Травматология



Pdf көрінісі
бет205/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   297
Жеңіл  шокты  емдеу.  Шынтақ  венасына  сынап  бағанасының  180-
200мм-дей қысыммен шүмектете мына құрамда 250 мл сүйық қүйылады: қан 
алмастырғыш  100  мл,  40%  глюкоза  ерітіндісі  немесе  5%  натрий  хлоридінің 
100  мл  ерітіндісі,  инсулин  3-4  бірлік  өлшемде(егер  глюкоза  енгізілетін 
болса),  витамин  ерітінділері:  6%  В,-2мл,  6%  В6-1    мл,  1%,  С-50  мл,  1% 
норадреналин  ерітіндісі  -  0,5  мл,  0,06%  коргликон-1  мл.  Егер  артериялық 
қысым  жоғарыласа,  тері  қызғылт  тартса,  тамырдың  соғысы  баяуласа  және 
зардап    шегушінің    жалпы  жағдайы  жақсара  бастаса,  онда  шок  одан  әрі 
өрістемейді  деп  үміттенуге  болады.  Артериялық  қысымның,  қалпына  келуі 
баяу болса, қан құю аяқталғаннан кейін ол  қалпына келмесе, онда жоғарыда 
аталған  сұйықтың  тағы  бір  дозасын  жіберу  қажет.  Артериялыққысым 
қалпына келгеннен кейін (сынап бағанасының 110-120 мм) зардап шегушінің 
әр  килограмм  салмағына  новокаиннің    0,5%  ерітіндісін  ұзақ  тамшылата 
венаға құю арқылы алынған нәтижені тұрақтандыру қажет. 
Жеңіл  шокты  қарапайым  жолмен  емдеу  үшін  қан  алмастырғыш  пен 
глюкозаның 40% ерітіндісін теңдей етіп алып, қан алмастырғыш пен натрий 
хлоридінің  5%  ерітіндісіне  норадреналин  қосып  (250  мл  сүйыққа  1% 
ерітіндінің 0,5 мл) пайдалануға да болады. 
Ауыр  шокты  емдеуді  қан  алмастырғыштан  (200  мл),  глюкозаның  40% 
ерітіндісінен  (200  мл),  инсулиннен  (16-8-өлшем),  витаминдер  ерітіндісінің 
комплексінен  (1%  С-100  мл,  6%  В-2мл,  6%  В6-2мл,  1%  РР-  1мл,  0,06% 
коргликон-1мл,  1%  норадреналин-1  мл)  тұратын  қоспаны  (500  мл)  венаға 
ағындата  құюдан  бастаған  жөн.  "Байқап  көру  үшін"  жасалатын  мұндай  ем 
организмнің  шокқа  қарсы  инфузиялық  терапияға  реакциясын  ашып  беруге 
және қорытындысы қандай болатынын болжауға көмектесуі тиіс. 
"Байқап  көруден"  кейін  артериялық  қысым  біраз  көтеріліп,  дұрыс 
нәтиже  берсе,  зардап  шегуші  ауыр  жағдайдан  тез  шығады  деп  есептеуге 
болады.  Шокқа  карсы  шаралардың  барлық комплексін қолдану  арқылы  қол 
жеткен нәтижені тиянақтап, оны дамыту керек. Артериялық қысым қалыпты 
деңгейге келгенше норадреналин қосып (500 мл қан алмастырғышқа 1% 1мл 
ерітінді) венаға қан алмастырғыш жіберген жөн. 
Артериялық  қысымның көтерілуін тежейтін болғандықтан, бұл кезеңде 
ішінде  морфині,  спирті,  новокаины,  аминазині  бар  сұйықтарды  жіберуге 
болмайды. 
Метаболикалық ацидоздың алдын алу және онымен күресу мақсатымен 
натрий  бикарбонатының  4-5%  200-250  мл  ерітіндісін  венаға  тамшылата,  ал 
бүйрек  қызметін  жаксарту  үшін  дене  салмағының  әрбір  килограмына  1-
1,5млдозадан  келетін  маннитолды  венаға  ағындата  жібереді.  Оттегімен  дем 
алдырған да абзал. 
Артериялық  қысым  сынап  бағанасының  110-120  мм  жеткен  кезде, 
онывенаға  новокаинның  0,6  мл/кг  0,5%  ерітіндісін  венаға  енгізу  арқылы 


198 
 
тұрақтандырады.  Соның  нәтижесінде  2-3  сағат  ішінде  қан  айналысы 
тұрақтанады,  тіндер  мен  органдардың  қан  айналысы  жеткілікті  түрде 
қамтамасыз етіледі. 
Шоктан  шығару  үшін  плазма    алмастырғыштарды  емес  электролиттер 
мен  глюкозаның  изотондық  немесе  гипертониялық  ерітінділерін  қолданса, 
жасанды тұрақтандырудың маңызы арта түседі, сонда артериялық қысымды 
жоғары деңгейде ұстап тұрғаннан гөрі оны көтеру жеңілірек. 
"Байқап  көру"  дозасын  ағындата  құю  балалар  мен  қарт  адамдардың 
артериялық 
қысымын 
байқаларлықтай 
көтермесе, 
артерияға 
қан 
алмастырғышты  үздік-үздік  күшпен  сығып  кіргізеді.  Асептика  ережелерін 
сақтай  отырып  анестезия  жасайды  да  кәрі  жілік  немесе  артқы  асық  жілік 
артериясын  жалаңаштайды:пункция  жасайды  (теседі),  сонан  соң  қан 
алмастырғыш  толтырған  жүйені  күшпен  сығып  енгізу  үшін  іске  қосады, 
резеңке түтікшенің бақылаушы әйнек түтікшеден төменірек жағына, инеден 
15-20  см  жоғарырақ  Пеан  қысқышын  салады.  Ампулада  немесе  стандартты 
банкада  сынап  бағанасының  200-250  мм  тең  қысым  пайда  болады;  егер 
жүйеге  ампуланың  орнына  Бобров  аппараты  қосылса,  ондағы  қысымды 
сынап  бағанасының  260-280  мм  жеткізуге  болады.  Резеңке  түтікті  Пеан 
қысқышымен минутына 30 рет қысады. 
Артерия  қысымының  жоғарылау  тенденциясы  айқын  білінген  кезде 
артерияға күшпен айдап енгізу тоқтатылады. 
Қан  алмастырғышқа  витаминдер,  жүрек  дәрі-дәрмектерін  және 
антигистаминдік  препараттар  қосып  құюды  артериялық  қысым  қалпына 
келгенше  жүргізеді,  сонан  соң    жоғарыда  айтылған  тәсілмен  "жасанды 
тұрақтандыру"  жүзеге  асырылады.  Шок  жағдайында  зардап  шегушінің 
артериясына 300 мл қан алмастырғышты күшпен үздік-үздік құю артериялық 
қысымды  байқарлықтай  (сынап  бағанасының  15-20  мм)  көтермесе,  одан  әрі 
емдеуді пайдасыз деп есептеу керек. 
Қан  алмастырғыштардың  мөлшері  артериялық  қысымды  көтеруге 
жеткіліксіз  болған  жағдайларда  глюкозаның  5%  ерітіндісін,  физиологиялық 
ерітіндіні,  гидролизинді,  шокқа  қарсы  ерітінділерін  пайдалануға  болады. 
Егер қан аз кетсе артериалдық қысымды 10-12 минутқа көтеруге болады. Ол 
қайтадан  төмендеп  кетпес  үшін  новокаинның  0,5%  0,6мл/кг  ерітіндісін 
венага, 1% 1 мл ерітіндісін тері астына енгізу керек. Бұлай еткенде қолайлы 
әсер 30 минутқа жуық созылады. 
Шок  кезіндегі  операция  өмірлік  көрсетулер  бойынша  өте  аз:  канның 
ағысын тоқтату, сыртқы тыныс алуды қалпына келтіру үшін, күшейе түскен 
пневмоторакс кезінде жасалады. 
Егде  және  қартайған  адамдардың  тамырларына  қысқыш  салу  аркылы 
сыртқа  қарай  аққан  қанды  тоқтатады,  интубация  жасайды,  күшейе  түскен 
пневмоторакс  кезінде  кеудені  теседі.  Шок  уакытында  жасалған  күрделі 
хирургиялық араласу 100% өлімге соқтырады. 
Аққан  қанды  тоқтату  үшін  артериялық  қысымды  кейде  сынап 
бағанасының  70  мм  жоғары  көтеру  мүмкін  болмаса  да  хирургиялық 


199 
 
араласулар  жүзеге  асырылады.  Операция  гипотониясыз,  ганглионарлы 
блокаданы  қолдану  арқылы  жекіл  наркозбен  жасалады:  норадреналинді 
венаға тамшылата (физиологиялық ерітіндінің 260 мл-ден) жіберу реттеледі, 
сонан соң жүйенің резеңке түтігіне шприцпен 50 мг гексоний немесе 80-100 
мг  пентамин  жіберіледі.  Прессорлык  заттардың  келуін  қысым  сынап 
бағанасының  100-110  мм-де  болатындай  етіп  реттейді.  Қосымша 
ганглиолитиктер  енгізбей-ақ  хирург  2  сағат  бойына  алаңдамай  операция 
жасай  алады.  Егер  қанның  ағысы  тоқтатылса,  жоғалған  қанның  орны 
толтырылса,  қанның  қысымы  операция  кезінде  ғана  емес,  кейде  одан  кейін 
де жеткілікті мөлшерде жоғары дәрежеде қалады. Прессорлық аминдерге қан 
тамырлары сезімтал болмаса, онда бұл тәсілді қолданудың қажеті жоқ. 
Терминалдық  жағдайда  оларға  симптоматикалық  емдеу  жүргізіледі. 
Артериялық  кысым  жоғарылаудың  орнына  кейде  төмендеп,  "байқап  көру 
емі" теріс нәтиже берсе, көмектің көлемі мен шокқа қарсы емдік терапияның 
одан  арғы  жоспары  тактикалық  және  медициналық  жағдайға  байланысты 
болады: қолайлы жағдайда артерияға норадреналин қосылған (1-500) 500 мл 
қан  алмастырғышты  күшпен  енгізу  керек,  ал  бұдан  кейін  де  артериялық 
қысым  жоғарыламайтын  болса,  онда  шокқа  қарсы  терапияны  тоқтатып,  тек 
симптоматикалық емдеуді жүзеге асыру  
керек:  қолайсыз  жағдайда  "байқап  көру  емі"  сәтсіздікке  ұшырағаннан  кейін 
шокқа қарсы шараларды одан әрі жүргізу тоқтатылады. 
Шокқа  қарсы  емнің  дұрыс  нәтиже  бермеуі  зардап  шегушінің  шок 
жағдайында  ұзақ  жатуынан  немесе  кеуде  мен  іш  қуыстары  органдарының 
бүлінуінен (жүректің қанталауы, өкпенің жарылуы, бауырдың мылжалануы, 
бүйрек  үсті  бездеріне  қан  қүйылуы,  құрсақ  қуысының  сыртына  қанның 
жайыла құйылуы, іш қуысына қан кетуі), мидың ауыр зақымдануынан болуы 
мүмкін.  Мұндай  ауруларды  клиникалық  жағдайдың  өзінде  бір  тәуліктен 
кейін,  тіпті  одан  да  көп  уақыт  өткен  соң  шоктан  шығаруға  мүмкіндік 
болатынын, соның өзінде адам шығынының 80 пайызға жетіп, кейде одан да 
асып кететінін есте ұстаған жөн. 
Шокқа  қарсы  терапияның  нәтижелі  болуы  және  соған  орай 
эвакуацияның  кез  келген  этабына  оның  қалай  аяқталатынын  алдын-ала 
болжау  зақымданудың  ауырлығына,  шок  басталғаннан  бергі  өткен  уақытка, 
зардап  шегушінің  жасына,  организмнің емдеуден  кейінгі  реакциясына  және 
дәл сол этаптағы жұмыстың ерекше жағдайларымен анықталады. 
Сонымен  клиникалық  мәліметтерге  сүйенген  алдын  ала  болжау  мына 
ережелер түрінде тұжырымдалуы мүмкін: 
I.  Орта  жастағы  зардап  шеккендерге  ауыр  шокты  емдеу  терапиясы 
жөнінде  кеңейтілген  шараларды  орындау  мүмкін  болған  жағдайда,  шокқа 
карсы терапияны тек артерияға 500 мл қан алмастырғышты күшпен егізумен 
және басқа ісшараларды   жүзеге  асырумен   толықтырылған   "байқап  көру 
емі"  артериялық  қысымды  қалпына  келтірмесе  немесе  оны  қайтадан 
төмендетіп  жіберсе  ғана  тоқтатылуы  керек,  көмек  көрсетудің  көлемі 


200 
 
ықшамдалған  жағдайда, шокқа  қарсы  терапия  "байқап  көру  емі"  сәтсіздікке 
ұшырағаннан кейін аяқталады. 
2.  Көмек  көрсету  көлемі  толық  болған  жағдайда  егде  және  қарт 
адамдардың  спецификалық терапиясы  ешбір  нәтиже  бермеген  "байқап  көру 
емінен"  және  бір  сағат  қан  алмастырғышты  артерияға  күшпен  жібергеннен 
кейін, ал, көмектің көлемі ықшамдалған болса, "байқап көру емі" сәтсіздікке 
ұшыраған  соң  және500  мл  қан  алмастырғышты  артерияға  күшпен  айдап 
еңгізгеннен кейін тоқтатылуы мүмкін,  
балалардағы  шокқа  қарсы  терапия  агонияға  (өлім  алдындағы  жанталасқа) 
дейін  тоқталмауға  тиіс.  Қан  алмастырғыштарға  қоса  консервіленген  қан 
пайдаланады.  Шок  және  елеулі  түрде  қансырау  қосарланған  жағдайда, 
мұның  зардап  шегушілерді  емдеуде  (кесте),  сондай-ақ  балалар  мен  қарт 
адамдардың терапиясы үшін ерекше маңызы бар. 
 
Жоғалтқан қан 
мөлшері, мл 
Меншікті 
салмағы 
Гемоглобин 
бірліктері 
Гематокрит 
500-ге дейін 
1057-1054 
65-62 
44-40 
1000 
1053-1050 
61-50 
38-32 
1500 
1049-1044 
53-38 
30-23 
1500-ден астам 
1044 
43 
23 
 
Уақытпен  санаспай  шокты  аяғына  дейін  емдеу  мүмкіндігі  қан  құюдың 
неғұрлым  тиімді  тәсілдерін  жасауға  (артерияға  күшпен  үздік-үздік  және 
фракциялық  әдіспен  ұзақ  уақыт  тамшылата  венаға  жіберуге)  жағдай 
туғызады; қанды бірден, тіқелей құюды үйымдастыруға да болады. 
Зардап шеккен егде және қарт адамдар шокқа ұшыраған жағдайда келіп 
түсісімен  оларға  гормонотерапияны  (вена  ішіне  50-80  өлшемді  АКТГ  мен 
100-125  мг  гидрокортизонды  тамшылата  жіберуге)  қолдануға  және  одан  әрі 
кестеге сәйксс емдеуге болады. Артериялық қысымды қолдан тұрақтандыру 
үшін  новокаинның  0,5%  ерітіндісінен  басқа  азоттың  шала  тотығымен  /1:1/ 
жалпы  наркозды,  бұлшық  ет  релоксанттарын  /дитилин  80-100  мг  немесе 
диплацин  100-200  мг/  және  АКТГ  пайдалануға  болады.  Қан  тамырының 
тонусына  әр  түрлі  әсер  ететін  бұл  заттар  дәл  осы  жағдайда функционалдық 
жалпы бағытта бірлесе қызмет еткен синергистер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет