Травматология


АРАЛАС ЗАҚЫМДАНҒАНДАҒЫ ШОК ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет206/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   297
 
АРАЛАС ЗАҚЫМДАНҒАНДАҒЫ ШОК ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН 
ЕМДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Бас  сүйек-ми  жарақаты  мен  аяқ-қолдың  көптеген  ауыр  зақымдануы   
қат-қабат келген кезде шокқа байланысты нағыз қиын жағдайлар байқалады. 
Бас  сүйек-ми  жарақатының  өзі  шокпен  өте  сирек  қабаттаса  жүреді,  сөйтіп, 
әдетте  мидың  шайқалу,  жаншылу  синдромында  және  бас  сүйек-ми 
комасында /есін жоғалтқан жағдайда/ ғана көрініс табады. Көп ретте  шокпен 
асқынатын  аяқ-қолдың  жарақатымен  қабаттаса  келген  кезде  шок  пен  бас 
сүйек  жарақатының  белгілері  бір-бірімен  қабаттасып  ішінара  білінбей 
кетеді. Соның ішінде шоктың ең басты белгілері - тахикардиялы артериялық 


201 
 
гипотония  ми  шайқалғанда  және  жаншылғанда  үнемі  анықтала    бермейді. 
Әсіресе бас сүйек-ми комасы мен шоктың диагнозын қою қиын. Тек байқап 
көру үшін артерияға қанды қысыммен жіберу ғана дүрыс шешім қабылдауға 
көмектеседі.  Егер  осы  кезде  артериялық  қысым  артып,  адамның  есі 
кірмейтін  болса,  кома  депнемесе  оның  шокпен    қабаттасқаны  деп  ойлау 
керек.  Егер  қысым  бірте-бірте  көтеріліп,  ауру  адам  есін  жинайтын  болса, 
онда жарақаттық  шок деген  диагноз  қате болмайды. Егер бас сүйек пен ми 
зақымданса,  онда  қосымша  жарақаттық  шоктың  диагнозы  да,  шокқа  қарсы 
ем  толық  көлемінде  жүргізіледі.  Дененің  және  аяқ-қолдың  кең  көлемде 
зақымдануы  мен  кеуде  қуысының  ауыр  жарақаты  қат-кабат  келген  кезде, 
кейде  гипотонияның  басты  себебін  табу  киынға  түссді.  Басты  себеп  шокта, 
тыныс алу жеткіліксіздігі негізіндегі желдеткіш гипоксияда /қабырғалар көп 
жерінен  сынғанда  тыныс  алған  кезде  кеуденің  парадоксальды  қозғалысы, 
өкпенің соққы алуы және жыртылуы, кеуде қуысы орнынан қозғалғанда күш 
түскен  гемопневмоторакс/  жүректің  соққы  алуы  да,  кеуде  қуысының 
эмфиземасы және осы зақымданулардың  кез келген қабаттас түрлері болуы 
да мүмкін. 
Зақымданған кеуде қақпақтары маңайының парадоксальді қозғалыстары 
болған  жағдайда  төс  сүйегі  мен  қабырғалардың  ішке  қарай  ауа  тартуға 
қатысуы  өкпе  вентиляциясының  көлемін  арттыруға,  тіндердің  гипоксиясын 
төмендетуге, артериялық қысымды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Егер 
бұлай  болмаса,  онда  жарақаттық  шок  деген  диагноз  қойылады  да,  тиісті  ем 
колданылады.  Жүректің  соққы  алуының  негізгі  симптомы  минутына  140-
160°-қа  дейін  жететін  компенсатор  типті  тахикардия  болып  табылады.  Ол 
төмен  артериялық  қысыммен  және  өте  маңыздысы  сынап  бағанасының  20 
мм-не  жететін  тамыр  соғысының  аз  қысымымен  жиі  қабаттаса  жүреді. 
Жүректің  соққы  алуынан  болатын  тахикардияның  ерекшелігі  тұрақтылығы: 
оны әдеттегі тәсілдермен басу мүмкін емес. 
Кейде  алғашқы  күні,  ал  кей  жағдайда  2  және3  тәуліктерде  көрінетін 
артериялық  қысымның  қолданылған  емге  карамастан  төмендеуге  бейім 
келетін  тұрақсыздығы  маңызды  белгіге  жатады.  Жүрек  соққы  алған 
жағдайлардың  жартысында  шоктың  немесе  кеуде  қуысы  жаншылуы 
белгілерінің артық болуына байланысты енгізу, цианоз немесе беттің қуқыл 
тартуы  байқалады.  Соққы  кокетке  тимесе,  көбінесе  жүректің  соғу  ырғағы 
дұрыс қалпында калады. Ол зақымданса аритмия пайда болады. 
ЭКГ-да  соққы  алған  аймағынан  миокард  гипоксиясының  белгілі  бір 
дәрежеде  кейбір  жағдайларда  өткізгіштігінің  өзгергендігі  байқалады;  бұл 
белгілер  елеулі  синустық  тахикардиямен  қабаттаса  жүреді.  Жүрек  соққы 
алды-ау  деп  күдіктенгеннің  өзінде  жарақаттық  шокты  емдеу  әдеттегіден 
басқаша  жүргізілуге  тиіс.  Әрбір  жағдайда  шокты  емдеу  кестесіне  түзету 
енгізу өз алдына жүзегс асырылады. 
Ауру  адам  өзінше  тыныс  алуға  көшірілуі  тиіс.  Катты  қансырағанның 
өзінде  артерияға  бір  топтағы  қанды  құюды  сақтықпен,  жоғалған  қанның 
орны  толғанша  бөлшек-бөлшек  мөлшермен  құю  керек,  бірақ  артық  құюға 
болмайды.  Бұл  жағдайда  терапияның  көздеген  мақсаты  артериялық 
қысымды  қалыпты  дәрежеге  жеткізу  болып  табылмайды.  Егер  систолалық 


202 
 
кысым  сынап  бағанасының  80-90  мм-нен  төмен  түспейтін  болса, 
гемотрансфузияны жасамағанның өзі артық. 
Сұйық  жіберу  катаңтүрдешектелуге  тиіс  және  оларды  жылдамдығы 
минутына 40 тамшыдан келетіндей етіп тамшылата жіберу керек. Ең дұрысы 
-  желатинольдің  немесе  полиглюкиннің  төмен  молекулалы  косылыстарын 
пайдалану.  Сұйыққа  инсулин,  В1және  В6витаминдерін,  аскорбин 
кышқылын,  калий  хлоридініц  10%  ерітіндісін  /20  мл/,  ал  өршіген  ацидоз 
кезінде  -  натрий  бикарбонатының  4%  ерітіндісін  араластырған  глюкозаны 
қосқан  пайдалы.  Тәулік  ішінде  енгізілген  сұйыктың  жалпы  мөлшері  1,5 
литрден аспауы тиіс. 
Тахикардия  кезінде,  жыбырлағыш  түрдегі  аритмия  пароксизмальды 
тахикардия  экстрасистолия  пайда болғанда ганглиоблокаторлар  /20 мг-нан 
тілдің  астына  салу  үшін  тәулігіне  3-4  рет  индерал  беру  немесе  1  мл-ден  
бұлшықетке  және  жайлап  венаға/  жіберген  жөн.  Симптоматикалық 
аминдерді-мезатонды  немесе  норадреналинді  венаға  тамшылата  жіберу 
арқылы  пентеминнің  де  /50-80мг/  қолданылуы  мүмкін.  Жүрек-қан 
тамырлары  дәрілерін,  камфора  майын,  кофеинді,  кардиаминді  міндетті 
түрдеқолдану керек. 
Егер  жүректің  күрт  әлсіреуі  /жүрек  демікпесі,  өкпе  ісігі/  сияқты 
құбылыстар  байқалмаса,  онда  алғашқы  сағаттарда  жүрек  глюкозидтерін 
пайдаланбай  тұра  тұрған  жөн.  Жүрек  глюкозидтері  одан  кейінгі  көрсетулер 
бойынша  пайдаланылады.  Жүректің  соққы  алуы  ауыр  шокпен  кабаттаса 
келген  жағдайда  анаболды  ыкпал  ететін  препараттар  /неробол, 
метиландростендиол/ 
косып, 
глюкокортикоидтар 
тобынанстероидты 
гормондар /преднизолон, дезоксикортикостерон/ қолдану ұсынылады. 
Алғашқы 2-3 күн бойына ауру аузымен тамақ жеп, сұйық ішпеуге тиіс. 
Бүкіл  емдеу  кезеңінде  ауа-оттегі  қоспасын  жұтқызу  түрінде  интенсивті 
оксигенотерапия жүргізіледі. 
Жүрек  соққы  алған  кезде  жарақаттың  сипатына  байланысты  қажетті 
операция  тиісті  анестезиологиялық  дайындықтан  соң  және  еңаз  мөлшерде 
тек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жасалуы мүмкін. 
Іш қуыстары жарақаттанғанда және жамбас сынғанда ішке кан кетуден 
немесе  көк  ет  сыртындағы  клетчаткаларға  қан  күйылудан  шок  ауырлайды, 
соның  салдарынан  емдеуге  қарамастан  тамырдың    соғысы  мен  артериялық 
қысым тұрақсыз болады және тұрақтандыруда қиын.  Қансыраумен шок бір-
бірін өзара ауырлатады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет