Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013



бет13/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1074 «Өзге де ақша қаражаты» қосалқы шотында алдындағы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты ескеріледі.
1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты мынадай қосалқы шоттардан тұрады:
1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»;
1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;
1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;
1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;
1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;
1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»;
1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар».
Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығындарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатты тағайындау бойынша Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.
1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шотының кредиті;
1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5012 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті.
Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге түскен сома 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының, 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы шоттарының және басқа шоттардың кредитіне жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет