Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132). 2011 119 М. Қ. Мəмбетова



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата11.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#56503
1   2   3
120 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №2(132). 2011 
мен сəйкес когнитивтік сызбалар арқылы жəне 
саналы рефлексияға бағынатын заттық əлемнің 
бейнеленуі» ретінде анықтайды [2]. Ол əлем 
бейнесі əлемнің өзі секілді көпқырлы, ал əлем 
туралы білім əлемдегі біздің əрекетімізбен ажы- 
рағысыз екендігін атап көрсетеді. Т.Н. Ушакова 
тілдік сана туралы былай дейді: «Тілдік сана» 
ұғымының өрісі кең, оның екі түрін айқындауға 
болады: динамикалық – сананың жай-күйін вер- 
балдық түрде білдіру, санаға сөйлеу арқылы 
əсер ету, сондай-ақ құрылымдық – субъектінің 
менталдық тəжірибесінің, оның санасының əре- 
кетінің нəтижесінде қалыптасатын тілдік құры- 
лымдармен жасалады» [3, 13-23 бб.]. Сөйтіп 
сананың дамуын тілдік деректерсіз зерттеу мүм- 
кін емес екендігіне көптеген зерттеу нəтижелері 
куə болып отыр. Н.В. Уфимцева тілдік сананы 
«тілдің көмегімен тіркелген адам санасы» деп 
сипаттайды. Сананы құрайтын мағына болып 
табылады. Тіл мен сана «адамның рефлекстік 
болмысының сəйкесетін екі түрі» ретінде қарас- 
тырылады [4]. Е.Ф. Тарасов сана тікелей бақы- 
ланбайтындығын атап көрсетеді, ал сананы біл- 
діру құралдары, ең алдымен, вербалдық құрал- 
дар болып табылады [5]. Е.Ф. Тарасов тілдік 
сананы тілдік құралдардың көмегімен – сөздер- 
дің, еркін жəне тұрақты сөз тіркестері, сөйлем, 
мəтіндер жəне ассоциативтік өрістердің көмегі- 
мен құралып, көріністенетін сана бейнелерінің 
жиынтығы ретінде анықтайды: «Тілдік сана – 
тілдік құралдармен – субъектілердің өзі сөйлеу 
қатынасы барысында туындататын ілім ретінде 
жəне заттық іс-əрекетте сезім мүшелерінен 
алынған перцептивтік деректерді қайта өңдеу 
нəтижесінде санада пайда болатын сезімдік 
ілімдер ретінде жекелеген лексемалармен, сөз 
тіркестерімен, фразеологизмдермен, мəтіндер- 
мен, ассоциативтік өрістермен жəне ассоциатив- 
тік тезаурустармен бейнеленетін сана бейне- 
лері» [5, 24 б.]. Е.Ф. Тарасовтың бұл пікірімен 
толықтай келісе отырып, тілдік сана мазмұнын 
айқындау амалдарының бірі еркін ассоциативтік 
экспериментте тіл иелері реакцияларынан құра- 
латын ассоциативтік өрістер болып табылатын- 
дығын атап көрсетеміз. Тіл мəні оның бірегей 
екі қызметімен айқындалады, олар – қарым-
қатынас құралы жəне ойлау құралы қызметі. 
Сана мен тіл тұтастықты құрайды, олар бірге 
өмір сүре отырып, бір-бірін толықтырады, тіл – 
ой мен сананың тікелей болмысы, ақиқаты. Сана 
тек айқындалып қана қоймай, тілдің көмегімен 
құрылады. Оларды бір-бірінен бөлуге болмайды. 
И.А. Стернин тілдік сананы когнитивтік сана- 
ның бөлігі ретінде, адамның сөйлеу əрекеті 
механизмдерінің «меңгерушісі» ретінде анық- 
тайды, алайда адамның сөйлеу əрекетінің өзі не- 
ғұрлым кеңірек ұғым – адамның коммуникатив- 
тік əрекетінің бөлігі болып табылады. Осыған 
орай тілдік жəне коммуникативтік сананы ажы- 
рату қажеттігін атап көрсетеді. Мысалы, тілдік 
санада сəлемдесу формулалары жайлы ақпарат, 
ал коммуникативтікте – қалай сəлемдесу керек 
екендігі жайлы ақпарат бар [6, 13 б.].
Лингвистика мен психолингвистикада əлі 
күнге дейін адамның сөйлеу əрекетін, адамның 
өз тілі жайлы білімінің жиынтығын қамтама- 
сыз ететін сөйлеудің психикалық механизмдері 
дұрыс терминдермен берілмей жүргендігіне тоқ- 
талу маңызды. Біздіңше, дəл осы механизмдер 
мен білімдер адамның тілдік санасын құрайды. 
Олай болса дəстүрлі лингвистика да тілдік 
сананы зерттейді – тілдің қолданылу ережелері, 
нормалар, тілдік бірліктердің санада реттелуі 
жəне т.б., бірақ ол іс жүзінде орындалатын 
сипаттаулардың психологиялық ақиқатын зерт- 
темейді. Дəстүрлі тіл білімінің даму тарихының 
бір кезеңінде мұның өзі жеткілікті болатын: 
мұның өзі тілді оқытудың дəстүрлі əдістері үшін 
де жеткілікті. Алайда қазіргі таңда коммуника- 
тивтік, антропоцентристік бағыт лингвистикада 
үстемдік етіп отырғанда, жаңа зерттеу əдістері 
пайда болып отырған шақта, оның ішінде 
психолингвистикада, зерттеушілердің тіл иесі- 
нен алшақтанған «өлі тілге», сөздіктер мен 
грамматикада ғана көрінетін тілге емес, тірі 
тілге деген, нақты коммуникацияда қоладына- 
латын тілге деген қызығушылығы айтарлықтай 
өсті. Бұл коммуникация, тілдің психикалық 
механизмдері, ассоциативтік-вербалдық желі- 
лер, ассоциативтік өрістер жəне т.б. саласын- 
дағы зерттеулердің жедел қарқынмен дамуына 
алып келді. Осыған орай тілдік сананы сөйлеу- 
дің шығу, түсінудің менталдық механизмдерінің 
жəне тілді санада сақтаудың жиынтығы деп 
түсіну ұсынылады, яғни адамның сөйлеу əрекеті 
үдерісін қамтамасыз ететін менталдық меха- 
низмдер. 
Сөйтіп тілдік сана – сөйлеу əрекетінің меха- 
низмдерін қамтамасыз ететін сананың бір бөлігі: 
сөйлеудің тууы, сөйлеуді қабылдау жəне қоса- 
рымыз өте маңыздысы – тілдің санада сақталуы. 
Əрқилы мағыналары бар тілдік бірліктер жүйесі 
санада сақталады жəне тілдік сананың керек-
жарағы болып табылады, ал сана феномені 
ретіндегі тіл жүйесін зерттеу тілдік сананы 
зерттеу деген сөз.
Тілдік сананы дəстүрлі лингвистикалық си- 
паттау деңгейі мағыналардың жəне сөйлеуші 
адамның психологиясынан жəне орындалатын 
сипаттаудың психологиялық ақиқатынан оқшау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет