Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет25/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
19-Дәріс
Тақырыбы: Жылжыту регистрлері.
Жоспар:

  1. Тізбекті регистрлер.

  2. Синхронизациялануы біртактілі бірфазалық ығыстырушы регистр.

  3. Синхронизациялануы біртактілі қосфазалық ығыстырушы регистр.

  4. Ығыстырушы екітактілік бірфазалық тізбекті регистр.



Дәрістің мазмұны
Тізбекті регистрлер.
Тізбекті немесе ығыстырушы регистрлерге сөз коды тізбекті түрде жазылынады, ол үшін регистрдің синхронизациялайтын кірістеріне ығыстырушы тактілік импульстер тізбегі беріледі. Біртактілі синхронизациясы бар ығыстырушы регистрлерге әрбір тактілеуші импульстің артқы фронты берілгенде, ондағы сөз толығымен оңға бір разрядқа жылжыйды (үлкен разрядтардан кіші разрядатарға қарай). Реверсивті регистрлерде сөз коды, жылжу бағытын анықтайтын басқарушы сигналдардың мәндеріне байланысты, оңға немесе солға жылжиды (кіші разрядтардан үлкен разрядтарға қарай немесе керісінше).
Синхронизациясы біртактілі және ақпаратты бірфазалы қабылдауышы бар ығыстырушы регистрдің қарапайым сұлбасы 4.12-суретте көрсетілген.

4.12-сурет. Синхронизациялануы біртактілі бірфазалық ығыстырушы регистр
Бұл регистр біртактілік D тригтерлер негізінде жасалынған, триггерлердің саны регистрге жазылатын сөздер кодының разрядтылығына сәйкес. Бір бірімен тізбекті жалғанған триггерлер арасындағы байланыстар бірфазалы және регистрге сөзді жазу бір арна арқылы жүргізіледі. Барлық триггерлердің тактілеуші кірістері ортақ шинаға біріктірілген. Ол шина регистрдің синхро­низациялайтын кірісі болып табылады. Сұлбадағы қолданылған триггерлер ішкі кідірісі бар біртактілік екісатылы болғандықтан, регистрдің синхронизациялайтын кірісіне келген әрбір тактілеуіш импульс, соңғы фронтымен, сөз кодының кезектегі разрядын регистрдің үлкен разрядына жазып, регистрдегі сөз кодын оңға бір разрядқа жылжытады.
Біртактілік ығыстырушы регистрге N разрядты сөз кодын жазу үшін, оның синхронизациялау кірісіне N тактілік импульсті беру керек. D-типті триггерлерде жасалынған бірфазалық ығыстырушы регистрлер байланыстар саны жағынан тиімді. Алайда RS- және JK-типті тригтерлерде орындалған қосфазалық ығыс-тырушы регистрлер бөгеулерге төзімдірек.
4.13-суретте RS-типті ішкі кідірісі бар біртактілік триггерлер негізінде жасалынған, біртактілік импульспен синхронизациялатын, қосфазалық ығыстырушы регистрдің сұлбасы келтіріген.

4.13-сурет. Синхронизациялануы біртактілі қосфазалық ығыстырушы регистр
Қосфазалық ығыстырушы регистрлерде, бірфазалық регистрлердегідей, разрядты триггерлер бір-бірімен тізбектей жалғанған. Ал олардың тактілеуші кірістері синхронизациялайтын ортақ "С" шинаға қосылынған. А сөзінің кодасын қосфазалы жазу және оны оңға жылжыту "С" шинасындағы тактілеуші импульс арқылы жүзеге асады.
Ығыстырушы регистрлерде, сигналдардың уақыт бойынша бәсекелес таралу мәселесін болдырмау және олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, тактілеуші импульстердің артқы фронтымен ауысып қосылатын ішкі кідірісі бар, біртактілік триггерлерді міндетті түрде қолдану керек.
Практикада көптактілік синхронизациясы бар ығыстырушы регистрлердің арасында негізгі және қосымша (еске сақтаушы) регистрлері бар екі тактілік регистрлер пайдалынады. Бұл регистрлер, тактілейтін импульстердің деңгейімен синхронизацияланатын, D-, DV-, және RS-типті бірсатылы триггерлер негізінде құрылған. [5].
4.14-суретте бірсатылы бірфазалық (ақпаратты инверсті жазатын) D триггерлерде жасалынған, сөз кодын екі тактілік импульспен ығыстырушы, тізбекті регистр сұлбасы көрсетілген. D триггерлер, ТТЛ ИС базисінде жүзеге асырылған, ЕМЕС, ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ логикалық элементтерінен құрастырылған. Регистрдегі сөз кодын оңға бір разрядқа жылжыту үшін екі тактілік импульсті тізбекті түрде беру керек.

4.14-Сурет. Ығыстырушы екітактілік бірфазалық тізбекті регистр


D кірісі инверсті триггерлерде жасалынған регистрлер жұмысының ерекшелігі – сөз кодасын қосымша регистрден негізгі регистрге, бірінші тактілік импульс арқылы (C1=1, C2=0) көшіріп жазу, кодты терістеу негізінде жүзеге асырылады.


Мысалы, егер, еске сақтайтын регистрдің екінші және үшінші разрядтар триггерлерінің жағдайларын сипаттайтын, Q3 және Q2 сигналдары сәйкесінше “1”-ге және “0”-ге тең болса, онда ол сигналдардың теріс мәндері C1=1 импульсімен негізгі регистрдің ұқсас разрядтарының триггерлеріне көшіріліп жазылады, яғни Q2M=0 және Q1M=1. Бірақ, негізгі регистр триггерінен қосымша регистр триггеріне C2=1, (C1=0) тактілік импульсі арқылы ақпарат жазылып жатқан кезде, кодтың екінші рет терістелуі арқасында регистрдің разрядтары арасында сөз кодын тасымалдау тікелей кодта жүргізіледі. D триггерлерде орындалған екітактілік синхронизациясы бар ығыстырушы регистрдің бұл қасиеті керек болған жағдайда негізгі және қосымша регистрлердің триггерлерінің шығыстарынан ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.
Практика жүзінде қолданылып жүрген регистрлердің көп бөлігін ығыструшы регистрлер құрайды, себебі олар ақпаратты сақтаушы қатар, параллель кодты тізбектіге және керісінше, тура кодты кері кодқа және керісінше түрленуді қамтамасыз етеді, арифметикалық және логикалық операцияларды, уақытша кідіруді және жиіліктің бөлінуін орындайды.



Төртразрядты ығыстырушы реверсивті параллельді регистр


Ығыструшы регистрді бірнеше триггерді байланыстра отырып алуға болады. Триггер – жады элементінен тұрады. Оның дәл осы қасиеті ығыструшы регистрлерді жеке логикалық элементтерден немесе триггерлерден жинаудың орнына, бұл құрылғыларды монолитті ИС түрінде алуға болады.
Регистр жадысының көлемін бірнеше ИС жады блоктарын құру арқылы ұлғайтуға болады.Сақталатын сөзердің санын көбейту барысында үш жағдайы бар жеке ИС шығыстары бір нүктеде түйіседі. 512 сақталынған сөзді беретін 128 шығысты байланыстыруға рұқсат етіледі.Бір нүктеде түйісетін шығыстар санына шектеу қою шығыстың ток режиміне байланысты, бұл шектеуді шығыс нүктесіне арнайы сыртқы резистрлерді жалғау арқылы жоюға болады. Сөздің рзрядтылығын ұлғайту барысында шығыстарының жиынтығы бір ақпараттық сөзді беретін бірнеше ИС-ның рұқсат ету және адрестеу кірістерін параллель жалғайды.
Синхронизация талаптарына сәйкес разрядаралық байланыста логикалық элементтер қолданылмаған ығыстырушы регистрлерде деңгеймен басқарылатын біртабалдырықты триггерлерді қолдануға болмайды, себебі кейбір триггерлер синхросигналдың рұқсат етуші деңгейінің жұмысы кезінде бірнеше рет ауыстырылып-қосылуы мүмкін, ал бұған рұқсат етілмейді. 
Разрядаралық байланыста логикалық элементтердің, әсіресе бірлік емес тереңдіктегі логикалық сұлбалардың, пайда болуы регистрдің жұмысқа қабілеттілік шарттарын жеңілдетеді және осы схемаға жарамды триггерлер типін кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет