Травматология



Pdf көрінісі
бет9/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   297
 
ЖАЛПЫ БАЙҚАУ 
Жарақаттанған  адамды  жалпы  байқағанда  мына  жағдайларға  көңіл 
бөлген  жөн  болады:  аурудың  күй-қалпын,  бет-әлпет  түрін,  ауыратын 
жерлерінің  түрін, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының бара-барлығын 
анықтайды.  Бұған  қосымша  мынадай  жағдайларға  көңіл  аударған  жөн: 
сыртқа  қан  шығуы,  құлақтан  қан  кету,  құсықтың  болуы  және  онда  қанның 
араласуы, киімге жұғуы сияқты көзге түсетін жағдайлар. 
Жарақаттанған  және  ортопедиялық  ауруларды  байқағанда  мынадай 
ережені (заңды) ұстау қажет: 

Науқас адам толығымен шешіндірілуі керек. 

 
Науқас  адамның шағымына  қарамай  шешіндірілгеннен  кейін барлық 
денеқұрылыстарын байқау қажет. 

 
Науқасты  байқағанда  аяқ-қолды  бір-бірімен  салыстырып  тексеру 
қажет,  мына  жағдайларға  көңіл  бөлу  керек:  бойына,  қол-аяқтарының  өсіне 
(1,2-суреттер). 
 
1 сурет. Қолдың өсі а). дені сау өсі; б). білектің сыртқа бұрылуы;  
в). білектің ішке бұрылуы.  Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет. Аяқтың өсі: а) дені сау өсі; б) сирақтың ішке бұрылуы; в) сирақтың 
сыртқа бұрылуы. Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж.  
 

 Науқастың тыныштық жағдайдағы және қозғалыстағы қалпы; 

 Аяқ-қол, дене буындарының қозғалыс көлемі; 

 Денеде тесіктің, тыртықтың формасының өзгеруі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет