Н. С. Ашимова тілдік емес жоғары оқу орны студенттеріне шетел тілін оқыту



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі144,35 Kb.
#6215

Н.С. Ашимова 

 

ТІЛДІК ЕМЕС ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ  

ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ 

 

Қоғамның  өзгеруі  және  әлемдік  еңбек  нарығының  түлектерге  деген 



талаптарының  өсуіне  байланысты,  білім  беру  жүйесін  дамытудың  басты 

бағыттарының  бірі  жоғары  сапалы  білімді  қамтамасыз  ету  және  жоғары 

білікті  мамандарды  дайындау  болып  табылады.  Ғылым,  мәдениет  және 

техниканың даму сатысында шетел тілін білу кез-келген кәсіби маман үшін 

сөзсіз. Шет тіліне үйрету тілдік емес ЖОО-да «шет тілі» пәннің стандартына 

сәйкес кәсіби бағдарланған және қатысымға  бағытталған болуы керек. Яғни, 

пәннің  мақсаты  –  тілдік  емес  мамандық  студенттерінің  қатысымдық-

құзырлылық  деңгейіне,  яғни  шет  тілін  і-жүзінде  кәсіби  қызметте  және  өз 

бетімен ары қарай оқып үйрену мақсаттарында қолдана алу болып табылады. 

Стандартқа 

сәйкес 

маман 


мәдениатаралық 

ғылыми 


байланыстар, 

халықаралық  симпозиумдар,  конференциялар,  халықаралық  деңгейдегі 

концертмейстерлік  сөйлеулер,  нақтылы  ғылым,  техника  және  мәдениет 

саласына  байланысты  шетел  тәжірибесін  зерттеуіне,  сонымен  бірге  іскер 

және әріптестік байланысты жүзеге асыруға дайын болуы керек. 

 

Байқағанымыздай,  қазіргі,  филологиялық  емес  кәсіптің  маманына 



қойылар  талап  өте  биік,  бірақ  бұл  талаптар  шын  мәнісінде  өзін  ақтағанын 

ескертуіміз керек. 

 

Дегенмен,  тәжірибеде  тілдік  емес  факультет  студенттерінің  көпшілігі 



шет  тілінде  қарым-қатынасқа  даяр  болмау  ғана  емес,  кейде  қажетті 

лексикалық  минимум  қалыптаспаған,  тіптен  шет  тілінің  фонетика  немесе 

ритмикасын  айтпағанда,  қарапайым  грамматикалық  ережелерді  білмей 

жатады. Сондықтан көп практик-оқытушылар шетел тілін меңгеруге берілген 

шектелген сағат санында, студенттерді шетел тілінде сөйлеуге үйрету мүмкін 

емес  деп  есептейді.  Мысалы,  А.А.Леонтьев  қатысымдық  ұстаным  жолын 

ұстанушы болып табылады. Ол, қатысымдылық бағыттылық шет тілін оқыту 

үрдісінің  негізі  болуы  керек,  өйткені  ол  басқа  адаммен  қарым-қатынас,  ал 

қарым-қатынас өз кезегінде қарым-қатынассыз жүзеге асуы мүмкін емес деп 

санайды.  

 

Тілді  қарым-қатынаста  қарқынды  меңгеруді  ұйымдастыру  шетел 



тілінде оқыту үрдісіне қарым-қатынасты тікелей қосу нәтижесінде жүреді. 

60-70  жылдар  оқытудың  бір  қатар  жаңа  оқытудың  әдістерінің  пайда 

болуымен  «жедел  оқыту  әдісі»  шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  тарихына  енді. 

Шетел  тілі  қарым-қатынас  құралы  болып  табылатындықтан,  қазіргі  әлемде 

шетел тілінде қарым-қатынас шарттары ақпараттарды тану, алу, өңдеу және 

жинақтау сөз әрекетінің барлық түрлерін шетел тілінде тыңдап- түсіну және 

сөйлеу,  сонымен  бірге  оқу  және  жазуды  игерудің  қажеттілігін  анықтады. 

Тілдік  емес  ЖОО-да  шетел  тілін  оқыту  осы  жедел  оқыту  әдісін  қолданып 

оқыту, меңгеру көлемі жағынан да, оқып үйренуге кеткен уақыт жағынан да, 

тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергенін шетел тілін жедел оқыту әдісі 



бойынша  бас  маман  –  педагог  Г.А.Китайгородская  мен  психолог 

А.А.Леонтьев өз тәжірибесінде көрсетті. 

Қазіргі жағдайда уақыт мөлшерінің жетіспеуінің салдарынан, берілген 

ұстаным біздің ойымызша,  шетел  тілін  оқыту  үрдісін  оңтайлы ету  үшін өте 

қолайлы болып табылады. 

 

Тілдік  емес  мамандықтар  үшін  шетел  тілін  оқыту  проблемасын  шешу 



үшін,  бастапқыда  қоғамның  әлеуметтік  тапсырысына  қалай  сәйкес  келетін 

(қысқа  мерзімде  шет  тілін  жақсы  игеруші  дайындау),  қолданыстағы  оқу 

жоспарындағы  ең  төменгі  сағат  саны  мен  тілдік  емес  ЖОО-ның  оқу 

бағдарламасы талаптарымен анықталуы керек. 

 

Қойылған  мақсат  –  шектелген  оқу  шеңбер  мерзімнің  ағымына  сай 



студентті болашақ өз мамандығы мәселелері туралы сөйлеп және тіл иелерін 

түсіну  үшін  –  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  (оның  ішінде  интерактивті) 

әдістерді  тіркестіруге  болады,  бірақ  оқуда  да  негізгі  басымдылық 

қатысымдылық  ұстанымына  байланысты  оқу  құралдары  және  білім  беруде 

қолданылатын оқу материалдарына  бағытталады. 

 

«Традиционно обучение иностранному языку в неязыковом вузе было 



ориентировано  на  чтение,  понимание  и  перевод  специальных  текстов,  а 

также  изучение  проблем  синтаксиса  научного  стиля.  Сейчас  необходимо 

думать  о  перемещении  акцента  в  обучении  на  развитие  навыков  речевого 

общения  на  профессиональные  темы  и  ведения  научных  дискуссий,  тем 

более  что работа  над ними не  мешает развитию навыков, умений и  знаний, 

так как на них базируется» [1]. Біз бұл пікірге толығымен қосыламыз, қазіргі 

оқытуда  басымдылық  сөйлеу  дағдыларын  дамытуға  негізделген  болса  да, 

шындығында  да  тілдік  емес  ЖОО-да  шет  тіліне  оқыту  көбіне  берілген 

мәтіндерді  оқу  және  аударумен,  берілген  жаңа  термин  сөздерді  жаттаумен 

шектеліп жатады. Өз мамандығы бойынша кәсіби тақырыптарды, түрлі пікір-

таластарды жүргізіп отыру, тіл үйренушілердің термин сөздерді жаттап қана 

қоймай оларды іс-жүзінде бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау барысында 

сөз  әрекетінде  қолдану  тіл  үйренушілердің  сөйлеу  қарым-қатынас 

дағдыларын дамытатыны сөзсіз. 

 

Одан басқа, тіл үйретуде қазіргі дидактикалық қағидалар суггестивтік, 



көрнекілік  және  аудио-мультимедиа  тағы  да  басқа  құрал-жабдықтар  кең 

қолданылуы керек. 

 

Оқытушы 


ауызша 

қарым-қатынас 

жаттығулар 

жүйесін 


ұйымдастырғанда  берілетін  жаттығулардың  деңгейі  мен  жалпы  оңайдан 

қиынға қарай реттілігін естен шығармау тиіс [3].Тілдік емес ЖОО-да жұмыс 

істейтін  шетел  тілінің  оқытушысы  студенттердің  мамандығына  байланысты 

оқытылатын  мәтіндерді  таңдау  барысында,  сол  мәтіндердің  ғылыми  және 

мамандандырылған ерекшелігін жақсы білуі керек. 

 

«При  развитии  речевых  навыков  на  иностранном  языке  по 



специальности  необходимо  помнить,  что  монологический  её  элемент  не 

уступает диалогическому. Поэтому далее следует идти на увеличение объёма 

монологической  реплики  в  диалоге  и  позднее  к  чисто  монологическим 

формам  устной  речи  –  резюме6  реферирование6  аннотирование6  описание 



схемы6  явления  или  процесса  –  вплоть  до  записи  услышанного6  что 

пригодится  в  конспектировании  лекций  и  работ»  [2].  Ауызша  сөйлеу, 

монолог  немесе  диалог,  шетел  тілін  үйретудің  маңызды  құралы.  Сөйлеу 

оқыту  мазмұнының  3  компонент  арқылы  жүзеге  асады:  лингвистикалық, 

психологиялық  және  әдістемелік.  Сөйлеу  әрқашан  белгілі  бір  мақсатқа 

көзделеді.  Әрине,  қойылған  мақсаттарға  тек  қатысымдыққа  бағытталған 

оқулықтар  және  оқу  материалдары  негізінде  ғана  қол  жеткізуге  болады. 

Әлбетте, күнделіктіөмірде жүзеге асатын шетел тіліндегі қарым-қатынастың 

негізі  шетел  тілі  сабақтарында  аауызша  және  жазбаша  қатысымдық 

дағдылардың қалыптасуынан болады. 

 

Қорыта  келгенде,  шетел  тілін  үйретуді  «жеңілден  қиынға  қарай» 



қағидасынан  бастау  керек.  Студентті  барынша  ерте  өз  іс-әрекетінің 

алгоритміне  қатысымдық  жұп  жүйесі  ретінде  дағдыландыру  «оқытушы  / 

аудио-мультимедиалық  құрал  –жабдықтар  /  студен»,  «студент-студент». 

Сонымен  бірге  үйренетін  тіл  бойынша  тіл  үйренушінің  алдын  ала  білімін, 

мамандығын,  жас  ерекшелігін,  қарым-қатынас  мақсатын,  қарым-қатынас 

түрін,  оқыту  деңгейін  ескере  отырып,  кәсіби  тіл  бірліктері  дараланған 

материал таңдап жинау керек.  

 

Қазіргі  шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  –  бұл  кеңейтілген  ақпараттық-



білім беретін орта. Тілдік емес ЖОО-да шетел тілінде сабақ берудің оңтайлы 

және  тиімді  әдістемесі  дәстүрлі  және  қарқынды  оқыту  әдістерін  бірлікте 

қолдану.  Яғни,  тілдік  емес  мамандық  студенттері  үшін  шетел  тілін  оқыту 

үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды  белсенді  қолану,  болашақ 

мамандардың  кәсіби  саласында  шетел  тілін  өз  бетінше  ары  қарай  иеруіне 

және қолдана алуына оң нәтиже береді. 

 

ӘДЕБИЕТ 

 

1.

 



Андронкина Н.М. Проблемы обучения иноязычному общению в 

преподавании иностранного языка как специальности // Обучение 

языкам в школе и вузе. –СПб.:Изд-во РГПУ, 2001.-190с. 

2.

 



Клюев Е.В. Речевая коммуникация: учеб. Пос.-М.:РИПОЛ КЛАССИК, 

2002.-320 с. 

3.

 

Амандықова Г.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы / 



Г.Н.Амандықова, Ш.Е.Мұхтарова, Б.С.Баймұқанова, А.Н.Бисенғалиева. 

–Астана:Фолиант, 2007.-264 б. 



 

  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет