Х.Доспанова атындағы №30 жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы:«Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ұлт »
Куратор: Әлсәрі Д.С.
Практикант: Жалғасбай Н.М.
Орал 2022
Тәрбие сағатының тақырыбы:
“Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел!”
Мақсаты: Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы үшін бірлік пен ынтымақты сақтай біліп, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, жетістіктерін мақтан тұтып, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, газет,журнал қиындылары, кітаптар көрмесі, компьютер.Жолдау туралы слайд және Астана туралы слайд көрсету.
Түрі: тәрбие сағаты.
Тәрбие сағатының барысы:
1-жүргізуші:
- 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйін –тұжырым.
2-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтары! Бүгінгі "Мәңгілік ел - болашағы біртұтас ел" тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
(ҚР Мемлекеттік Әнұран орындалады).
І. Қызығушылықты ояту. Әр топқа «Блиц-турнир» стратегиясы арқылы бұрыннан білетін ақпараттарын еске түсіру. (Слайдта сұрақтарға көмек көрсетіліп жатады).
1-жүргізуші: 1-ші топқа :
1.Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды ? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2.Мемлекеттік рәміздер? (Ту, Әнұран, Елтаңба).
3. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов).
2-жүргізуші: 2-ші топқа :
1.Қазақстан қанша облыстан тұрады? (17 облыс)
2.Елтаңба авторлары кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
3.Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?(Керей, Жәнібек)
1-жүргізуші: 3-ші топқа :
1.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
2. Қазақстан республикасының президенті? (Қ.К. Тоқаев)
4.Ақмола қаласы Астана деп қашан атанды? (1997ж).
1-жүргізуші: Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
2-жүргізуші: Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
2-бөлім Мақал-мәтелдерді жалғастыр
1.Туған жердей –жер болмас, туған елдей ел болмас
2. Бақа суында, басшы
Балық көлінде- басшы
Жігіт елінде – басшы
3.Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, Туып өскен ел қымбат.
4.Бірлік бар жерде - тірлік бар.
5.Ел бірлігі – ел теңдігі.
6.Ынтымақ түбі - бірлік.
3-бөлім «Постермен жұмыс»
1 – топ: Достық ұғымын қалай түсінесіз?
2 – топ: Бірлігі жарасқан ел тақырыбына сурет салу
3 – топ: Қазақстандағы ұлт өкілдері
4-бөлім «Өз еліме қосар үлесім» (3-топтың оқушылары өз ойларымызды ортаға саламыз! Қанатты, нақыл, рухты сөздерімізді айтуға болады.)
Сабақты қорытындылау:
-Сонымен балалар, Мәңгілік Ел болу үшін ертеңгі өскелең ұрпақ ретінде не істеуіміз керек? (Оқушылар бір ғана сөзбен жауап береді.)
ӘН: «Көк тудың желбірегені» (Барлық оқушылар қолдарына ту ұстап тұрып, әнді шырқайды.)
Мұғалім: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры».
-Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
-Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
-Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
-Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
-Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймын.
Сабақта танытқан белсенділіктеріңе рахмет! Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |