Ескерту. 60-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотында активтерді жеткізгені үшін төлем бойынша өнім берушілер алдында туындайтын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелеріне сәйкес ашылған аккредитивтердің сомасы ескеріледі. Аккредитив ашу кезінде 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты дебеттеледі және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі.
Пайдаланылған аккредитив сомасына 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.
Аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы тиісті бюджеттік немесе ағымдағы шоттарға есептеледі: 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары қосалқы шоттарының дебетіне, 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шотында банкілік овердрафт және өзге де ақша құжаттары ескеріледі.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотында жолда есептелетін ақша қаражаты ескеріледі.
Осы шотта сондай-ақ шетелдік мекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетелдік мекемелерінің есеп шотына түспеген ақша қаражатының қозғалысы ескеріледі.
Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі: 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының дебеті, 1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотының кредиті.