2.2. Тақырып. Жоба тақырыбын таңдау Жоба тақырыбының өзектігі. Әртүрлі жағдайларға байланысты жоба тақырыбын таңдау: білім мекемелерінің мамандарының жоба тақырыптарын құрастыруы, тақырыптарды оқытушылардың ұсынуы, оқушылардың өздерінің таңдауы, Жоба мәселесін шешуде оқушылардың ғылымның әртүрлі салалары бойынша білім, білік, дағдыларын пайдалануы.
2.3. Тақырып. Мақсат қою. Жоба жұмысының басталуы – мақсат қою. Мақсат – жобаның қозғау күші. Мақсаттардың сауатты қойылуы. Когнитивті, креативті және ұйымдастырушылық мақсаттарының құрастырылуы.
2.4. Тақырып. Жобамен жұмыс жасауы Оқытушы – оқушылардың танымдық, зерттеушілік іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы. Жобалау барысындағы мұғалімнің қызметі. Жобалау іс-әрекетін моделдеу. Жобалау іс-әрекетінің оң және теріс жақтары
2.5.Тақырып Жобалау іс-әрекетінің қорытындысы,нәтижесінің бағасы мен анықтамасы. Қорытындылау. Жобалау әрекетінің нәтижелерінің формалары. Жобалау іс-әрекетінің шығыс көздері: web-сайт, әлеуметтік сауалнамалар қорытындыларының талдауы, видеофильм, көрме, газет, журнал, ойын, мультимедия, кабинетті безендіру, өзін-өзі басқару жүйесі, экскурция т.б. Басшының жоба барысында оқушылардың жұмысын талдауын ұйымдастыруы: үрдіс пен нәтиже, позитив және негатив, қатысушылардың субъективті қанағаттануы мен нәтиженің объективті бағасы.
2.6. Тақырып. Жобалау папкасын хаттау. Жоба папкасын хаттау үлгісі. Жоба папкасының мазмұны. Жоба папкасын жинақтауға барлық мүшелерінің қатысуы. Сауатты жасақталған жоба папкасының артықшылығы: жоба тобы қатысушысы жұмысының ұйымдастырылуы, жобамен жұмыс жасау үшін анықтама мен ақпарат коллекторының жасақталуы, аяқталған жобамен жұмыс барысын объективті бағалау, әр қатысушының жеке жетістігін есепке алу және дамыту, келесі жобалар барысында ақпарат іздеуге жұмсалатын уақытты қысқарту.
3 бөлім. Жобалау жұмысындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекет жүйесі. 3.1. Тақырып. Жобалық оқытудың теориялық көзқарастары. Жоба оқытудың бастапқы теориялық көзқарастары: 1)Бастапқы назарда – оқушы, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, 2) оқыту үрдісі оқу пәнінің логикасына емес, оқушының оқуға ынта—ықыласын көтеретін, қызығушылығын арттыратын іс-әрекеттің логикасына бағытталады, 3) оқу жобасын жеке жұмыс оқушының өзіндік жылдамдық деңгейін жетілдіруге көмектеседі, 4) оқу жобасына кешенді қолайлы жол табу оқушының негізгі физиологиялық пен психологиялық қызметттерінің дұрыс дамуына ықпал етеді, 5) Әртүрлі дағдаяларда негізгі білімнің терең игерілуі әр түрлі жағдаяларда оны әмбебап ретінде пайдалануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Имитациялық ойын – оқыту формасы. Ойын қызметі.