Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет49/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Бұдан шығатын қорытынды:

1. Әдеби шығармашылықтағы жетекші және ықпалды орын бұрынғысынша алашордашылар мен алашордашыл мамандардың (Әуезовтің, Ермековтің, Жансүгіровтің) қолында қалып отыр.

(Орындаушы Рудовский)

ПП ОГПУ-дің ҚАССР-і бойынша өкілетті өкілі (Миронов).

ПП ОГПУ-дің саяси тергеу бөлімі бастығының орынбасары (Павлов)».

Иә, таныс тергеушілер. Тек қызметтері өскен. Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровті, Ғабит Мүсірепов пен Темірбек Жүргеновті алашшылдардың қатарына қосуына қарағанда, олардың ішкі саяси-барлау қызметінің қайда, қалай бағытталғанын емеуірінсіз-ақ білуге болады. Соның ішінде бірлесіп аударған шығармаларға қойылатын ортақ ныспыларды жасырын шифрға санап: «Жансүгіровтің өзінің алашордашыл шығармаларын жанама есіммен басып шығарғаны, Әуезов өзінің еркі бойынша шығармаларын бүркеншік атпен жариялауы ұйым жиналысында талқылануы» – күдіктің күбірткісінің толық кетпегенін танытады.

Дәл осы тұста Қужақтың қайрағымен жанылған Мироновтар мен Павловтардың кесірінен өнер саласында да тазалау жүріп, театр жабылуға шақ қалып еді.

1933 жылдың 8, 9 және 20-қыркүйегінде Қазақ АССР Өлкелік партия комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің және Халық ағарту комиссариатының:



«Ұлт өнерін дамыту шаралары жөніндегі» Қаулылары іркес-тіркес шықты. Сол кеңесте Халық Ағарту комиссариаты: «1. Маман режиссер шақырғанға дейін жаңа пьеса қойылмасын, репертуарда бар пьеса ғана ойналсын. 2. Актерлар білімі мен мәдениетін көтеру мақсатында өнер секторы белгіленген программамен оқу жұмысын жүргізу театрға міндеттелінсін. 3. 1933 жылдың басында қазақ театры жанынан 40 адамдық театр студиясы ашылсын, ол үшін қабілетті өнерпаздар, драм-кружок, техникум, рабфак, орта мектептерден таңдап алынсын»,– деп қаулы шығарылды.

Шарасыздықтан берілген бұл бұйрық өнерді өрге бастырғанша біраз уақыт өтті. Голощекиннің қасірет тұманын сейілткен, қазақтарға жан жылуын сыйлаған Л.И.Мирзоян да санадағы үрейді айықтыра алмады. Өйткені ол Қазақстанға келген соң Сталин:



«Ұлыорыстық шовинизммен тек қана жергілікті партия ұйымдары ғана күресіп жатқан жоқ, бәрінен бұрын БК(б)П Орталық комитеті жаппай шұғылданып отыр. Қазақ большевиктерінің кезекті міндеттерінің бірі – ұлыорыстық шовинизммен күресе отырып, барлық күш-қуатты қазақ ұлтшылдығы мен соған бейімделушілерге қарсы күреске жұмылдыру болып табылады. Онсыз Қазақстанда лениндік интернационализмді ұстап тұру мүмкін емес. Бұқараны интернационалистік тұрғыдан тәрбиелеу жұмысы Украинаға қарағанда Қазақстанда қарқынды жүргізіліп жатыр деп айтуға болмайды. Қайта керісінше шығар. Егерде, бұған қарамастан, дәл қазіргі кезеңде Қазақстан үшін ұлтшылдық басты қауіп болмаса, оның басты себебі – Украинаға қарағанда қазақ ұлтшылдарының шетел интервенттерімен байланыс жасауының қиындығында. Алайда Қазақстан үшін қолайлы мұндай жағдайға қарамастан қазақ коммунистері қазақ ұлтшылдығымен және оларға іштартушылармен күресті босаңсытпауы тиіс. Керісінше, қазақстандық ұлттар бұқарасының санасына лениндік интернационализмді сіңіруге барлық жағдайды жасау үшін жергілікті ұлтшылдықпен күресті барынша ауқымды түрде күшейту қажет. Басшылықа алу үшін БК(б)П Орталық комитетінің Тәжікстан туралы қаулысын жолдап отырмыз»,– деп тапсырма беріп еді.

Мұндай нұсқау кезінде Қужаққа да – Голощекинге де беріліп, алашордашыларды жаппай жазалау науқаны басталған болатын. Мирзоян да сол жолдан ауытқыған жоқ.

«Алашорданың» контрреволюциялық іс-әрекетін әшкерелейтін жинақ құрастыртып, 1933 жылы 8-29 желтоқсан аралығында Марксизм-ленинизм ғылыми зерттеу институтында С.Брайнин мен Ш.Шафироның «Алашорда тарихының очерктері» атты кітабының қолжазбасын талқылауға арналған ғылыми кеңесте С.Асфандияров:

«Дау тудыратын мұндай айғақсымақтар бізге пайда әкелмейді. 1905 жылдан бергі ұлт-азаттық қозғалыс туралы Брайниннің баяндамасында методологиялық қателіктер жіберілген. Бұлардың тұжырымымен келісу дегеніміз – Қазақстан халқы өзінің бостандығы үшін күресті деген тарихи шындықтан бас тарту, демек, бұл – Қазақстан мен Орта Азиядағы Қазан төңкерісін қызыл армияның штыгіне сүйенген тек орыс пролетариатының бір өзі ғана орнатты деген тұжырыммен келісу. Қазақстанның отарлық қанауда болғанын, империалистік елде буржуазия ешқандай да төңкерісшіл әрекетке бармайтынын, ал отар елдердегі буржуазия белгілі бір межеге дейін революциялық іс-қимылға баратынын ұмытпау керек... Ұлттық қозғалыс неден басталады?.. Қазақстанда қалай басталды? Әуелі буржуазия пайда болды. Жадидизм пайда болды, бұл – мектеп үшін, әдеби тіл үшін күрескен жалпыға ортақ қозғалыс»,– деген пікір білдірді.

Бұл кеңестің басты мақсаты «Алашордашылардың» атын өшіре отырып, сонда айтылған пікірлерді тасқақяша қағыстырып, болашақ алашордашыларды, яғни, «барған сайын шиеленісе түсетін таптық күрестің барысында» алдағы уақытта анықталуға тиісті алашордашылардың үшінші толқынының тізімін жасау үшін құрылған сияқты әсер қалдырады. Өйткені осы келеңсіз келеге қатысқандардың барлығы да төрт жылдан соң «алаш идеясын жүзеге асыру үшін құрылған астыртын ұйымның мүшесі, жапонияның барлау қызметінің агенті» болып шыға келді. Ал төрт жыл өткен соң Мирзоянның өзін де ажал сыбағасы күтіп тұрды. Жеме-жемге келгенде бұл Мұхтар Әуезовтің де үстінен жүргізілген саяси сот еді. Қалайда сол күндері жаны кеудесіне қонақтамай зуылдап жүргені анық еді.

Сондай қысылтаяң шақта тұңғыш рет басқалармен тең дәрежеде жазушы ретінде интервью берді. Ол «Мен не жазып жатырмын» деген атпен «Казахстанская правда» газетінің 1934 жылғы 8 қаңтардағы санында жарияланды. Жай ғана кезекті интервью емес, үлкен саяси мәні бар, жазушылардың жетістіктерін халық алдында паш ету үшін арнайы ұйымдастырған қос беттің ортасынан ойып орын берілуі де көңілді тоғайтатындай кәдімгідей елеулі оқиға болатын.

Ол тұста кез-келген жағымды-жағымсыз құбылыстар туралы барша жұрт еститіндей етіп «айқайлап айту», «бадырайта көрсету» салты орныққан, санаға сіңген үгіт-насихат тәсілі еді. Ешкім де сыбырламайтын. Ымдау, өзара күбірлесу – қоғамдық орындарда жат мінезге саналатын. Сөйлейсің бе – даусың қарлықса да айғайлап бақ. Үгітші, насихатшы екенсің – ең бірінші, сөйлей біл. Өзіңді-өзің көрсете біл. Өзгенің назарын өзіңе аудар. Жеңістер мен жетістіктерді дер кезінде бар дауыспен айт. Баспасөз бетінде де күн сайын сондай рапорттар үздіксіз басылып жатты. М.Әуезовтің де соған бірте-бірте бойын үйретуіне тура келді. Жаңа жыл күндерінде өнер қайраткерлерінің шығармашылық жеңісімен қалың қауымды таныстыруды көздеген «Казахстанская правда» газетінің редакциясы әдебиетшілерге қос бет арнады. Ол бет «Біздің творчестволық жоспарымыз туралы» деген атпен берілген бір топ жазушының Қазақстан КП (б) Орталық комитетінің бірінші секретары Л. И. Мирзоянға жолдаған рапортымен ашылды. Онда социалистік өнердің қарыштап алға басқандығы өршіл үнмен баяндала келіп:



«Сонымен қатар біз осыдан біраз уақыт бұрын әдеби өмірімізде кездескен кемшіліктерімізді де атап өтпей тұра алмаймыз, үстірттік, бытыраңқылық және жалаң үгітшілдік әдебиет майданындағы асыра сілтеушілікке әкеп соқтырды, олар біздің қазақ совет әдебиетінің идеялық және сапалық тұрғыдан өсуіне кедергі келтірді. Орталық комитеттің 1932 жылғы 23 көкектегі әдеби мекемелерді қайта құру туралы қаулысы идеялық және көркемдік тұрғыдан жаңа белеске көтерілуге шешуші тың серпін берді, сондай-ақ әдебиет майданындағы біздің творчестволық күшімізді біріктіруге жағдай жасады. Бірақ та бұл шешімді орындау туралы нұсқауды қағаз жүзінде ғана қабылдаған бұрынғы басшылықтың тұсында дер кезінде жүзеге асырылмаған шараларды жаңа басшылық қолға алып, творчестволық ойдың шарықтай өсуіне көкжиектің есігін кеңінен ашып жатыр»,– деп жазды.

Осы жолдардағы айтылған пікірлердің барлығы да нағыз шындық еді. РАПП-тың тұсындағы жіктелушілік, жалаң әлеуметшілдік, жалған даурықпалар қазақ әдебиетінде, тіпті, мұқым өнер саласында Орталық комитеттің қаулысынан кейін де тоқталмады. Бұрынғы бірінші хатшы Голощекиннің онымен айналысуға зауқы да соққан жоқ, мән де бермеді. Республикадағы ашаршылықтың тауқыметі де салқынын тигізді. Ал Левон Исаевич Мирзоянды халықтың «Мырзажан» деп еркелете, жақсы көре атауы тегін емес еді. Ол – ел өміріне де, өнерге де жылы сәуле, шуақты жақсылық әкелді. Жазушылардың жаңа басшылыққа халық атынан ризашылық білдіруі заңды болатын. Хат, сол жылдарға тән социалистік құрылысқа кедергі келтірген жауларды әшкерелейтін леппен:



«Бізге, ең басты қатерлі қауіп – қазір өмір сүріп отырған, формасы жағынан ұлттық мәдениеттің дамуын жоққа шығаратын ұлыдержавалық шовинизм және бұрынғы езілген ұлттардың пролетариат диктатурасының тәртібіне бағынуын қаламайтын күні өткен таптың көлеңкесі іспетті жергілікті ұлтшылдар, олар СССР халықтарының еңбекшілерінің бірлігіне нұқсан келтіреді, сөйтіп «интервенттердің» мүддесіне жығып беруге тырысуда» (Сталин). «Садуақасовшылардың, ходжановшылардың, меңдешовшылардың, Қасаболатов сияқты ұлтшыл-демократияшыл элементтердің қалдығымен күрес күшейе түсуі керек»,– деп аяқталып, аяғына Жансүгіров, Майлин, Сейфуллин, Мүсірепов, Жароков, Тоқмағамбетов, Әбдіқадыров, Баталов, Әуезов, Хасанов, Тәжібаев қол қойды.

Мұхтар осы рапортта жазушы ретінде бірінші рет қатарға ілікті. 1934 жылы 27 мамыр күні жаңадан құрылған Кеңес Жазушылар Одағының қабылдау комиссиясының төрағасы С.Сейфуллиннің жүргізуімен алғашқы отырысы өтті. Онда:



«№1 хаттама бойынша Кеңес Жазушылар одағына мүшелікке өтуге берілген жазушылардың өтініштері қаралды. Қаулы бойынша: Майлин, Мүсірепов, Әуезов, Жароков, Сейфуллин, Сыздықов Жақан жолдастар кеңес Жазушылар Одағының мүшелігіне қабылданды».

Бұл шешім оның осыдан кейінгі тағдырында шешуші орын алды. Тығырыққа тірелгенде – тыныс берді, қатерден де құтқарды. Әлемдік кеңістікке жол ашты. Шынымен де бұрынғы саяқ қалатын сенімсіздіктен арылғаны ма? Әлде, С.Мұқановтың «Есею жылдарындағы» естелігінде айтылғанындай, қуғын-сүргіннің алғашқы құрбандарын естігенде:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет