Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет111/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   218
Түйінді  сөздер:  рухани  жаңғыру,  қоғамдық  сана,  100  жаңа  оқулық,  мәдениетаралық 

коммуникация,  тіл білімі. 

 

Жаңғырудың түпкі мақсаты - мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз механизмдерін тұрақты 



жаңалап  отыруға  қабілетті  жүйеге  айналдыру,  уақыт  талабына  сәйкес  келтіру.  Бұл  тұрғыда 

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  жылдардағы  барлық  ауқымды  жұмыстардың  атқарылуы 

жаңғырту  процесінің  біртіндеп  жүзеге  асырылуы  деуге  болады.  Олар  еліміздің  өз  дамуында 

«Қазақстан    2030  -  Стратегиясын»  қабылдауы,  арайлы  Астананы  салуы,  50  дамыған  елдің 

қатарына  енуі,  ЭКСПО-2017  өткізіп  әлем  жұртшылығына  танылуы.  Ендігі  бағыт  белгілі,  мақсат 

айқын, ол -  Қазақстанның жаһандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге бағытталған елдің Үшінші 

жаңғыруын  іске  асыруы,  әлемнің  30  озық  елінің  қатарына  енуі.  Дегенмен,  ендігі  жерде  бұл 

мақсатқа  жетуде  саяси  жаңғырудың  да,  экономикалық  жаңғырудың

 

да  табысты  болуы  бірінші 



кезекте қоғамдық сананың жаңғыруына тәуелді екендігін түсінуіміз керек 

«Халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін 

бәрінен  бұрын  ескеріп,  бәрінен  жоғары  қойылатын  жұмыс»  -  дейді  А.Байтұрсынов.  Ал,  осы  

рухани  жаңғыру  мен  жаңаруда  жастарға  тәрбие  мен  білім  берудің  рөлі  зор  екені  сөзсіз.  Әр  ел, 

әрбір мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып, яғни заман талабына сай өзгеріп 

отыратыны белгілі. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек 

ететін болса, онда сол қызметке сай бүгінгі жастарды сапалы білім мен саналы тәрбиеге тәрбиелей 

білуіміз керек.  Осы жолда ұстаздар қауымы қосатын үлес – басым болып келеді. Бүгінгі жаңашыл 

жастарды  тәрбиелеуде,  ең  бірінші  міндет,  ол  –  біздің    білім  беру  ұйымдарында.  Білім  беру 

ұйымдарының мамандары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты, сегіз қырлы, бір сырлы мамандар 

болуы  керек.  Жас  ұрпақты  жаңа  қоғам  мүшесі  етіп  білім  мен  тәрбие  беруде  жаңашалыққа 

тәрбиелеу, оны осы Елбасымыз көздеген бағыттарға лайықты мамандар жеткілікті болғанда ғана 

ұлт жоспары толығымен орныдалары анық.  



243 

 

Елбасымыз:  «Қазақстанның  бүгіні  мен  болашағы  –  халқымыздың  ынтымақ-бірлігінде, 



ырыс-құтты  тірлігінде»  -  дейді.  Сол  бірліктің  арқасында  бүгін  еліміз  қарыштап  даму  мен 

әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түскен мемлекеттердің бірі болып отыр. Ендеше 

осы  Елбасымыз  көрсеткен  дара  жолдан  адаспай,  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл»  -  деп  дана 

халқымыз айтқандай, еліміз алға қойған мақсаттарды шешуде  ел болып бірігіп, нақты қадаммен 

алға басқанымыз жөн!   

Елбасының  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласында:  «Біздің  мақсатымыз  айқын,  

бағытымыз  белгілі,  ол  –  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу.  Мақсатқа  жету  үшін 

біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» - деген болатын [2, 

6].  Осы  мақсатқа  қол  жеткізуде  Президентіміз  бірнеше  бағыттарды  белгіледі.  Солардың    бірі  де 

бірегейі - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы еді.  Бұл жобаның 

міндеті  – қазақстандық жастарға жаңа гуманитарлық білім беруге негізделген қазақ тіліндегі 100 

жаңа  оқулық  шығару.  100  жаңа  оқулық  –  бұл  әлемнің  ең  үздік  оқу  орындарында  пайдаланылып 

жүрген оқулықтар, сондықтан да олар  бүгінгі буын қазақ жастарының білімін көтеруге, жаһандық 

өзгерістерді,  әлемдік  экономика  мен  әлеуметтік  саланың  дамуын  терең  ұғынуға,  мемлекеттік 

тілдің қолданыс аясын кеңейтуге жол ашады.  

Жобаны  жүзеге  асыру  үшін  2017  жылы  коммерциялық  емес  “Ұлттық  аударма  бюросы” 

құрылған  болатын.  Жоба  аясында  тарих,  философия,  социология,  психология,  антропология, 

мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік 

салалары  бойынша  әлемнің  ең  үздік  жоғары  оқу  орындарында  оқытылатын  танымал  оқулықтар 

қазақ  тіліне  аударыла  бастаған  еді.  Аударма  жұмыстарына  90-нан  аса  отандық  белгілі  ұстаздар, 

ғалымдар  және  аудармашылар  қатысып  аударма  жұмыстарының  жоғары  деңгейде  жасалуына  өз 

үлестерін  қосқан  болатын.  Отандық  аудармашылардың  арқасында  бүгінгі  күнде  18  кітап  қазақ 

тіліне аударылды. 

Аударылған кітаптардың бірі - «Тіл біліміне кіріспе» кітабы. Бұл оқулық – ағылшын тілінен 

аударылған,  2014  жылғы  оныншы  басылым.  Оқулық  авторлары  –  Виктория  Фромкин,  Роберт 

Родман және Нина Хайамс.  

Авторлары  жайында  мәліметті  толықтырсақ,    бірінші  автор,  Виктория  Фромкин  – 

профессор, Калифорния университетінде бітірушілер бағдарламасының деканы және проректоры, 

Америка  лингвистика  қоғамының  президенті  болған,  Нью-Йорк  ғылым  академиясына  таңдаулы 

мүшесі, екінші автор, Роберт Родман – Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде математика 

саласының магистрі,  лингвистика саласының магистрі және докторы, үшінші автор Нина Хайамс 

–  Бостон  университетінде  журналистика  саласы  бойынша  бакалавр  дәрежесін  алған,  ғылыми 

бағыты  –  балалар  тілінің  дамуы  мен  синтаксис,  Нью-Йорк  штатының  Орталық  университетінен  

лингвистика саласы бойынша PhD докторы  атанған атақты адамдар[3, 5]. 

Бұл  кітап  –  кіріспеден,  12  тараудан  және  арнайы  глоссарийден  тұрады.  Әрбір  тарау 

соңында  қорытынды,  қосымша  оқуға  арналған  әдебиеттер  тізімі,  теориялық  материалды  өз 

бетінше  меңгеруге  арналған  жаттығулар  берілген.  Кітап  келешек  филолог  мамандарға,  тілші 

ғалымдарға, тіл үйренушілерге, әсіресе филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына  

және тілге, біл біліміне қызығатын жалпы көпшілікке қарапайым түрде жазылған оқулық  болып 

табылады.    Ұсынылып  отырған  басылым  кең  ауқымды  аудиторияға  арналған.  Бұл  оқулықтағы 

ақпараттардың  басым  көпшілігі  студенттерге  лингвистика  мәселелері  жөнінде  білім  алуға, 

бұқаралық ақпарат құралдарындағы талқылауларға қатысуға және оқытушылар мен студенттерге 

маңызды  лингвистикалық  зерттеулерден  хабардар  болып  отыруға  көмектеседі.  Егер  студент  тіл 

үйренуге  ниеті  болса,  немесе  әртүрлі  дебаттар  мен  конференцияларға  қатысарда  осы  кітаптан 

көптеген мәлімет алуға болады.  

Ендігі  сөз  болар  кітап,  лингвистика  саласы  бойынша  біздің  кітапхана  қорын  толықтырып 

тұрған 18 оқулықтың бірі - «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» туралы болмақ, бұл кітап 

орыс  тілінен    аударылған.  Авторы  Светлана  Тер-Минасова  –  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу 

мемлекеттік  университетінің  профессоры,  филология  ғылымдарының  докторы,  өзінің  ғылыми 

еңбектері  арқылы  шет  елдерге  танымал  болған,  ол  көптеген  жылдарын  сөйлеудің  табиғатын 

зерттеуге  арнаған,  мәдениетпен  байланысты  тіл  заңдылықтарын  қалыптастыру,  шет  тілдерін 



244 

 

оқыту  әдістемесі  бойынша  жұмыстары  жазған.  Кітаптың  авторы  туралы  шағын  мәлімет  алсақ, 



оқулықтың өзіне оралайық! 

 

Бұл  - «тілді түсіністік құралына, мәдениетті үндестік ұйтқысына»  айналдыратын оқулық. 



Кітап  эпиграфы  белгілі  тіл  мамандары  Е.М.  Верещагин  мен  В.Г.Костомаровтың  «Тіл  және 

мәдениет»  атты  кітабынан  алынған  «Адамдар  бір  тілде  сөйлесе  де,  әрқашан  бір-бірін  түсіне 

бермейді. Оның себебі – мәдениеттер ерекшелігінде» деген сөздерімен басталады. Бұдан біздер тіл 

мен  мәдениеттің  бір-бірімен  тығыз  байланыстылығын  көреміз.  Тілдің  негізгі  қызметі  – 

коммуникация болса, ендігі жерде ол мәдениетаралық болуы тиіс. Бұл  - ХХІ ғасырдың кереметі. 

Қазір  әлем  халықтары  тығыз  араласып,  «шекарасыз  әлем»  жағдайында  өмір  сүруге  ұмтылыс 

жасауда. Ендеше, мәдениетаралық коммуникация  – әр түрлі ұлт өкілдерінің әрқайсысының жеке 

тұлға ретіндегі тілдік және мәдени айырмашылықтарының толық және жан-жақты көрінетін тұсы. 

Мұндай әр түрлі ұлт өкілдері қатысқан  мәдениеттер  тоғысында әр адам жеке тұлға, сол қоғамның 

белді  мүшесі  немесе  белгілі  бір  ұлттық  мәдениет  өкілі,  әрі  осы  әрекеттің   бір  субъектісі  ретінде 

көрінеді.  Қазіргі  кезде    әр  жеке  тұлғаның  бойында  осы  аталған  аспектілердің 

барлығының  жинақталатынына қарамастан мәдениетаралық коммуникация деңгейіндегі әрекеттің 

де өз ерекшеліктері бар. Олай дейтініміз, ол мәдениетаралық деңгейдегі сұхбаттасушыдан тек қана 

сол  сәттегі  қатынас  құралына  айналып  отырған  тілді  білуді  ғана  емес,  сонымен  бірге  сол  елдің 

мәдени  деректерінен  де  хабардар  болуды  талап  етеді.  Ондай  деректер  сол  халықтың  тарихынан, 

мәдениетінен,  діні мен ділінен және т.б.

 

құндылықтарынан  мәлімет береді. Екі жақты немесе көп 



жақты  мәдениеттер  қатынасын  дамыту  –  тек  қана   бір-бірінің  мәдениетіне  түсіністікпен  және 

құрметпен қарағанда ғана мүмкін болады. Біздің қолымыздағы бұл оқулық осындай мәселелерді, 

атап  айтқанда,   әр  түрлі  ұлт  пен  мәдениет   өкілдерінің   өзара  ымыраластық  пен  ынтымақтастық 

жағдайындағы  түсінісуіне  не  керек,  осы  орайда  не  маңызды   деген   мәселелерді  терең  талдап 

көрсетеді [4, 6]. 

Оқулықтың  студенттер  үшін,  шетел,  орыс  және   қазақ  тілдерін  оқытатын  оқытушылар,  

тілші-мамандар үшін, басқа да сала мамандары үшін де көмегі ерекше. Себебі, оқулық кез-келген 

оқырманды  да,  мәдениеттер  тұрғысында  сөйлеушіні  де    тіл,  мәдениет,  мәдениетаралық 

коммуникация  мәселелеріне  қатысты   көптеген  беймәлім  мәселелерден  хабардар  етіп,  олардың 

ерекшеліктері мен маңызын  түсіндіреді. 

Енді  мемлекетіміздің  үштұғырлы  тіл  саясаты  тұрғысынан  қарайтын болсақ,  бұл  оқулықта  

көптеген  тілге,  мәдениетке  қатысты  анықтамалар,    түрлі  жағдаяттар  –  қазақ,  ағылшын, 

орыс   тілдерінде беріледі.  Оқулықта  көтерілетін  мәселелердің  барлығы  ағылшын  тілін  оқытумен 

байланысты беріледі. Мысалдар ағылшын тілінен алынып, орыс тілімен салыстырылып отырады. 

Қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  оқыту  үстінде  де  мұны  тиімді  пайдалануға  болады.  Мысалы, 

ағылшын,  орыс  тілдеріндегі   мысалдардың  қазақ  тіліндегі  баламасын  беру  арқылы   немесе 

берілген материалды келтірілген мысалдарға ұқсас, қазақ тіліндегі мағынасы жақын мысалдармен 

толықтыру  арқылы  ұсынуға  болады.  Қазір  «жеті  елдің  тілін  біліп,  жеті  түрлі  ілім  үйренудің» 

заманы, сондықтан да  бүгінде «мәдениетаралық коммуникация»  термині  зор маңызға ие болып, 

өзекті  терминге  айналып  отыр.  Адамдар  арасындағы  қатынас  негізінен  сөйлесу,  тілдесу  арқылы 

жүретін болғандықтан мәдениетаралық коммуникация  жеке адам үшін де, сала мамандары үшін 

де өте қажет. Осы тұрғыда қазақтың ұлы классигі М. Әуезовтың мына сөздері есіме оралады: «Көп 

ұлттылық, көп тiлде сөйлеу тарихи факт болып отырған бiздiң елiмiзде басқа ұлт өкілдері өздерi 

қатынас    жасайтын  ұлттың  тiлiн,  тарихын,  мәдениетiн  бiлулерi  керек.”  Тілдерді  өзге  тіл  ретінде 

меңгертетін студенттер  өзге елдің мәдени құндылықтарына түсіністікпен, құрметпен қарай білуі, 

мәдениетаралық  коммуникацияда  сол  білімдерін  орынды  пайдалана  білулері  тиіс.  Сол 

себепті   С.Г.Тер-Минасованың  «Тіл  және  мәденитаралық  коммуникация»  атты  оқулығы  жоғары 

оқу  орындарының  студенттері  мен  аспиранттарына  арналған   таптырмас  оқу  құралы,  әрі  бұл 

оқулықтың алғашқылардың бірі болып қазақ тіліне аударылуы қуанарлық жағдай.  

Сөз  соңында  біздің  институтта  оқытылатын  пәндерге  келетін  болсақ  (техникалық  ЖОО 

болғандықтан  бізде  тіл  мен  әдебиет  терең  оқытылмайды),  кейбір  мамандықтардың  типтік  оқу 

бағдарламасы  бойынша  тіл,  мәдениетаралық  қатынас,  халықаралық  байланыс,  іскерлік  қатынас 

деген ұғымдар туралы  осы кітаптан мәлімет алуға болады. Сол сияқты патриотизм мәселелеріне 

қатысты  мәліметтердің,  ертегілердің  қазіргі  заманға  сай  өңдеп  құрастырылған  түрлері,  мақал-




245 

 

мәтелдердің,  фразеологизмдердің  үш  тілде  аудармалары  жақсы,  жоғары  деңгейде  жасалған. 



Оқулықты  кәсіби  қазақ  тілі,  орыс  және  қазақ  тілдері  пәндерінің  тілге,  мәдениетке,  тарихқа 

қатысты кейбір тақырыптарына сәйкес мәліметтер іздеуде пайдалануға болады.  

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын 

тірі  ағза  іспетті.  Ол  өмір  сүру  үшін  заман  ағымына  саналы  түрде  бейімделуге  қабілетті  болуы 

керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, 

барлық  мемлекеттің  алдында  заманға  сәйкес  жаңғыру  міндеті  тұр.  Сынаптай  сырғыған  уақыт 

ешкімді  күтіп  тұрмайды,  жаңғыру  да  тарихтың  өзі  сияқты  жал­ғаса  беретін  процесс.  Екі  дәуір 

түйіскен  өліара  шақта  Қазақстанға  түбегейлі  жаңғыру  және  жаңа  идеялар  арқылы  болашағын 

баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, 

жас  ұрпақ  жаңғыру  жөніндегі  осынау  ұсыныстардың  маңызын  терең  түсінеді  деп  сенемін. Жаңа 

жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің  дамуымыздың  ең  басты  қағидасы.  Өмір  сүру 

үшін  өзгере  білу  керек.  Оған  көнбегендер  тарихтың  шаңына  көміліп  қала  береді»,  −  деп 

Н.Ә.Назарбаев  «Рухани жаңғыру» атты мақаласын қорытындылаған болатын[1, 105]. Елбасымыз 

бұл  мақаласында  -  сананы  жаңғырту  туралы  айта  отырып,  әрбір  қазақстандықты  қазіргі  жылдам 

өзгеріске ұшырап жатқан заманда өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, өзін заманауи бәсекеге қабілетті 

адам ретінде қалыптастыруға шақырады. 

Біздің  жас  буын  –  неткен  бақытты  десейші...!  Себебі  әлемдегі  ең  таңдаулы  жоғары  оқу 

орнында  оқытылатын  кітаптармен  өз  ана  тілінде  таныспақ.  Бүгінгі  күні  әлемдік  экономикалық 

үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе алмақпыз. Сол үшін де білім мен ғылым оқулық арқылы 

келетінін жете түсініп, аударылған жаңа оқулықтармен таныса жүруіміз керек, осы оқулықтардан 

келешегімізге  керегін  санамызға  тоқи  білуіміз  керек.  Сонда  ғана  біз  өркениетті  елдер  көшінен 

қалмаймыз деп сенемін.  

Сөзімді қортындылай келе айтпағым, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа 

оқулық»  жобасы  –  біз  үшін  үлкен  мақсатқа  жол  салатын,  қоғамдық  сананы  жаңғыртудағы  жаңа 

бастама болып отыр. Дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында қолданылатын әлемдегі 

ең таңдаулы оқулықтардың, бүгінгі күнде қазақ тіліне аударылуы біз үшін үлкен мәртебе емес пе?! 

Бұл  оқулықтарды  -    жас  өскелең  ұрпақ,  яғни  жастар  өз  ана  тілінде  еркін  меңгермек.  Осы 

оқулықтар  –  жастардың  сауатты,  ойы  ашық,  пайымы  терең,  бәсекеге  қабілетті  маман  болып 

қалыптасуына  көмегі  тиері  сөзсіз.  Дамыған  елдермен  тереземіз  тең  болу  үшін  жас  ұрпақтың 

рухани  сауатты,  білімді  болғаны  маңызды.  Бұл  оқулықтар  –  біз  үшін,  әлемдік  өркениет  көшінен 

қалмаудың  бір  жолы,  қоғамдық  сананы  жаңғыртудағы  жаңа  бір  белес  болмақ.  Ендеше,  іске  сәт 

қазақ тілді оқырман! 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын ақпараттық-

түсіндіру жұмысы бойынша әдістемелік құрал, Астана, 2017 жыл, 105б. 

2.  Назарбаев  Н.А.,  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық    мақаласы 

Н.Ә.Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2017, 12  сәуір. 

3.  Фромкин  В.,  Родман  Р.,  Хайамс  Н.  Тіл  біліміне  кіріспе,  10-басылым,  Халықаралық 

басылым. Алматы:Ұлттық аударма бюросы 2018 жыл,-608 б. 

4. С.Г.Тер-Минасова ., Тіл және мәдениетаралық коммуникация. – Алматы: Ұлттық аударма 

бюросы, 2018 жыл, - 320 бет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


246 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет