Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет39/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Қужақ екі жолдасымен орнынан түскен. Жолдастары кім екенін жазбайды. Қазақ жайы соқырға көрінген, саңырауға естілген болса керек. Әлімхан, Әуезұлы екеуі «тәуба қылып» шыққан»,– деп «іліп» кетеді.

Қысқа қайырымнан емеуіріннің астарын аңғару қиын. Біз де кезінде жоғарыдағы естеліктерге сүйеніп, «Талқы» атты еңбегімізде:



«Түрмеде жатқан Мұхтар Әуезов пен Әлiмхан Ермековке «ниетiмнен қайттым» деп ашық хат жазуға ұсыныс берген де Әлихан мен Ахмет дегдарлар едi. Соның нәтижесiнде, қазақтың екi ғұламасы тiршiлiктiң дәмiн тағы да қырық жыл татып, ұлтына қызмет еттi. Бұл – Мұхтар Әуезовтiң өзi мойындаған, Қайым Мұхамедханов сияқты сенген бауырына айтып берген шын сөз »,– деп жазыппыз.

Біздің ойымызша үш сөз де – бір сөз.

Ол тура сол сәтте екінің бірін, иә, екінің бірін таңдауға мәжбүр болды. Сондықтан да өзінің бұл қадамына кесілер үкімді уақыттың еншісіне қалдырып, «Социалды Қазақстан» газеті арқылы ашық хат жазып, өзінің барлық кінәсын мойнына алды. Ашық хат 1932 жылы, 10-маусымда «Қазахстанская правда» мен «Социалды Қазақстан» газетінде екі тілде жарияланды. Онда Мұхтармен бірге Әлімхан Ермекұлының да өз көзқарасынан айнығандығы туралы хат басылды.

Ашық хатты жазудың астарында күрделі таным тартысы мен тағдыр таңбасының, заман талабының табы жатыр еді.



Біз тарихи кезеңдегі жегі мен талқының қорытындысы сияқты көрінген сол «Ашық хатты»толық жариялауды мақұл көрдік.
АЛАШОРДАНЫҢ БАСТЫ ЕКІ АДАМЫ

өздерінің де, бұрынғы пікірлестерінің де төңкеріске қарсы болғандығын әшкерелеп, өз кінәларын жууға уәде беріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет