86
жойылмай тұрады. Оған дейін тыныс шеміршектері түгелдей бітіп кетеді.
Тіккенде жіңішке дөңгелек ине қолдану керек. Егерде ішек болмаса жіңішке
жібек жіппен тігуге болады. Кеңірдекті, тыныс түтіктерін барлық
қабаттарымен ішкі жұқа қабығымен қоса алып тігу керек, жіптің ұшын
сыртынан иненің кірген тесігінің үстінен байлаған жөн.
Тіккен жіптердің арасы 1,5-2 мм-ден аспауы керек. Тігер алдында осы
тыныс түтіктерінің сыртынан екі-үш жерден жіңішке жібек жіппен тартып
ұстап тұрып тігеді. Ең әуелі бұрышынан бастау керек. Ең бірінші артқы
жағын тігу үшін инені түтіктің ішінен сыртқа қарай екі жағынан да өткізіп
алады.Ал оның ұштарын сыртынан байлау керек. Сондай-ақ жанын, содан
соң алдыңғы жағын тігу жеңілге түседі. Тіккен жердің үстін маңындағы
тіндермен өкпе қабынан аздап кесіп алып сонымен тігу керек. Егер өкпе
түгелдей жыртылса, онда оны осы жыртылған жерінен кесіп алып тастайды.
Есте болатын бір жағдай, ешқандай асығыстық жасап қан кетіп жатқан
жерді (қан тамыры, өкпе, не тыныс жолы болсын) қысқашпен қатты қысуға
болмайды. Ол өкпені, тыныс түтіктерін қосымша жарақаттайды.
Сол жақ
өкпені алу тәсілі. Қан кетіп жатқан жерлерді еппен саусақпен қысып, қанды
тоқтатып, маңын құрғатып, тазалап алғаннан соң ғана жекелеп байлау керек.
Үстіңгі өкпе тамырын жоғарырақ ашып, содансоң төменгі өкпе тамырын
ашып, оны жалғасының арасынан бөліп шығарып алғаннан кейін ғана тыныс
түтігін /бронхты/ тігуге кіріседі. Тыныс түтігін жоғарырақ босатып барып
қана кеңірдектің екі айрылған /бөлінген/ жерінің тұсынан тігеді. Ол үшін
дәкемен жүрек қабын және байланған қан тамырларды бір жаққа қарай
итеріп ұстаған жөн. Тыныс жолының /түтіктің/ ұшын бір катар капрон
жіппен тігу керек, тыныс түтігін әуелі үстіңгі жағынан аздап кесіп, ал артқы
жағын неғұрлым ұзындау калдырады. Кескен жерді қолма-қол тігіп отырады.
Алдымен ол жерге йод жағып, 6-8 рет жіппен тігеді. Тігіп алганнан кейін
оның үстінен айналасындағы тіндермен жауып тігу керек. Содан кейін өкпе
қабы арасын жылы фурацилинмен толтырып, наркоз аппараттың қысымын
көтеріп тіккен жерде саңылау қалмағанын тексереді. Саңылау қалса онда ауа
сол жерде әлгі сұйықты көпіршітіп шығады. Онда тағы да жіппен тігіп бекіту
керек.
Достарыңызбен бөлісу: