Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс-хатының көшiрмесi 1932 жыл. 20 көкек



бет38/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Қазақстандағы бiрiккен Мемлекеттiк Саяси Басқарманың төтенше өкiлеттiгiнiң жанындағы үштiктiң мәжiлiсiнiң № III/к мәжiлiс-хатының көшiрмесi 1932 жыл. 20 көкек.

Тыңдалды: № 2370 – iс бойынша : Тынышбаев Мұхамеджанды, Досмұхамедов Халелдi, Досмұхамедов Жаhаншаны қылмыс кодексiнiң 58/10, 57/7, 58/11 және 58/3 – статьялары бойынша; 2. Үмбетбаев Алдабергендi, Мұрзин Мұхтарды ҚК 58/7, 58/11 – статьялары бойынша; 3. Мұңайтпасов Әбдiрахманды ҚК 58/4, 58/11 – статьялары бойынша; Кемеңгеров Қошмұхамедтi, Бұралқиев Мұстафаны ҚК 58/10, 11 – статьялары бойынша; Күдерин Жұмақанды, Қожамқұлов Нашимдi ҚК 58/11 – статьялары бойынша; Ақбаев Әбдүлхамиттi ҚК 58/11 және 16 – статья бойынша; Ақбаев Жақыпты ҚК 58/10, 59/3 – статьялары бойынша; Қадырбаев Сеидазымды ҚК 58/7, 11 – ст. бойынша; Омаров Әшiмдi ҚК 58/10, 7, 11 – ст. бойынша; Тiлеулин Жұмағалиды ҚК 58/2 – ст. бойынша; Ермеков Әлiмханды, Әуезов Мұхтарды ҚК 58/7, 10, 11-ші ст. бойынша Омаров Уәлиханды, Сүлеев Бiләлдi 58/2 – статьясы бойынша; Т.Ысқақов Даниалды ҚК 58/10, 11 – статьялары бойынша жауапқа тартты. Шешiм:

1.Тынышбаев Мұхамеджанды. 2. Досмұхамедов Халелдi. 3. Досмұхамедов Жаhаншаны. 4. Үмбетбаев Алдабергендi. 5. Мұрзин Мұхтарды. 6 Мұңайтпасов Әбдiрахманды. 7. Бұралқиев Мұстафаны. 8. Кемеңгеров Қошмұхамедтi. 9. Күдерин Жұмақанды. 10. Қожамқұлов Нашимдi. 11. Ақбаев Әбдүлхамиттi. 12. Ақбаев Жақыпты. 13. Қыдырбаев Сейдазымды. 14. Омаров Әшiмдi. 15. Тiлеулин Жұмағалиды – бес жыл мерзiмге концлагерьге жiберуге, оны сонша мерзiмге жер аударумен ауыстыруға... шешiм қабылдады. 16. Ермеков Әлiмхан. 17. Әуезов Мұхтар – үш жыл концлагерьге қамалсын, уақыттары 8/Х – 30 ж. бастап есептелсiн. Ермеков пен Әуезовтiң үкiмi шартты түрде есептелсiн. 18. Омаров Уәлиханды. 19. Сүлеев Бiләлдi. 20. Т.Ысқақов Даниалды қамаудан босатсын, тергеу кезiндегi отырғаны еске алынсын».

Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісiнiң нәтижесi осындай үкiммен тәмәмдалды. Әуелi тергеуге алынған 30 адамның 10 адамы мерзiмiнен бұрын ерте босатылды. Бұл қандайда бiр аяушылықтың белгiсi емес едi. Оның басты себебi: бүкiл тергеу iсi Голощекиннiң нұсқауы бойынша жүргiзiлген болатын. Ал тура осы 1932 жылы қазақ ұлтының үштен бiрi аштықтан қырылып, Қужақтың өзiне де тықыр таянған-тын. Оның бiрiншi басшы қызметiнен кететiнiн алдын-ала сезген тергеушiлер мен соттар да, үштiктiң мүшелерi де сақтық жасап, iстi қысқа қайыра салған болатын.

Ұлтының тағдыры талқыға түсер шақта түрмеге отырғызылған ардагерлер ел-жұрты ашаршылыққа ұшырап, жаппай қырылып жатқан кезде қапастан шығарылды. Бұл қасiрет оларға түрмеден де көрi қатты батты. Бiрақ қолдан келер қайран мен айла-амал, қайрат, қуат-күш жоқ едi. Олардың әрқайсысы солтүстiктiң орманының бас еркiнен айырылған балташыларына айналды. Кейбiрi қайтып оралды, кейбiрi мәңгiлiкке мұз жамылып, қиян шетте қалды. Оларға туған жердiң бiр уыс топырағы да бұйырмады. Тiрi қалғандары ендi есiн жия бергенде кеңес өкiметiнiң екiншi бiр «ұлы құрбандығы басталды» Оған сол өкiметтi орнатқандар мен алдыңғы «құрбандықты» ұйымдастырғандардың өзi де iлiндi.

Ол – заманның жегісі мен талқысы болатын. Бұл «қарадүлейден» (смерчь) кейiн ұлт зиялыларының қатары өрттен кейiн аман қалған жалғыз қарағай құсап сиреп-ақ қалды. Соның бiрi – Мұхтар Әуезов едi. Тiрi қалуы тiрi қалғанымен, заман талқысы зықысын шығарып-ақ кеттi. Ендi сол бiр жанталасқан заманның зауалын басынан кешуiне тура келдi. Пенде шiркiн көнедi екен.


7.
Көнді де. Себебі ол беті суық заманның ызғарынан сескенді. Сескенді де пікірінен қайтуына тура келді.

Кеңес үкіметінен кешірім тілеген «Ашық хат» жазды. Неге? Қандай күш әсер етті. Бұған екі түрлі ілікке себеп болуы мүмкін. Бірінші, 1932 жылы сәуір айында БК(б)П Орталық комитетінің «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Осыған байланысты «Алқа» әдеби үйірмесі туралы айыптың тұздығы жұмсарғандай көрінді. Әдебиетке деген көзқарас та жаңа арнаға ауысатындай сыңай танытты. Сонымен қатар оның түпкі салдарын ашатын екі естелік сақталған. Біріншісі М.Әуезовтің сенімді шәкірті Қ.Мұхамедхановтың бізге айтқан:



«Сіз қалай түрмеден аман шықтыңыз?»,– деп сұрадым. Сонда Мұхаң: «Үгіттеу жүре бастағанда Ақаң: «Сендер жассыңдар. Келешектерің бар. Ұлт тәрбиесі бар. Керексіңдер. Жүсіпбек пен Мағжанды босата қоймас. Ал біз енді халықты «жаздым-жаңылдым деп тура жолдан жаңылдыра алмаймыз»,– деп кеңес берді», деген сөзі.

Екіншісі, Әлімхан Ермековтің өмірінің соңында сырласы, тағдырласы болған Жайық Бектұровтың:



«Бұл жайттың сырын (Әлімхан Ермеков – Т.Ж.) Қарағандыда тұрған кезінде маған былайша түсіндірді: Қазақстан басшылары бізге қатемізді мойындасақ, кеңес құрылысына беріле қызмет етсек, жол ашық, кеңшілік болады. Бізбен бірге тұтқында қалған өзге іні-ағаларымыз да осы жолға түседі – дегендей емеуірін білдіріп, кәдімгідей қолқа салды. Біз бұған иландық. Кейін осындай жолмен Ақаң, Мағжан, Жүсіпбек бәрі де босап шығады ғой деп ойладық. Осы ретпен алдымен мен алдауға түстім. Обалы нешік, Мұхтар інім өздеріңіз білетін белгілі хатқа қол қойғысы келмеді. «Әлеке, түбі бұл үшін тарих алдында сіз өзіңіз жауап бересіз»,– деп көпке дейін көнбеді. Мен оған: «Қарағым, не қылса да құрық екеумізге түсіп тұр ғой. Сенің орныңа Жүсіпбек Аймауытовты да, Мағжан Жұмабаевті де алуларына болатын еді. Бұл да тағдырдың бір жазғаны шығар, түбі жақсылығы болар, бас тартпа»,– деп Мұхтарды зорлағандай көндірдім. Бірақ артынша қатты өкіндім. Неге дейсіз ғой? Түрмеден дәл шығар алдында ОГПУ бастығы мені кабинетіне шақырып алып: «Ал енді сіздерді босатамыз, тек ел ішінде әлі де қиыншылық бар, ашаршылық әлі тоқтай қойған жоқ, абақтыдан шыға салып үркіп, шошып жүрмеңіздер»,– деп ескертті. Мен бұл сөзді естіп, оған ойынды-шынды: «Онда біз әуелден-ақ, сірә, қателеспеген екенбіз ғой»,– дедім. Сонда ОГПУ бастығы қанын ішіне тартып, сұрланып: «Біз қателесіппіз ғой. «Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды»,– деуші еді, сол рас екен демесі бар ма? Мен жарылып кете жаздадым. Не керек. Болар іс болып, хатқа қол қойылып кетті»,– деген естелігі.

Тура осы сөзді бұл екі дегдар бізге де айтып беріп еді. Қайсысынікі нақты шындық? Тіпті осы пікірде түбегейлі қайшылық бар ма? Қайдам. Екеуі де сыйымды, екеуі де тәлімді. Ақаң түрмеден жазған хатында:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет