Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ
Жакишев Б.А., Досанкулов Ж.Д.,
Тынышбаева К.М., Омирова Н.И.
«ЭЛЕКТРОТЕХНИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
«Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының студенттеріне арналған зертханалық жұмыстардың
әдістемелік нұсқаулары
Нұр-Сұлтан
2022 ж
ӘОЖ 621.182-187
Рецензенттер:
1. Алимгазин А.Ш. – техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессор м.а.
2. Исаева Ж.Р. – PhD докторы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Электрмен жабдықтау» кафедрасының аға оқытушысы
3. Курмашев И.Г. – техника ғылымдарының кандидаты, КеАҚ М. Қозыбаев атындағы "Солтүстік Қазақстан университеті" ғылым департаментінің директоры "
Авторлар:
Жакишев Б.А. - техника ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының доценті
Досанкулов Ж.Д. - техника ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Электрмен жабдықтау» кафедрасының доценті
Тынышбаева К.М. - магистр, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының оқытушысы
Омирова Н.И. - магистр, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Жылу энергетикасы» кафедрасының оқытушысы
«Электротехниканың теориялық негіздері» /Жакишев Б.А., Досанкулов Ж.Д. Тынышбаева К.М., Омирова Н.И. - Нұр-Сұлтан, 2022 – 60 б.
«Электротехниканың теориялық негіздері» әдістемелік нұсқаулар «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының студенттеріне арналған. Электротехниканың және электрониканың құрылғыларын жеке компьютерлерде виртуалды зерттеу, оған қоса «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінің дәрістер сабағы осы әдістемелік нұсқаулардың негізі болып табылады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаулады барлық мамандықтардың студенттеріне ұсынуға болады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ типографиялық әдіспен басып шығаруға мақұлданған және рұқсат етілген
© Жакишев Б.А.,
Досанкулов Ж.Д.,
Тынышбаева К.М.,
Омирова Н.И., 2022 ж
Мазмұны
Кіріспе
|
4
|
1 Зертханалық жұмыс. Electronics workbench бағдарламасымен танысу
|
6
|
2 Зертханалық жұмыс. Тұрақты токтың тармақталған және тармақталмаған тізбектеріндегі ток пен кернеудің өзгеру принциптерін зерттеу
|
15
|
3 Зертханалық жұмыс. Құрамында 3 Э.Қ.К.-рі бар тұрақты токтың күрделі электр тізбегін EWB бағдарламасында есептеу
|
21
|
4 Зертханалых жұмыс. Айнымалы токтың R, L, C элементтері тізбектей қосылған кездегі тармақталмаған электр тізбегін зерттеу. Кернеу резонансы
|
26
|
5 Зертханалық жұмыс. Айнымалы токтың R, L, C элементтері қатарлап қосылған кездегі тармақталған электр тізбегін зерттеу. Токтар резонансы
|
31
|
6 Зертханалық жұмыс. Үш фазалы генератордың орамдары мен қабылдағыштың фазалары «жұлдызшалап» жалғанған кездегі үш фазалық тізбекті зерттеу
|
36
|
7 Зертханалық жұмыс. Үш фазалы генератордың орамдары мен қабылдағыштың фазалары «үшбұрыштап» жалғанған кездегі үш фазалық тізбекті зерттеу
|
42
|
8 Зертханалық жұмыс. Бір фазалы екі орамды трансформаторды зерттеу
|
47
|
9 Зертханалық жұмыс. Жартылай өткізгіш диодтың ток-кернеу сипаттамасын зерттеу
|
53
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
59
|
КІРІСПЕ
«Электротехниканың теориялық негіздері» пәні - электротехникалық құрылғыларда пайда болатын электромагниттік құбылыстарды практикалық мақсатта пайдаланып электр энергиясын шығарып алу, оны алыс қашықтыққа жеткізу, тарату және басқа энергияға түрлендіру процесстерін оқытып үйрететін, зерттейтін ғылым мен техниканың саласына жатады.
Кез-келген электротехникалық құрылғы жұмыс істеу үшін оның бойымен ток күші өтуі керек. Ол үшін міндетті түрде: бірінші, электр энергиясының көзі (қорек көзі) болуы керек, екінші, электр қабылдағыш болуы керек, ол аталған қорек көзімен бірге тұйықталған электр тізбегін құруы қажетті шарт болып табылады.
Сонымен, электр тізбегі - электр энергиясының көзінен (қорек көзінен), электр энергиясын қабылдағыштан, өлшеу құралдарынан, коммутациялық аппаратуралардан, қосу желілерімен сымдардан тұрады.
Қандайда бір, электр тізбегінде зертханалық жұмыстар жүргізу үшін алдымен оны сұлбамен кескіндейді, яғни электр тізбегі график түрінде элементтердің шартты- графикалық белгілері бойынша құрастырылады.
Электрондық құрылғыларды компьютерлік схема техника саласында моделдеу ғылыми - техникалық жобалаудың бірден-бір бағыты болып табылады.
Зертханалық жұмысты немесе қандай да бір эксперименталдық зерттеуді жүргізу үшін оны электр тізбегіндегі қорек көздерінің, қабылдағыштардың және басқа да элементтердің шартты-графикалық белгілерімен сұлба ретінде кескіндейді.
Интернет саласында көп тараған бағдарламалардың ішінде студенттерге сабақ оқыту мақсатында біз Канада елінің фирмасы “Interactive Image Technologies Ltd.” бағдарламасын қолдануды таңдап алдық. Бұл бағдарлама зертханалық жұмыстарды кез-келген компьютерлік сыныптарда виртуалды түрде өткізуге мүмкіндік береді және тиісті өлшеуіш құралдары бар [2].
«Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу үшін жеке компьютер ғана керек және ОС Windows-қа тиісті бағдарламалық жасақтама керек.
Electronics Workbench бағдарламасы бір уақытта сұлбаның барлық элементтері көрініп тұратындай етіп жинауға мүмкіндік береді.
Электротехниканың және электрониканың құрылғыларын жеке компьютерлерде виртуалды зерттеу, оған қоса «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінің дәрістер сабағы осы әдістемелік нұсқаулықтың негізі болып табылады.
ҚР БҒМ талаптарына сәйкес электротехникалық емес бағытта бакалавр дайындауда зертханалық жұмыстарды орындау үшін осы әдістемелік нұсқаулық құрастырылды, бұл жұмыстардың орындалуы «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінің оқу бағдарламасында қарастырылған.
Осы әдістемелік нұсқаулықтың құрылымы 9 зертханалық жұмыстан тұрады:
Electronics Workbench бағдарламасын қолдану туралы Ереже.
Тұрақты токтың тармақталмаған және тармақталған тізбектеріндегі ток пен кернеудің өзгеру принциптерін зерттеу.
Құрамында 3 Э.Қ.К-тері бар тұрақты токтың күрделі электр тізбегін EWB бағдарламасында есептеу.
Айнымалы токтың R,L,C элементтері тізбектей қосылған кездегі тармақталмаған электр тізбегін зерттеу. Кернеу резонансы.
Айнымалы токтың R,L,C элементтері қатарлап қосылған кездегі тармақталған электр тізбегін зерттеу. Токтар резонансы.
Үш фазалы генератордың орамдары және қабылдағыштың орамдары «жұлдызшалап» жалғанған кездегі үш фазалық тізбекті зерттеу.
Үш фазалы генератордың орамдары және қабылдағыштың орамдары «үшбұрыштап» жалғанған кездегі үш фазалық тізбекті зерттеу.
Бір фазалы екі орамды трансформаторды зерттеу.
Жартылай өткізгіш диодты зерттеу.
Осы Ереже «Электротехниканың теориялық негіздері» пәнінің бірінші кіріспе сабағы болып табылады, студенттер және жетекші мұғалімдер осы Ережені толық түсініп, зертханалық жұмыстарды орындау кезінде нұсқаулық ретінде қабылдаулары керек.
Достарыңызбен бөлісу: |