Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Социалистік жүйеде мұндай болу мүмкін емес!»,–



бет50/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Социалистік жүйеде мұндай болу мүмкін емес!»,–

деп есінен танып қалған М.Горький бастатқан зиялы қауымның есін жиғызудың, жұбатудың айла-шарғысы ма?

Бара-бара қол қою да М.Әуезов үшін үйреншікті әдетке айналды. Алғашқы мадақты да ести бастады.

«Жақсы кітап, жақсы спектакль – оқушыны өзі-ақ табады. Бірақ сол шығарманы жасау керек. Оған керекті күш пен талант бізде бар. Бірақ күшке сенбеушілікті тастаңдар. Біріккен күшпен, берік сеніммен партия көрсетіп отырған жолменен алға басыңдар... Халықтың қуанышын тұсауға болмайды»,– деген Л. И. Мирзоянның сөзі «қуанышты қайрат бітірді, жаңа тарихқа мұрындық болды» (М.Әуезов).

Ортақ мақсат жолында – өзара «өкпелерін де» ұмытты. Сол екпінмен «Хан Кене» де сахнаға жол тартты. Өкінішке орай, салтанатқа емес, талқы мен табаға жол тартты.

Пьеса туралы алғашқы жағымда пікірді Рахым Жаманқұлов:

«Мұқа!


Кенесары тарихи тақырыптардың ішіндегі ең ірісі ғой. Менің байқауымша Кенесары қозғалысының сарқылған, тозып біткен жері алынған. Оқиғаның басталып, етек алып өрістегені көріне алмаған. Кенесары қозғалысы орыс отаршыларынан ел қорғау қозғалысы. Сондықтан ол қазақ ұлтына пайдалы қозғалыс еді деп жүрген Аспандияровтың айтқаны көмескі қалды. Қалың ел Кене соңынан неге ереді? Бұл көрінбейді. Неге ыдырап тозады, бұл жағы жақсы көрінеді. Орыс отаршысына тірек болып шенге сатылу жағы да көзге еркін түсе алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет