Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет134/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218
Түйінді сөздер: рухани жаңғыру, педагогика, білім беру, үздіксіз білім. 

 

Мен  –  қазақпын,  мың  өліп  мың  тірілген,Жөргегімде  таныстым  мұң  тілімен.Жылағанда 



жүрегім  күн  тұтылып,Қуанғанда  күлкімнен  түн  түрілген  деп  ақын  Жұбан  Молдағалиев 

жырлағандай  қазақ  халқы  мың  өліп,  мың  тіріле  отырып  қол  жеткізген  тәуелсіздігіміз  мәңгілік 

жасамақ...  Мәңгілік  ұлт  болу  әр  ұлыстың  арманы  болған  тарихта.  Бүгінгі  күнде  сол  қағиданы 

рухани  жаңғыру  арқылы  жалғастырамыз.  Иә,  мәңгілік  ел  болмақтың  өлшемі  мәңгілік  тұғыр 

болмақ дедік. Ол тұғыр – ұлт. Мәңгілік ұлт арманмен, мұратпен ғана мәңгілік. 

Көшбасшымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  халықтан  қызу  қолдау 

тапқан  кешегі  тұғырнамасын  ширек  ғасырды  артқа  тастаған  Тәуелсіз  Қазақстанның  жаһандану 

дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани 

коды»  дейтін  академиялық  ұғым  кешелі-бүгін  ғана  емес,  Мемлекет  басшысының  ой-санасында 



278 

 

әлденеше  рет  елекке  түскен,  таразыға  тартылған,  сан  жылдардан  бері  сарапталып,  пісіп-жетіліп, 



өзінің  сын  сағатын  күтіп  келген  дүние  екені  даусыз.  Осы  кезеңдерге  дейін  еліміздегі  жүзеге 

асырылған  ірі-ірі  жобалар  мен  стратегиялық  бағдарламалардың  дені  саяси-әлеуметтік, 

экономикалық ендіктерге құрылған болатын. Бәрі де рет-ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып 

келді. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ. 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  –  ұлттық  идеологиялық  бағытымыздың  кепілі[2].  Ұлттық 

дамуымыздың  негізгі  тірегі  болар  осы  үш  концепция  сөзсіз  бір-бірімен  сабақтасып,  тамырласып 

жатқан идеялар. Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың 

бәрін айқындап жаңа тұрпатты тәуелсіз мемлекет құрдық. Алыс-жақындағы алып елдермен саяси-

әлеуметтік,  экономикалық  және  рухани  қарым-қатынасты  жолға  қойдық.  Бұл,  әрине,  бір  ауыз 

сөзбен  түйіп  айтуға  ғана  оңай.  Әйтпесе,  тәуелсіздіктің  осы  ширек  ғасырында  қаншама 

қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен бетпе-бет келгенін 

іштеріңіз  сезеді.  Сол  бір  қысталаң  кездерде  көшімізді  сүріндірмей,  қайығымызды  қайрандатпай 

осы  кезге  дейін  жеткізген  ел  Президентінің  сарабдал  саясаты  екенін  баршамыз  жан  жүрегіміз 

сезіндік, сезініп те келеміз. 

Елбасы  «ХХ  ғасырдағы  батыстық  жаңғыру  үлгісінің  бүгінгі  заманның  болмысына  сай 

келмеуінің  сыры  неде?»  деген  сауалды  жалпы  бұқараға  қоя  отырып,  «Мен  еліміз  мықты  әрі 

жауапкершілігі  жоғары  біртұтас  ұлт  болу  үшін  болашаққа  қалай  қадам  басатынымыз  және 

бұқаралық  сананы  қалай  өзгертетініміз  туралы  көзқарастарымды  ортаға  салуды  жөн  көрдім. 

Халқымның  тағылымы  мол  тарихы  мен  ықылым  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт-

дәстүрлерін  алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете  отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын,  болашаққа 

сеніммен бет алуын қалаймын!» деп кесіп айтты. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға 

құрылған  Елбасы  бағдарламасы  –  рухани  кеңістігіміздің  жаңа  жаңғыруының  жарқын  нышаны! 

«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет»,  «Прагматизм», 

«Ұлттық  бірегейлікті  сақтау»,  «Білімнің  салтанат  құруы»,  «Қазақстанның  революциялық  емес, 

эволюциялық  дамуы»,  «Сананың  ашықтығы»  атты  алты  тармақ  және  «Таяу  жылдардағы 

міндеттер»  атты  екінші  бөлімдегі  ойлар  мен  идеялар  ұлттық  мемлекеттілікті  нығайту  мен 

сақтаудың айқын да нақты көрінісі[1]. 

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.   Тәуелсіздік 

жылдарында  қыруар  жұмыс  жасалды.  Біз  он  мыңдаған  жасты  әлемнің  маңдайалды 

университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының 

басында  қолға  алынған  «Болашақ»  бағдарламасынан  басталды.  Елімізде  өте  жоғары  деңгейдегі 

бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс 

тындырылды.     Дегенмен,  білімнің  салтанаты  жалпыға  ортақ  болуға  тиіс.  Оның  айқын  да, 

бұлтартпас  себептері  бар.  Технологиялық  революцияның  беталысына  қарасақ,  таяу  онжылдық 

уақытта  қазіргі  кәсіптердің  жартысы  жойылып  кетеді.  Экономиканың  кәсіптік  сипаты  бұрын-

соңды  ешбір  дәуірде  мұншама  жедел  өзгермеген.  Біз  бүгінгі  жаңа  атаулы  ертең-ақ  ескіге 

айналатын,  жүрісі  жылдам  дәуірге  аяқ  бастық.  Бұл  жағдайда  кәсібін  неғұрлым  қиналмай,  жеңіл 

өзгертуге  қабілетті,  аса  білімдар  адамдар  ғана  табысқа  жетеді.  Осыны  бек  түсінгендіктен,  біз 

білімге  бөлінетін  бюджет  шығыстарының  үлесі  жөнінен  әлемдегі  ең  алдыңғы  қатарлы  елдердің 

санатына  қосылып  отырмыз.        Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім 

терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші 

орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа 

жетеді.Еліміздің  өркендеп  қанат  жайып  өсіуне,қоғамның  дамуы  мен  заман  ағымындағы  болып 

жатқан  соңғы  жаңалықтар  мен  өзгерістер  білім  беру  саласының  алғашқы  сатысы  болып  жүзеге 

асырылады.Заман талабына сай білім беру саласына да көп көңіл бөлініп отырғаны баршаға мәлім. 

Педагогика  ұзақ  жылдар  бойы  ақпарат  жинау  барысында,педагогикалық  ғылымдардың  салалы 

жүйесіне  айналды.  Қазіргі  заманғы  ғылыми  дифференциацияға,оқытудың  бөліну  аймағындағы 

тенденцияға  енеді.  Оқу  орындарының  оқу-тәрбие  процесіндегі  оқыту,тәрбиелеу  заңдылықтарын 

қарастыратын  ғылыми  базалық  пән  жалпы  педагогика.  Педагогика  –  кең  ауқымды  ғылым.Оның 

шұғылданатын  оқу  және  тәрбие  мәні  мен  олардың  барша  байланыстарын  жеке  бір  ғылым 

шеңберінде  қамту  мүмкін  емес.  Педагогика  дамудың  ұзақ  жолын  басынан  кешіріп,көптеген 

білімдер  жинақтап,бүгінгі  күнде  ғылыми  білімдердің  кең  тармақты  жүйесіне  айналып 




279 

 

отыр.Сондықтан  бүгінгі педагогиканы  тәрбие  жөніндегі  ғылымдар  жүйесі  деп  атаған  дұрыстау 



келеді.Бүгінгі  таңда  білім  беру  әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементтерінің  біріне 

айналуда.Дүниежүзінде  білімнің  әлеуметтік  рөлі  артып,адамның  болашағы  оның  алған  білім 

сапасының  көлеміне,ойлау  деңгейіне  байланысты  болады.  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және азаматтық құндылықтар мен 

практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,білім  беруді 

ақпараттандыру,халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желіге  шығу.»-делінген.Бұл  білім 

мекемелерінің  мұғаліміне  өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,педагогикалық  нұсқаны  кез 

келген үлгімен  құруға  мүмкіндік  береді.Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі 

жасалып,әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.Бұл  педагогика  теориясы  мен  оқу-

тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  қазіргі  білім  беру  парадигмасы 

өзгерді,білім  берудің  жаңа  мазмұны  пайда  болуда.Атап  айтқанда: -Білім  мазмұны  жаңа 

біліктермен,ақпараттарды  қабылдау  қабілеттерінің  дамыуымен,ғылымдағы  шығармашылық  және 

нарық  жағдайындағы  білім  беру  бағдарламасының  нақтылауымен  байи  түсуде;-Ақпараттық 

дәстүрлі  әдістер  ауызша  және  жазбаша,телефон  немесе  радио  байланыс  қазіргі  заманғы 

компьютерлік  құралдарға  ығыстырып  орын  беруде;-Баланың  жеке  басын  тәрбиелеуде,оның  жан 

дүниесінің  руханибаюына,азамат,тұлға  ретінде  қалыптасуына  көңіл  бөлінуде;Қазіргі таңда  қоғам 

білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп 

отыр.  Бұл  мәселе  туралы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев Қазақстан 

халқына  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  жолдауында  былай  деген:  «Біз  білім  беруді 

жаңғыртуды 

одан 


әрі 

жалғастыруға 

тиіспіз. 

Сапалы 


білім 

беру 


Қазақстанның 

индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» [3]. 

 

 

 



1-сурет 

 



280 

 

Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың 



жаңа  деңгейіне  көшуге  байланысты  сапалы  білім  беру  міндеті  мұғалімге  жүктеледі.  Мұғалім 

оқыту  әдістемесіне  жаңалықтарды  енгізіп,  шығармашылықпен  айналысып,  үнемі  өз  білімін 

жетілдіріп  отыру  керек.  Білімді  жаңғыртудың  басты мақсаты  білім  беру  жүйесінің  тұрақты 

дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім 

беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, 

қоғамның  және  мемлекеттің  өзекті  де,  өміршең  қажеттілігіне  сәйкестендіру.  Үздіксіз  білім 

берудегі  математика  рөлі  көзге  ұрып  тұрады[5].  Мәселенің  бәрі  мынаған  келіп  тіреледі: 

математиканы  қалай  оқыту  керек  және  оқу  процесінде  нені  басты  назарда  ұстауға  тиіспіз? 

Математикалық  білімді  қалай  оқыту  туралы  алуан  түрлі  теориялық  ізденістерде  нақты 

практикалық міндеттерді  шешуде математикалық әдістерге байланысты пікірлердің орын алуы  – 

орынды  құбылыс.Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  болып  жатқан  ауқымды  өзгерістер  түрлі 

ынталы  бастамалар  мен  түрлендірулерге  жол  ашуда.Осы  тұрғыдан  алғанда,ұрпақ  тәрбиесімен 

айналысатын  әлеуметтік-педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,оны  жаңа  сапада 

ұйымдастыру 

қажеттігі 

туындайды.Бұл 

үшін 

мұғалімдердің 



инновациялық 

іс-


әрекеттердіңғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі.Ал жаңа технологияларды 

пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып  мүмкіндік  деңгейге  жеткізеді. 

Сондықтан  мұғалімнің  біліктілігін  көтеру  мен  шығармашылық  педагогикалық  әрекетін 

ұйымдастыруда  қазіргі  педагогикалық  технологияларды  меңгеруі  маңызды.Осының  бәрі 

қордаланып  келгенде,  ұстаздар  қауымының  тұрақты  да,  жүйелі  қайта  даярлануы  мен  кәсіби 

біліктілігін көтеріп отырудан хабар береді. Бағдарламаның негізінде оқушылар белсенді іс-әрекет 

иесі  бола  отырып,  өзінің  зерттеулеріне  сүйене  отырып  ой  қорыта  алуы.Оқушылардың 

қызығушылығын қанағаттандыратын «жаңа тұрпатты» сабақ қандай болмақ? Сабақ  – оқушы мен 

мұғалім  арасындағы  білім  алуға  негізделген  үрдіс.  Жеті  модульді  тереңірек  түсіну  –  сабақты 

жаңаша жоспарлауға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Сабақтың мақсатын дұрыс айқындау, 

«мұғалім  —  оқушы,  оқушы  —  оқушы»  коммуникативті  қарым  –  қатынасын  оңтайлы 

ұйымдастыруға  жол  ашады.  Мұғалімді  оқушыға  тек  қана  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

әрбір  оқушының  бойында  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  жолдары  туралы  ізденістер 

толғандырады. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  білім  беру  жүйесіндегі  басым  бағыттардың  бірі  –  жаңаша 

инновациялық көптілді білім беру моделін құру болып табылады. Заманауи мектеп бітірушілеріне 

шет  тілін  сапалы  меңгеру  –  өмірден  туындап  отырған  қажеттілік.  Ғылым  мен  техниканың 

қарқынды дамуы шет тілін еркін меңгеру сұранысын жоғарылатып, теориялық және практикалық 

білімді терең де сапалы меңгеру шеберлік пен дағдысын талап етіп отыр. Көп тілді оқыту негізінде 

бейімдеу  –  дамыған  тұлғаның  әлемдік  өркениетін  кеңістігіндегі  бәсекеге  қабілеттілік  кепілі. 

Қазіргі жастар өздерінің алдына үлкен мақсат қоя біледі. Олар шетелде білім алуды армандайды. 

Қазіргі  мәліметтерге  сүйенсек,  шет  елде  оқуға  талапкерлер  көбінесе  тілдік  мәселеде  қиналады. 

Дәлірек  айтсақ,  нақты  саналатын  пән  терминологиясынан  көп  қиналады.  Себебі,  ол  сөздер 

күнделікті өмірде көп қолдана бермейді. Сол себепті, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту 

заман  талабы.  Осы  бағытта  мектептерде  көп  тілдік  орта  қалыптастыруда  кешенді  әрекеттер 

ұйымдастырылуда. Жекеленген пәндер ағылшын тілінде оқылады. Бұл оқушылардың пәнге деген 

қызығушылығының артуына септігін тигізеді. Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен 

қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде 

сақталатындығы  тәжірибе  жүзінде  дәлелденіп  келеді.  Қайталау  мен  жаттауға  негізделген  білім 

(репродуктивтік)  тек  есте  сақтау  дәрежесінде  болса,  құрастырылған  білім  (конструктивтік)  білім 

үйренушіден  түсіну,  қолдану,  талдау,  ақпарат  негізінде  жаңа  мазмұн  құрастыру  және  бағалау 

сияқты белсенді әрекеттерді талап етеді[4]. 

 

 

 



 

 

 




281 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  

2.  Назарбаев  Н.Ә.  Нұр  Отанның  дамуында  жаңа  белес  басталды.  Мемлекет  басшысы  Н.Ә. 

Назарбаевтің  «Нұр  Отан»  партиясы  Саяси  кеңесінің  кеңейтілген  отырысында  сөйлеген  сөзі  // 

Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008. 

3. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік 

4. Жолдаева Ж.С. «Мәңгілік ел-Мәңгілік Қазақстан». Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 

Республикалық педагогикалық журнал. 2016ж. №1 . 

5. Ғаламтор (желісінен) http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/7242-bilimdi-urpak-el- bolashagy.html  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет