Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет119/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   218
Түйінді  сөздер:  жасампаздық,  интеллектуалдық  қабілет,  көшбасшылық,  прагматизм, 

инновациялық үдеріс.   

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне бүгінде көзді ашып жұмғанша жиырма жеті жылда 



толды.Егемен  Қазақстанның  алғашқы  перзенттері  ел  тізгінін  қолға  алған  дәуір  де  жетті. 

Сондықтан да болар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі 

көзі жастарға, білім беру саласына, мәдениетке бағытталған болуы керек. Бұл аталмыш мақалада 

«ғылым»,  «білім»,  «ұлттық  код»,  «жасампаздық»,  «бәсекелестік»,  «білім  беру  саласындағы 

мәселелер»  тәрізді  ұғымдар  жастарға  бірден-бір  керекті  құнды  ақпараттар.Себебі,  алда  білімді 

мыңды  жығатын  жастардың  заманы  келе  жатыр.  Қазақстанның  болашағы  өсіп  келе  жатқан  жас 

буынның қолында. 

ХХІ  ғасыр  жастары  сандық  әлемге  етене  енбейтін  болса,  Кеңестік  кезеңнің  құрсауында 

болған жас буынның зейіні бірден ауа алмайды. Бұл жердегі басты талап – меңгеру. Қандай сала 

болмасын, қандай ғылым болмасын зейінін салып, қабылдау қасиетін арттырып, кәсіби біліктілігі 

мен маманданған практикасын жіті меңгеру, қолайлы қолдану арқылы жұмыс жасау.  

 «Қазақстанның  болашағы  –  жастардың  қолында»  -  деген  Елбасымыздың  сөзі  ықпалын 

жоғалтқан  жоқ.  Жоғалтпайды  да  деген  ойдамыз.  Бұл  жай  ғана  сөз  емес,  ұрпақтан  –  ұрпаққа 

жалғасын  табатын  құны  бар  ұғым  ретінде  қалары  анық.  Жас  өреннің  билікті  қолына  алуы, 

жаңашылдық  пен  жасампаздықтың  белгісі.  Олардың  сауаттылығы  мен  ел  басқарудағы  түрлі 

методология  тәсілдері  ерекше  маңызға  ие.  Жастар  инновациялық  сананы  жаңғырту  процесінде 

өздерінің  сүбелі  үлестерін  қоса  отырып,  бәсекеге  қабілетті  интеллектуалдық  жаңа 

технологияларды  меңгеру  арқылы  жаңа  заманға  сай  ой  қалыптастырған  тұлға  болған  жағдайда 

ғана, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иық тірестіре аламыз.  



254 

 

Болашақ  психолог  маманы  ретінде  ауқымы  кең,  өте  маңызды  бұл  тақырыпты  жан 



ғылымымен  байланыстыруға  болады.  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мәселелерін  басқару 

істерін, өмірді басқару бойынша маман, ұйымдастыру істері бойынша консультант және мұғалім 

Стивен  Ковидің  «Жеті  дағды»  атты  кітабымен  психологиялық  салыстырмалы  талдау  ретінде 

салыстырып,  Стивен  Ковидің  бұл  кітабы  жетістікке  жетудің  сан  түрлі  амалдарын  қарастыра 

отырып,  әлемдік  деңгейдегі  тәжірбиесін  адамдық  қарым-  қатынастың  жандануына  септігін 

тигізетін негіз ретінде атауға болады. 

Мұндағы бірінші дағды – кез келген жағдайда тұлғаға өте тиімді болып келетін адамның ең 

маңызды дағдыларының бірі - проактивтілік және реактивтілік дағдылары.  

Проактивті  адамдар  көбіне  жігер  күшін  ықпал  ету  процесіне  жұмсайды,  бар  зейінін, 

назарын соған аударады. Олар өз қуаты арқылы ықпалына бағыныштыларға ғана бағыттау арқылы 

белгілі  бір  жетістіктерге  жетеді.  Олардың  табиғаты  оң  және  позитивті  түрде  болып  келеді.  Ал, 

реактивті  адамдар  болса  керісінше,  жігер  күшін  мәселелер  шеңберінде  жоғалтып  алу  арқылы, 

адамдардың  кемшіліктері,  сыртқы  орта  факторларына  назары  ауады.  Осы  дағдыға  сәйкес  қазақ 

елінің  сан  ғасырлық  тарихын  тәжірбиеден  өткізіп  саралай  отырып,  одан  әрі  дамытуды,  білім 

арқылы  көптеген  шыңдарды  бағындырып,  дамыған  көп  елдермен  терезе  теңестіруді  көздеген 

Елбасымыз: Н.Ә.Назарбаев   ең   алдымен халықтың әлеуметін арттыру арқылы, дамыған 30 елдің 

қатарына кіргізуді мақсат етті. [1, б. 1]. 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында:  «Мемлекет  пен  ұлт  құрыштап 

құйылып,  қатып  қалған  дүние  емес,  үнемі  дамып  отыратын  тірі  ағза  іспетті»  -  деген  еді 

Елбасымыз.  Ол  өмір  сүру  үшін  заман  ағымына  саналы  түрде  бейімделуге  қабілеттті  болуы, 

жасампаздық  қасиетке  де  ие  болуы  қажет.  Жаңа  жаһандық  үрдістер  ешкімнен  сұрамай,  есік 

қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғырудың міндеті барлық мемлекеттер 

алдында тұрған миссия. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың 

өзі сияқты жалғаса беретін процесс.  

Екінші  дағдысы  -  жеке  көшбасшылық  қағидалар  негізі  болып  табылады.  Көшбасшылық  - 

басқару  негізінде  құрылады.  Басқару  -  екінші  жаратылыс  ретінде  атауға  болады.  Рухани 

жаңғырудың жеке тұлғаға әсері, жастарға инновациялық тұрғыда мотивацияландыру, бейбіт және 

шуақты өмірге деген талпыныстарын атауға болады.  

Бұл дағдыға байланысты өзіміздің саяси көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев саяси көшбасшылық 

қасиеті  мен  халықаралық  аренадағы  биік  беделіне  Елбасының  қасиеті,  соның  ішінде  өзіндік 

ұстанымына  беріктігі,  нақты  көзқарастығы,  табандылығы  себепші  болған.  Осы  қасиеттер  мен 

жаңаша  интеллектуалдық  тұрғыда  дамыған  жастарды  көшбасшылыққа  даярлау  екінші  дағдыға 

сәйкес келеді.  

Үшінші дағды - істің маңыздылығы. Ең маңызды істер ешқашан төмен маңызға ие істерге 

бағынбайды. Тарихтан өзінше тағылым алу арқылы болашаққа бағдар ала алу маңызды.  

 «Білекті  бірді  жығар,  білімді  мыңды  жығар»  -  демекші  білімді,  көзі  ашық,    сана    сезімі 

жоғары, көкірегі ояу - біздің қанымызда бар асыл қасиеттердің бірі әрі бірегейі. Сол қасиеттердің 

барлығы істің маңыздылығынан туады. Тәуелсіз атану үшін қыруар күш жігер жұмсалды. Елімізде 

білімді,  білікті  азаматтар  «Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  өз  қабілеттерін  арттырып,  істеріне 

мығым екенін дәлелдеді.  

Әр істің маңыздылығын түсіндіру  «Әрбір жасқа қолына күрек алып, шахтаға түс»  - деген 

сөз  емес,  кемел  көшбасшымыздың  «Әрбір  жас  өз  мамандығы  бойынша  отқа  да  суға  да  түсуге 

дайын болу керек» - деп айтқанымен тұспа - тұс келеді. 

Төртінші дағды -  «Жеңді\Жеңді» бағытында ойлану. Яғни, бұл айтып отырғанымыз барлық 

шешімдер бірдей пайдалы және екі жақты да қанағаттандыруы тиіс деген сөз. Биылғы Жолдауда 

кәсіби  техникалық  мамандығының  болашақ  иелеріне  тегін  білім  алуына  қолайлы  жағдай 

жасалатынын және жылма - жыл шәкіртақының өсетіндігін  Елбасының жастарға берген тікелей  

қолдауы деп түсінемін, және де Елбасы жолдауындағы талаптар мен міндеттерді орындай отырып, 

артылған сенінен шыға білуге шақырамын. Бұл жастарға беріліп отырған таптырмас мүмкіндік.  

Бесінші дағды - әуелі түсінуге, кейін түсінікті болуға атты дағдысы. Қандай да бір мәселені 

көтерер  алдында,  оны  бағалау  мен  кеңес  берер  алдында  оны  түсінуіміз  қажет.  Бұл  дағды 



255 

 

тәуелділіктің ерекше күшке ие дағдысы. Бұл дағдыға байланысты прагматизм ұғымын қолданған  



жөн.  

Прагматизм  -  ұлттық,  жеке  байланысты  нақты  білу  оны  үнемді  пайдалана  отырып, 

болашағыңды жоспарлай алу даңқойлыққа жол бермеу. Нақты алға қойған мақсатқа жетуге, білім 

алуға, салауатты өмір салтын ұстануға,  кәсіби тұрғыда біліктілігінің деңгейін ұтымды пайдалану 

мінез - құлық прагматизмі болып табылады.  

Біз қандай да бір ғылыммен айналысатын болсақ, әуелі түсінуге тырысамыз, ізденіс үстінде 

болу  арқылы  түрлі  мағлұматтармен  таныса  отырып,  кейіннен  оны  ұғынып  алып,  жеке  дара 

практикада тәжірбие ретінде қолданамыз.  

Стивен Кови кітабының алтыншы дағдысы - Синергияға жету деп аталады. Синергия - ең 

жоғарғы  дәрежедегі  қызмет.  Шынайы  сынақтан  өткен  барлық  дағдылардың  біріккен  бөлігі. 

Синергия - дұрыс қағида. Ол атап өткен барлық дағдылардың жетістігі болып саналады. [2, б. 15]. 

Ұлттық  салт  -  дәстүр,  музыка,  әдебиет,  мәдениетіміз  бәрі  ұлттық  рух  болып  жастардың 

бойында  қалуы  тиіс.  Абайдың  даналығы,  Әуезовтың  ғұламалылығы,  Құрманғазының  күйлері, 

Жамбылдың  жырлары  осы  дәуірімізге  жеткен  рухани  мәдениеттің  бір  парасы.  Осындай 

даналықтарды  жастар  бойына  сіңіріп  интеллегенттік  тұлға  ретінде  қалыптасу  үрдісінде  болуы 

тиіс. Сол замандағы біздің даналарымыз, дараларымыз болашақ ұрпақтың ғұмырына ерекше көңіл 

аударған.  «Тәрбие  тал  бесіктен»  -  деп  бекер  айтпаған,  баланы  жастан  ұстап  тәлім  тәрбиені 

бойларына  сіңірген.  Болашақ  елдің,  жұрттың  тағдыры  өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  қолында 

болғандығына кәміл сенген бабаларымыз өнегелі тәрбиелерін беруден тынбаған. [3 , б. 4]. 

Соңғы  жетінші  дағды  -  «Араны  ұштастырыңыз»  деп  аталады.  Рухтық  дүниенің  жаңаруы 

көшбасшылыққа жетуге көмектеседі, яғни ол екінші дағдымен тығыз байланысты. Рухтық дүние - 

өзек, орталық, жеке дербес құндылық ретінде қалыптасады.  

Күн санап өзгеріске ұшырап жатқан мына дүниеде сана - сезімімен дүниетанымына сіңісіп 

қалған қағидалардан арылмасақ, көш басында тұрған дамыған мемлекеттермен терезесі  тең, иық 

түйістіре алу мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, жаңа заманға жаңаша түрдегі 

көзқарастармен қадам басқанымыз жөн.  

Н.Ә.Назарбаев мынадай қорытындыға келген: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен 

ерте  заманның  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт  -  дәстүрлеріміз  алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете 

отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашақта сеніммен бет алуын қалаймын». [4 , б. 3]. 

Осы деректерді қарастыра отырып, мына көзқарастарды айтуға болады:  

Біздің  басты  мақсатымыз  айқын  түрде  жүзеге  асуы  тиіс,  бағыт  бағдарымыз  да  белгілі. 

Алдыға  қойған  үлкен  мақсатымыз  -  дамыған  50  елдің  қатарына  қосылу.  Алдыға  қойған 

мақсаттарымыздан  ойымыз  озық  жүруі  тиіс.  Себебі,  жаңа  заманға  сай  интеллегентті  тұлғалар 

болғандықтан  сана  сезім,  ойлау  деңгейі  жоғары  дәрежеде  болуы  керек  деп  санаймын.  Бұл  саяси 

және  экономикалық  тұрғыдан  жаңғыруды  толықтырып  қана  қоймайды,  олардың  орталығына 

айналады.  Алдағы  бір  жылда  гуманитарлық  пәндер  бойынша  әлемдік  деңгейдегі  100  оқулықты 

әртүрлі тілдерден, өз ана тілімізге аударып, жастарға әлемдік білім деңгейімен таныстырып, жан - 

жақты болуға икемдеп, жаңаша түрде ойлауын қалыптастыруға ықпал жасап отыр.  

Жаңа  жағдайда  жаңғыру  -  біздің  яғни  жастардың  дамуының  ең  басты  қағидасы  ретінде 

айтуға болады. Ақпараттық технологияларға негізделген заман болғандықтан, заман ағымына сай 

әрекет жасаған адам тұлғалық дамуын күшейтеді. Адам өзгере білу керек, жасампаздыққа үйрену 

арқылы  көптеген  жетістіктерге  жетеді.  Инновациялық  тұрғыда  интеллегенттік  тұлға  ретінде 

қалыптасу керек, болашақта ұрпақтың да сондай тұлға боларына сенуіміз тиіс.  

Нағыз өз ісінің маманы ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілеті мол, жан - жақты 

білімге  ие,  көптеген  жаңа  инновациялық  бағдарламалар  арқылы,  білімі  арқылы  заман  ағымына 

байланысты  өзін  көрсетуі  тиіс.  Процеске  қатысқан  субъектілердің  барлығы  іс  –  әрекет  негізінде 

анықталады.  Қосымша  жүйе  арқылы  арнайы  бағытқа  мамандануын,  өз  әрекеттері  нәтижесінде 

пайда болған әртүрлі қатынастардың қосындысы ретінде түсіндіріледі. [5 , б. 248]. 

Қазақстан түбегейлі жаңғыру мен қалыптасқан идеялар арқылы болашаққа бағдарлы түрде 

жоспар қояды. Оны іске асыру үшін білімді, білікті, өз ісінің нық шебері, жаңаша түрде дамыған 

жастар  болуы  тиіс.  Осы  тұста  психологиялық  тұрғыдан  қарайтын  болсақ,  инновациялық 

технологиялар дамыған заманда қандай заманды алып қарасақта қазақ елі ұрпағының озық ойлы, 




256 

 

жан-жақты  қалыптасқан  тұлға  ретінде,  тәрбиелі  бас  қасиеттерінің  жаңа  заман  талабына  сай 



болғандығына  ерекше  мән  берген.  Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  лидерді  таңдау  және  дамыту 

мәселелерін  көптеп  көтеріліп  жатыр.  Жастарды  лидерлікке  тәрбиелеу  бағыты  жаңаша  көзқарас 

қалыптастыруға, интеллегенттік тұлға ретінде қалыптасуға өз ықпалын тигізеді.   

Осы деректерді қарастыра отырып, мына көзқарастарды айтуға болады, жастарға күш қуат, 

бойына деген асқан жігер, қайрат беретін, мұралардың мәні мен маңызы қазіргі заманда көкейтесті 

мәселеге айналып отырған жастардың бойында көшбасшылық сапаларын дамытудың негізі екенін 

көруге болады.  

Осы  аталғандар  қоғамда  орныққан  басты  күшке  айналуын  қамтамасыз  ету  керек  деген 

жүйелі  принцип  қалыптастыру  қажет.  Болашақтың  негізі  білімнің  ордасында.  Бүгінгі  бейбітте, 

шуақты  күндерді  бағалай  отырып,  жаңа  биіктерге  ұмтылу  -  жастардың  маңызды  бағыты  болуы 

тиіс. Бүгінгі таңдағы мақсатымыз: жастарды оқу – біліммен, ақылмен жүйелі түрде қаруландыру, 

ақпараттық тұрғыда дамыған интеллегенттік тұлға етіп даярлау.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Eгемен қазақстан. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». № 70, 2017 жыл  

2. Cтивен Кови. "Жеті дағды". - США: Альпина Паблишер, 2007 жыл-205 бет  

3. Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы. 1992 жыл 

4.http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-

bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy 

5. С.Б.Бабаев Жалпы психология . - Алматы: 2014 жыл 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет