі туғанда немесе сынық
ортасында жұмсақ тіндер қалса жасайды. Жабык сыныктардың 40%-нан көбі
негізінде консервативтік әдіспен емделеді (сүйекті біртіндептарту, гипстік
таңғыш салу).
Кейінге қалдырып жасалатын сүйек жалғауда жоғары бағалы металдык
бекіткіштерқолданылады.
Себебі
металдык
бекіткіштер
сүйектің
сыныктарын өте тұрақты ұстап бекітеді де гипстік таңғыш салуды кажет
етпейді.
Ондай бекіткіштерге жататындар: Илизаровтың, Гудушауридің,
Калнберздің қысып-ұзартатын аппараттары, темірден жасалған пластиналар
және басқалары. Бұл әдістерді қолданғанда ауруды күту оңайлайды және
ертерек аяғына тұрғызу мүмкіншілігі туады.
Достарыңызбен бөлісу: