Тұрсынова Г. Т



бет163/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   180

Электр энергетикасы


Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі – электр энергетикасы. Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орналасуы мен дамуына әсер етеді. сондықтан да электр энергетикасын республика шаруашылығының жетекші саласы деп атауға болады.

Ғылыми-техникалық прогресстің басты бағыттарының бірі – шаруашылықты электрлендіру. Өндірісте жаңа технологияны кеңінен қолдануға байланысты, автоматтандыру мен компьютерлендіруде электр энергиясына деген сұраныс артып отыр. Энергия мен жылуды көп қажет ететін өндіріс орындары (алюминий, магний, титан өнеркәсіптері, ферроқорытпа өндірісі) электр энергиясын өндіретін орталықтың маңына шоғырланады. Мысалы, орташа есеппен 1т алюминий өндіру үшін 18 мың квт сағат, ал магний өндіру үшін 20 мың квт сағат электр энергиясы қажет. Сондықтан металлургия, химия өндірістері ірі электр станцияларының маңына орналастырылады.

Сонымен бірге электр энергетикасы ауданның мамандану бағытын анықтайтын фактор болып табылады. Электр энергиясын өндіретін кәсіпорындардың орналасуына отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры мен энергияны тұтынушының жақын болуы әсер етеді. егер отынды тасымалдау шығыны аз болған жағдайда электр станциясы тұтынушыға, ал көп болған жағдайда ол отын көзіне жақын салынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет