84
сияқты етіп жараны түбіне дейін қосып алып тігу жөн. Ал оқ тиген болса, не
өкпе жалбырай жыртылса, онда оның жан-жағын кесіп алып тастап, кейде
бұрыштап алып, не өкпенің жартысын, не бүкіл өкпені алып тастауға да
болатын жағдайлар кездеседі. Операциядан кейін 8-ші қабырға арасынан
түтік қалдыру қажет. Кеуде тынысын бір қалыпқа келтіру үшін ең бір
қажетті жағдай – операциядан кейін мойынға вагосимпатикалық блокада,не
перидуралық емдеу жасалады. Егер тыныс жолдары қақырықпен бітеліп
қалса оны мұрын тыныс жолы арқылы жіберілген резеңке түтікпен сорып
алып тазалау керек. Одан да көмек болмаса, онда тыныс жолдарын
(түтіктерін) рентген жасайды (бронхоскопия). Тыныс жолдарының
қабынуынан сақтану үшін мынадай емдер жасау қажет:
1. Вишневскийдің тәсілімен мойыннан 0,5% 40,0 - 60,0мл новокаин
ерітіндісін жіберу не жұлдызша безді Мини тәсілімен блокада жасау.
2. Тыныс гимнастикасын жасау, резеңке шарды ауызбен ауаға толтыру.
3. Антибиотиктермен емдеу, тыныс жолдарына протеолитикалық
ферменттерді жіберу.
4. Керек болса жүрек-тамыр жұмысын жақсартатын дәрі беру.
5. Оттегімен демалдыру т.б.
6. Ауруды төсекте жартылай отырғызып жатқызады, немесе бас жағын
көлбей биіктетіп қою керек.
Достарыңызбен бөлісу: