Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет410/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   527
Қорытынды
Мақаладафизиканы оқыту үдерісі сыныптан тыс жұмыстардың бір 
бӛлігі ретінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын 


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
386 
дамытуға үлкен мүмкіндіктер беретіні және осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін 
физиканы оқытудың теориялық негіздерін дамыту қажет екендігі кӛрсетілген. 
Сыныптан тыс жҧмыстардың кӛмегімен оқушылардың шығармашылығын 
арттыру мәселесіне психологиялық-педагогикалық талдау жасау 
Аңдатпа 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетіп, 
кеңейтеді, пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Үйірме сабағында, конференцияда 
немесе кеште осы немесе басқа құбылыспен танысқан оқушы оның мәнін тереңірек 
түсінуге тырысады, қосымша әдебиеттерді оқуға құштар болады. Біз сыныптан тыс 
жұмыстар мұғалімге ӛз оқушыларының жеке қабілеттерін тереңірек танып білуге, 
олардың арасынан физикаға қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтауға 
және осы қызығушылықты дамытуға жан-жақты бағыт беруге кӛмектеседі деп 
есептейміз.Сыныптан тыс жұмыстар міндетті бағдарламамен байланысты емес, олар 
оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады және ӛткізіледі. 
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырған кезде мұғалім мен оқушылардың уақытын 
ұтымды пайдалану қажет, сондықтан барлық сыныптан тыс жұмыстарды оқу жылы 
басталғанға дейін жоспарлау ӛте маңызды. Мұндай жоспар оқушылардың қалауы мен 
бейімділігіне сәйкес және жалпы мектептік жылдық жоспарды ескере отырып жасалуы 
керек. Біз физикадан сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік міндеттерін талдау кезінде 
мектеп оқушыларымен жүргізілетін сабақ пен сыныптан тыс жұмыс мақсаттарының 
бірлігі қағидасын басшылыққа алу қажет деп есептейміз. Жалпы білім беретін орта 
мектепте физиканы оқыту процесінде оқушылар қоғамдық және ғылыми-техникалық 
прогрестің қазіргі талаптарына сәйкес физика ғылымының негіздерін терең де берік 
меңгеруі тиіс. Оқушыларды ӛз білімін үздіксіз жетілдіруге, ӛз бетінше толықтыруға және 
тәжірибеде қолдана білуге ұмтылуға тәрбиелеу керек.Бұл тапсырмаларды тек физика 
сабағында толық шешу мүмкін емес. Олардың кӛпшілігі сабақ шеңберіне сәйкес 
келмейтін жұмыс формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет