Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бірінші кітапты сынаушылар да көп, сонымен қатар, бірінші кітаптағы жазылған жайларды мақұлдайтындардың да саны аз емес



бет251/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   273
Бірінші кітапты сынаушылар да көп, сонымен қатар, бірінші кітаптағы жазылған жайларды мақұлдайтындардың да саны аз емес.

Әрине, мен бұған да назар аударатын боламын, алайда сіздер де 13 жасар Абайдың біртіндеп ойлы адамға айналып келе жатқанын ұмытпаңыздар, табиғат пен қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстарын материалистік тұрғыдан біртіндеп түсіне бастайды. Мұның барлығы оған орыстың демократ революционерлері арқылы жетті.

Мен өзімнің алдағы уақытта қайтадан ой елегінен өткізуді ойластырып жүрген жайларға қысқаша тоқтала кетейін. Бірінші топқа жататын асқа байланысты кедей табынан шыққандарды да суреттей кету туралы пікірге орай айтарым, кітартың бұл арасына тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Бұл арада: ағаттықтардың қатарына байлардың ортасының тұрмысын, тоқмейілділігін, тоқшылығын, киіз үйлерін әсірелеп баяндау турасында көп айтылды. Мұның орын алуының себебі: мен өнердің реалистік сипатын тым әсірелеп бағалаппын, сондай-ақ, осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінде халқымыздың ана ерекшеліктері, мына ерекшеліктері қамтылмағандықтан да, соны көрсеткім келді. Егерде менің алдымда, орыс жазушыларының алдында тұрғандай, Тургеневтің, Гончаровтың, Гогольдің және басқалардың шығармалары тұрса, онда, шындығында да тұрмыстық көріністерді осыншама суреттеудің қажеттігі де тумас еді. Біздің алдымызда ондай тәжірибе болған жоқ, сондықтан да мұндай көріністерді барынша көп әрі кең қолдануға ұмтылдық. Сөйтіп, тым әсіреленуге жол берілді. Бұл баяндаулар жеңіл қырналып кететін немесе сол кездің шындығының қайшылықты тұстарында әшкерелеп кетуге болатын кемшіліктер.

Мысалға, Абай қонақтарды салтанатпен қарсы алып жатыр, ал сол рәсім былай тарқайды. Құнанбай Мекеге аттанғалы жатыр (сол кезде Дәркембай мен Қиясбай келіп Қодардың құнын сұрайды), ал осы көрініс Құнанбайдың тағылық мінезін танытпай ма? Саятшылар суреттелетін көріністен кейін адамдар үш күнге созылған боран мен өгей шеше сияқты қатал табиғаттың шеңгелінде қалады, ал қазақты аңқау бала етіп көрсетсең бәрі де жарқын бола кете ме?

Кей-кезде автор барлығын тәптіштеп баяндап беруге міндетті емес, оны көркем қабылдауы арқылы оқырманның өзі ойланып табуы тиіс. Соған қарамастан кейбір тұрмыстық суреттеулерді қысқартатын шығармын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет