Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет22/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Бақылау сұрақтары:
1. Асинхронды және синхронды триггерлер.
2. RS JK, DV и TV - триггерлердің біріктірілген ауысулар кестесі.
3. RS-типті асинхрондық және синхрондық триггерлердің сұлбаларының жұмысы.
4. ЖӨНЕ-ЕМЕС, НЕМЕСЕ-ЕМЕС және ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ-ЕМЕС, ЛЭ-дегі RS-типті триггердің сұлбалары және олардың шартты белгілері.
5. ЖӘНЕ-ЕМЕС ЛЭ-тердегі D-типтес триггердің сұлбалары және және олардың шартты белгісі.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.
4. Павлов В.Н. «Схемотехника аналоговых электронных устройств» – М.: Радио и связь, 2016 г.
17-Дәріс
Тақырыбы: Регистрлер.
Жоспар:

  1. Регистрлер туралы жалпы мағлұмат.

  2. Регистрлердің түрлері және мақсаты.



Дәрістің мазмұны
Регистрлер ақпаратты (санның, сөздің және сөздің бөлшегінің кодтарын) қабылдауға, сақтауға және беруге арналган ЭЕМ-ң кеңінен таралған функционалдық түйіндеріне жатады. Сонымен қатар, регистрлер сөзді солға немесе оңға бірнеше разрядтарға жылжыту операциясын орындауға пайдаланады.
Регистрлерде тізбектелген кодты параллельді кодқа және керісінше түрлендіруге болады, ал кейбір жеке жағдайларда разрядтар бойынша орындалатын операциялар (логикалық қосу, логикалық кебейту және екі модулі бойынша логикалық қосу) іске асырылады.
Қазір көбінесе мультиплексті кірістері бар регистрлер кеңінен қолданылады. Олардың, кірістеріндегі басқару сигналдарына байланысты, бірнеше ақпарат көздерінен ақпаратты алуға мүмкіншіліктері бар.
Регистр негізгі анықтаулар бойынша келесі кодтық сөзбен микрооперацияларды орындай алады.

  • - Бастапқы күйге орнату (нөлдік кодтың жазылуы)

  • - Тізбекті пішінде кіріс информациялардың жазылуы.

  • - Параллельдік пішінде кіріс информациялардың жазылуы.

  • - Ақпаратты сақтау.

  • - Сақталған ақпараттың солға және оңға ығысуы

  • - Тізбектелген пішінде сақталған ақпараттардың берілуі.

  • - Параллельдік пішінде сақталған ақпараттың берілуі.

Кез келген N- разрядтың регистр N біртипті ұяшықтың- разрядтық сұлбасынан, шығыс сигналының әрқайсысы екілік кодқа сәйкес келетін разрядқа салмақтың коэфицентпен ассоциативтенеді. Осыған қарай әр разрядтық сұлба,кез-келген тізбекті құрылым сияқты,триггерлік түпжүйеден (есте сақтау элементі) және кейбір комбинациялық сұлбалардан және триггерлік түпжүйелі қалыптағы регистрдің шығыс сигналынан тұрады.
Регистр әртүрлі қалыпқа қарай классификациялы болуы мүмкін.
Олардың негізгілері: параллельдік(статикалық)- ақпарат тек параллельдік пішінде жазылып, есептелетін регистр; тізбекті(қозғалғыштық)- ақпараттың тек тізбекті пішінде жазылуы немесе есептелуі; тізбекті-параллельді ақпарат параллельді сол сияқты тізбекті пішінде жазылуы және есептелуі.
Регистр ақпаратты каналдық беру бойынша келесі түрде жіктеледі: жұпфазалық-ақпараттың турасы(Q)және керісі(Q) кодтарымен жазылып, есептелуі. бірфазалы- ақпараттың не тура (Q),не кері(Q) кодында жазылуы және есептелуі.
Тактілеу регистрінде келесі түрлерге бөлінеді: біртактілі-бір басқарушы импульсті тізбектігін басқару; көптактілі-бірнеше басқарушы импульстің тізбектігін басқару. Регистрлер тізбектелген сұлбаға немесе есте сақтау сұлбасына жатады.
Регистрлер функциясы:

  • -Ақпаратты сақтау;

  • -Ақпаратты қабылдау;

  • -Ақпаратты беру;

  • -Ақпаратты жылжыту;

  • -Кодты түрлендіру;

  • -Нөл немесе бір керекті санға келтіру;

Ақпаратты қабылдау (жазу) әдістеріне, синхронизациялау және т.б. мүмкіншіліктеріне байланысты регистрлердің бірнеше түрлері бар.
Әдетте ЭЕМ-де, белгілі бір синхронизация жүйесінде жүмыс істейтін және ақпаратты, тактілейтін сигналдар бар кезде ғана, қабылдайтын синхрондық регистрлер пайдаланады.
Таңдалып алынған синхронизация жүйесіне байланысты (біртактілік немесе көптактілік) регистрлер құрылымы әр түрлі триггерлерден құрастырылады. Екі немесе көптактілік синхро­низация жүйесінде жұмыс істеу үшін тактілеуіш импульс деңгейімен басқарылатын бірсатылы триггерлер қолданылады. Синхронизациялануы біртактілі регистрлерде ішкі кідірістері бар екісатылы триггерлер қолданылады. Әдетте регистрлер D-, DV-, RS- жөне Ж-типті триггерлер негізінде жасалынады, олардың саны регистрде сақталатын сөздің разрядтарының санына сәйкес келеді. Сөз регистрде "0" және "1" екілік сигналдардың комбинациясы түрінде сақталады. Сонымен қатар регистр­лерде логикалық элементтерден тұратын қосымша сұлбалар қолданылады, олар әр түрлі: ақпаратты қабылдау, жылжыту, беру жөне т.б. операцияларды орындайды.
Регистрлер жіктелуінің ең негізгі белгісі - оларға ақпараттардың жазылу әдістері. Осы белгіге сәйкес, олар параллельді, тізбекті және параллельді-тізбекті болып бөлінеді. Ақпаратты сақтауға арналған параллельді регистрлерде ақпаратты жазу және оны беру барлық регистрлерде бір уақытта жүреді. Сонымен қатар бұл регистрлерде сөздерге, разрядтар бойынша жасалынатын, логикалық операциялар жүргізіледі.
Тізбекті регистрлерге сөздердің разрядтары тізбектеліп жазылады. Ақпаратты жазу, кіші немесе жоғарғы разрядтан басталып, тактілеуіш импульстермен сөз кодын тізбектеп жылжыту арқылы жазылады, сондықтан олар ығыстырушы регистрлер деп аталады. Ығыстырушы регистрлер қарапайым және реверсивті болып бөлінеді.
Параллельді-тізбекті регистрлердің сөздің кодасын параллельді және тізбекті қабылдау кірістері болады. Оларда параллельді коданы тізбектіге және керісінше түрлендірулерді жүзеге асыруға болады.
Разрядты тригтерлердің кірістеріне ақпаратты өткізетін арналар санына байланысты регистрлер бірфазалық және парафазалық болып бөлінеді. Парафазалық регистрлерде регистрдің әр разрядына ақпарат екі арна арқылы беріледі (тікелей және инверсті). Бірфазалы регистрлерде әр разрядқа ақпарат тек бір арна арқылы келеді (тікелей немесе инверсті). Парафазалық регистрлер RS- және Ж-типті триггерлер, ал бірфазалық регистрлер D-типті триггерлер негізінде жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет