Вестник университета



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата31.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#10671
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

Аңдатпа
Инфляциялық  нысаналау  тәртібін  қолдануы  казіргі  уақытта  инфрақұрылым  жобаларын  қаржылан-
дыру мен халықтың теңгемен, сонымен қатар экономикаға ұзақ мерзімді салымдарының калыптасуы үшін
жетіспейтін ұлттық валютаны күшейтуге және теңгені ұзақ мерзімді қорландыру құралын жасауға мүмкіндік
береді.  Инфлияциялық  нысаналаудың  мәні  келесідей:  орталық  банк  болашақ  инфляцияның  динамикасын
болжайды; болжам қойған мақсаттарға жету үшін арнаулы мәнімен салыстырылады; болжам мен мақсаттың
арасындағы айырмашылық несиелі-ақша саясатты түзетудің қажетті масштабтарын айғақтайды. Осылайша
ақша билігі инфляцияның жоспарлы деңгейін орнатады және оған жету үшін барлық құралдарды қолданады.
Инфляциялық  нысаналауды  қолданатын  мемлекеттер  орталық  банкттердің  қолданатын  стандартты  амал-

199
дарына  қарағанда  несиелі-ақша  саясаттың  тиімділігін  арттыруға  көмектеседі  деп  санайды.  Жалпы  түрде
инфляциялық нысаналауды өз мақсатымен бағалардың тұрақтылық деңгейін қатал белгіленген инляциялық
мақсаты  барысында  сақтау,  сонымен  қатар  орталық  банктің  мөлдірлілік  пен  есеп  берушінің  жоғары
деңгейіне  жету    институшылдық  механизмдерді  несиелі-ақша  саясаты  деп  анықтауға  болады.  Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің бағалық тұрақтылықта, инфляцияның жарамды деңгейде инфляцияны
бекіту және төмендетуге зейін қою инфляциялық күтімдерді азайтуға және орталық банктің әрекеттерінің
мөлдірлілігін жоғарылауына көмектеседі. Ұзак мерзімді болашақта бұл шешім халықтың үлттық валютаға
және несие үмітіне оң әсерін тигізеді, нәтижесінде мемлекеттің экономикасының өркендеу ағымына муль-
типликативтік оң әсерін тигізеді.
Тірек сөздер: ақша-несие саясаты, инфляция, капитал, талаптар, тәуекелдер, дағдарыс, артықшылық.
Abstract
The use of inflation targeting regime will allow to increase the role of national currency and create the long-
term funding instrument in tenge, what is not efficient enough for financing major infrastructure projects, forming
the long-term contributions of population in tenge and economic stability in total. The essence of inflation
targeting is this: Central Bank is predicting the forthcoming dynamics of inflation; prognosis is compared with
target value of inflation, which would be preferably to achieve; difference between the prognosis and purpose
certifies the necessary scales of agreement of sale and purchase adjustments. Taken as a whole, inflation targeting
can be determined as a regime of monetary policy, the main objective of which is to maintain the stable price
level in the presence of strictly defined goal on inflation, as well as institutional arrangements, maintaining its
achievement, high level of transparency and accountability of central bank. Undistracted attention of National
Bank of Republic of Kazakhstan on price stability, on gradual shock-less decrease and strengthening of inflation
on supportable level, help to decrease the inflation expectations and increase the transparent of Central Bank.
In long-term prospect this decision leads to the increase of population confidence in national currency and will
have a positive impact on loan interest rates, that consequently will provide a positive multiplicative impact onto
economic development rate of country.
Key words: monetary policy, inflation, capital requirements, risk, crisis, benefits.

200
ӘОЖ 336.2 (574)
М.С. НУРМАГАНБЕТОВА,
DBA, доцент.
Г.Б. ТАГИБЕРГЕНОВА, 
магистрант.
Қазақ-Орыс халықаралық университеті
ШАҒЫН  ЖӘНЕ  ОРТА  БИЗНЕСТІҢ  ДАМУЫНДАҒЫ 
САЛЫҚТЫҚ  СТИМУЛДАР
Аңдатпа
Бұл  мақалада  Қазақстанда  шағын  және  орта  бизнестің  дамуындағы  салықтардың  алатын  орны  мен
олардың қызметін оңтайлы ұйымдастыру және жүргізу сұрақтары қарастырылады. Зерттеу тақырыбының
маңыздылығы үкіметпен жүргізілетін барлық іс-шаралар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, мем-
лекеттік бюджетті толығымен және уақытылы қамтамасыз етуге бағытталған. Ел экономикасының дамуында,
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуде шағын және орта бизнестің рөлі анықталды.
Үкіметтің қазіргі таңда жүргізіп отырған салық саясатының мақсаты – отандық тауар өндірушілерді мемлекет
тарапынан қолдау, әшкі экономикалық өсуін қамтамасыз ету, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау,
шетел инвестицияларын тарту және т.б. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау қажеттігі бүгін экономикалық
саясаттың  басымды  саласы  ретінде  белгіленді.  Оны  басымдыққа  шығару  халықтың  жұмысбастылығын
қамтамасыз ету және тұтынушы тауарлар нарығында отандық тауар өндірушілерді құру болып табылады.
Келтірілген  талдау  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  және  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  мемлекеттік
қолдау қажеттілігін түсінуге қарамастан, бұл сектордағы экономика жақсырақ екендігін көрсетеді. Әлемдік
тәжірибе кәсіпкерліктің кең масштабты дамуы мемлекет тарапынан барлық деңгейде едәуір және жан-жақты
қолдауын талап ететіндігін көрсетті. Бұл Қазақстан үшін де жалпы экономиканың түсуі, жұмысссыздықтың
ресми және жабық өсімі, әсіресе жастар және әйелдер арасында, халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің
төмендеуі,  әлеуметтік  шиеленістің  өсуі  жағдайында  маңызды.  Мақаланы  дайындау  барысында  автор  ҚР
Президентінің «Қазақстан–2050» Стратегиясында белгіленген шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Тірек  сөздер:  инвестициялар,  инновациялар,  кәсіпкерлік  қызмет,  мемлекеттік  бюджет,  мемлекеттік
қолдау, салық жеңілдіктері, салықтық түсімдер, шағын және орта бизнес, шаруашылық субъект, экономиканы
сауықтыру.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған ұзақ мерзімді «Қазақстан–2050» стратегия-
сы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Ұлттық экономикамыздың
жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау деген болатын, осыған байланысты келесідей
негізгі міндеттер койылған:
1) шағын және орта бизнесті дамыту;
2) мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің жаңа үлгісі «Қуатты бизнес – Қуатты мемлекет»;
3) жекешелендірудің жаңа кезеңі – мемлекет рөлінің өзгеруі [1].
Шағын және орта бизнес – экономикалық дамудың алғышарты. Бұл пікірге әлемнің эко-
номика сарапшылары қосылары сөзсіз. Нарықтық өтпелі кезеңнің сатысынан өткен көптеген
елдер  шағын  бизнес  арқылы  әлеуметтік-экономикалық  ахуалын  біршама  түзеп  алды.  Тіпті
бизнесі пайдаға кенелткен «үлкен жетілікке» кіретін елдер осы сала арқылы ішкі өнім өсіміне
қол жеткізіп қанай қоймай, дүниежүзіндегі дамушы елдердің нарығын оп-оңай жаулап алды.
Аталмыш елдерде мемлекеттік қолдауға ие шағын бизнес кәсіпорындары жыл өткен сайын
инвестициялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Өйткені шағын және орта бизнес –
бюджет кірісін арттыратын стратегиялық тұрғыдан маңызды сала [2].
Шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің  қызметін  дамыту  ол  –  кез  келген  ел  эко но-
микасының  негізі.  Дамыған  ел дердің  тәжірибелері  көрсетіп  отыр ғандай,  шағын  және  орта
бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды.
Атап айт қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, нарықта тауарлар мен қыз-
меттер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері
өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нә-
тижесінде шағын және орта бизнес жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып,
нарықтық экономиканың қажетті элементіне айналуда.

201
Осылайша,  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерін  дамыту  бұдан  былай  да  біздің  мем-
лекетіміздегі басымдықтардың бірі болып қала бермек. Сондықтан соңғы жылдары Республика-
да көп көңіл шағын және орта бизнесті дамытуға бөлініп отыр, оған қолайлы жағдайлар жасау
арқылы шағын және орта бизнесті несиелендіру, яғни оған инвестиция құю, оны техникамен
қамсыздандыру және т.б. арқылы жетілдіру шаралары жасалуда.
Экономика жағдайларын жақсартуда шағын және орта кәсіпорындардың үлкен әлеуеті бар.
Осыған сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді
және  оңтайлы  әдістерін  табуы  тиіс.  Экономикалық  дамудың  кәсіпкерлік  моделі  нарықтық
эко номика  кезінде  жалпы  экономиканы  сауықтырудың  маңызды  факторы  және  дағдарыстан
шығу  жолындағы  алғашқы  қадам  болып  табылуы  мүмкін.  Нарықтық  экономика  елдерінде,
сонымен қатар біздің мемлекетімізде де кәсіпкерлік кең дамыған және басқа барлық мекемелер
формалары ішінде басым бөлігін құрайды.
Соңғы  жылдар  ішінде  Қазақстанда  миллиондаған  кәсіпкерлер  мен  бизнесмендер  пайда
болды. Қазақстандық кәсіпкерлердің негізгі бөлігін шағын және орта бизнес құрайды.
Кәсіпкерлік  –  бұл  экономикалық  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  сонымен  қатар  иннова-
циялық  негізде  шаруашылық  тәуекелділікті  ұйымдастыру,  сондай-ақ  өз  ісінің  нәтижесіне
жауаптылықпен қарау, мекемені басқара білу.
Шағын бизнесті қалыптастыру мен дамытудағы басты мақсат – халықтың жұмысбастылық
мәселелерін шешу, еңбек белсенділігін арттыру және тұтыну нарығын тауар мен қызметтердің
үлкен ассортиментімен қамтамасыз ету.
Шағын бизнестің нысандық статусын жұмысшылар саны мен табыс жиынтығы құрайды.
Шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Шағын  кәсіпкерлікті  тұрақтандыру  барысында  және  Қазақстан  азаматының  кәсіпкерлік
қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар қарастырылған:
 
Š
жеке, жанұялық кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын заңдық тұрғыда қамтамасыз ету
және мемлекеттік органдардың құқықсыз араласуын шектеу;
 
Š
шағын бизнесті мемлекеттік тіркеуге оңайлатылған тәртіпті ендіру. Оған тіркеу ақысы
мен  мерзімін  қысқарту,  талап  етілген  жарғылық  қорының  мөлшерін  төмендету  және  т.б.;
мемлекеттік бақылаушы органдардан шағын бизнес субъектілерінен қосымша ақыны алуын
шектеу [3].
Зерттеулер жүргізу барысында байқағанымыз, қазіргі біздің республиканың шағын бизнес
саласы  мемлекет  тарапынан  үлкен  қолдауды  қажет  етеді.  Біздің  ойымызша  шағын  бизнесті
мемлекеттік қолдау келесі бағыттарды қамтуы керек.
ҚР  Үкіметінің,  қазақстандық  жеке  және  заңды  кәсіпкерлік  тұлғалардың,  халықаралық
ұйымдардың, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдарының қатысуымен «Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылды.
Шаруашылық  жүргізудің  жаңа  формаларын  қолданбай  еліміздің  экономикасын  жандан-
дыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын және
орта бизнестің дамуы болып табылады. Шағын және орта бизнес ел экономикасын дамытуда,
нарықты  қалыптастыруда,  ірі  өндірушілер  монополиясын  шектеуде  және  бәсекелестікті  да-
мытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақы-
тылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін шешуде және жаңа технологияларды енгізуде шешуші
фактор ретінде маңызды рөл атқарады.
Шағын бизнес субъектілерінің салықтық түсімдері арасынан орасан зор үлес алып отыр-
ған  жалпы  режим  негізінде  жұмыс  жасайтын  шағын  бизнес  субъектілерінің  салықтық
түсімдері.  Себебі  оңайлатылған  декларация,  патент  бойынша  жұмыс  істеу  талаптарына  сай
кел меген жағдайда кәсіпкер жалпы режим негізінде жұмыс жасауға мәжбүр болады. Жалпы
режим негізінде жұмыс жасайтын шағын бизнес субъектілерінің табысына салынатын салық
мөлшерлемесі да салыстырмалы түрде жоғары болып келеді. Сол себептен жалпы режим не-
гізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің салықтық түсімдері жоғары болып табылады.
Салық жеңілдіктері – бұл салық төлеушінің салық ауыртпалықтарынан босатылуы немесе
салық  салу  режіміне  қарағанда  оның  экономикалық  реттеу  әдістерінде  салықтарды  қолдау
арқылы салық жеңілдіктері әлеуметтік мақсатта ұсынылуы [4].

202
Салық  жеңілдіктері  әдетте  салық  заңымен  белгіленеді.  Салықтық  жеңілдіктер  арқылы
мемлекет  кәсіпорындардың  өнімінің  артуын,  керек  тауарларды  шығаруға,  техникалық  прог-
ресстің  өсуін,  капиталды  жұмсау  мөлшеріне  ықпал  етеді.  Салық  жеңілдіктері  кәсіпорын
қызметтеріне төмендегі жолдар арқылы әсерін тигізеді, олар:
 
Š
өтімділікті жоғарылату;
 
Š
өндірілетін өнім түрін көбейту;
 
Š
кәсіпорындардағы керексіз және нәтижесіз өнімдерді қысқарту;
 
Š
ғылыми-техникалық прогрессті ынталандыру;
 
Š
табыстарды жинақтау мен пайдалану мақсатын толықтыру;
 
Š
экологиялық режимді сақтау және кәсіпорындардан басқа салаларды дамыту.
Одан басқа салық жеңілдіктерін қолдана отырып, мемлекет аймақ аралық өндірістік күш-
терді бөлу және ондағы инфрақұрылым объектілерін ұйымдастыруды іске асыра алады.
Экономикалық дағдарыс кезеңінде кейбір мемлекеттер салық жеңілдіктері арқылы өндіріске
ақша қаражатын тартуды ынталандырады, өздеріне керекті тұтыну және инновациялық тауар-
ларды шығаруға көмектеседі. Бұған мысал ретінде АҚШ мемлекетінің Президенті Р. Рейганның
1980 жылдардағы салықтар саласындағы шешімін алуға болады. Оған салықты қысқарту ар-
қылы  өндірісті  тоқыраудан  шығаруға  болатынын  американың  экономисі  А.  Лаффердің  те о-
риялық бағдарламасы негіз болған еді [5].
Салық жеңілдіктері салық салудың әртүрлі жақтарына қатысты болуы мүмкін және әртүрлі
негіздері бойынша белгілене алады. Осыдан жеңілдіктер көп түрлі және формасы бойынша
әртүрлі.
Оның  үстіне  салық  жүйесінің  бір  орында,  өзгеріссіз  тұрып  қалуы  мүмкін  емес.  Ел  эко-
номикасының  дамуы,  нарықтық  қатынастарға  көшу  жолында  қалыптасатын  іс-тәжірибелер,
экономикасы  дамыған  елдердің  тәжірибелерін  енгізу  барысында,  салық  жүйесі  де  өзгеріп,
дамып отыратыны белгілі.
Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алады. Жалпы ҚР салық түрлері ішін-
де жеті салық бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Одан басқа елімізде шағын кәсіпкерлік-
ті  дамыту  үшін  шағын  бизнес  субъектілеріне  салық  салудың  арнаулы  салықтық  режимдері
қол даныста,  олар  –  шағын  бизнес  субъектілеріне,  шаруа  қожалықтарына,  ауылшаруашылғы
өнімдерін  өндіретін  заңды  тұлғалар  және  кәсіпкерліктің  кейбір  түрлеріне  арналған  салық
режимдері.
Экономиканы дамытудағы салық жеңілдіктерінің тек ынталандыру үшін емес, тұрақтан-
дыру үшін де қажет. Салық жеңілдіктері бойынша механизмді қолдану тиімділігі мемлекеттің
ішкі салықтарының орнын, олардың өзгерту заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын ескеруге
байланысты шараларындағы базистік қатынасты құрудың әмбебап құралы болып табылады.
Осы реттеудің көмегімен кәсіпорын мен кәсіпкерлердің сыртқы және ішкі қызметтерінде
жалпы  салықтық  климатын  құру  және  артықшылығы  бар  салалық  бағыттардағы  қаржылық
ресурстар қозғалысына салықтық ынталандырумен оң жағдай жасау болып табылады.
Реттелінетін экономикада салықты теңбе-тең қолдануға ұмтылған орынды. Мұндай кон-
цепция салықтық саясатта ұзақ уақыттағы курсты қарастырады. Себебі салық салу мәселелері
жиі өзгеріп тұратын болса, ол салық төлеушінің экономикалық мүдделеріне әсер етеді.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң бағытта өзгеруі салық реформасының
нәтижесі. Сондықтан мемлекеттің салық саясаты елдің экономикасы мен әлеуметтік кешені-
мен байланысты. Әрбір салықтық реформаның негізгі қағидасы – тұрақты салықтық жүйені
құру.  Бірақ  салықтық  реформаның  жеткен  деңгейі  мен  бағыттары  кезеңдерге  сай  өзгеріп
отыратындықтан, одан келесі нақты шешілетін мәселеге жол іздестіріледі.
Сонымен бірге салық жеңілдіктері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатта-
рын  жүзеге  асыратын  құралдарының  бірі.  Бұл  мәселелерді  шешу  арқылы  тікелей  салықтық
түсімдерінің  көлеміне  ықпал  ете  алады.  Осыдан  бюджеттегі  салық  түсімдерінің  көлемі,  са-
лық салынатын базаның даму қарқыны мен оны құрайтын элементтері негізі экономикалық
ведомстволар мен қаржылық ұйымдарының барлық басқару деңгейлерінің маңызды мәселелері
болып табылады.
Қай  мемлекетті  алып  қарасақ  та,  оның  құлдырауының  болдырмау  жағдайын  көтерудің
негізгі шарты, ол өндірісті өркендету.

203
Одан басқа алдыңғы қатардағы дамыған елдердің тәжірибесіне жүгінсек, әр мемлекеттің
дамуы мен өрлеуі негізінен кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға байланысты болып табылады.
Шағын бизнес субъектілері – мемлекеттегі өндірісті икемді және қарқынды жолға қойып,
сұранысы мол тауарлар шығаруға мүдделі және бұл салада айналым капиталының оралымы
тез.  Екінші  жағынан,  шығындалған  қаржылық  инвестициялардың  қайту  мерзімі  өте  қысқа.
Сонымен  бірге  шағын  бизнес  белгілі  бір  тұтынушыға  бейімделген,  елді  тез  тауарлармен
қам тамасыз етеді, дер кезінде тауарлар мен қызметтері қозғалыста болып, монополистік кә-
сіпорындармен бәсекелестікке түседі.
Барлық  мемлекеттерде  шағын  бизнесті  мемлекеттік  қолдау,  оларға  салық  жеңілдіктерін
берумен шешіледі. Бұл жерде бірден салық мөлшерлемелерін төмендету емес, тек қана салық
жүйесін реформалау арқылы осы саладағы экономиканы көтеру.
ҚР  тәуелсіздік  алған  жылдары  мемлекет  бюджетті  нығайту  мен  орындауда  шағын  биз-
нес ке назар аударып, оның құқықтық-нормативтік негіздері жасалған. Шағын және орта кә-
сіпкерлік ке салық жеңілдіктері арқылы салық төлеуден толық немесе жартылай босату, салық
салынбайтын минимум, шегерімдер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық мөлшерлемесін тө-
мендету тәрізді тетіктері арқылы, бір жағынан, нақты бір кезеңдегі салық түсімдерінің сомасы
кемітілсе, екінші жағынан, өндірістің, кәсіпкерліктің одан әрі дамуына және болашақтағы са-
лық түсімдерінің артуына әсер ету жолдары белгіленген.
Ол  өз  кезегінде  ҚР  мемлекеттік  бюджетінің  орындалу  үрдісі  еліміздің  экономикасының
дамуына  жағымды  әсер  етуде.  Ресми  мәліметтерге  жүгінсек  2011  жыл  мемлекеттік  бюджет
2009 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал республикалық бюджет 2,3 есеге өсті, сонымен қатар бұл
кезеңде жергілікті бюджет 61,8 есе, мемлекеттік бюджет табыстарының түсім құрылымы 90%,
ал республикалық 92% және жергілікті бюджет сәйкесінше, 88%-ды көрсетті. Қазіргі жағдайда
Республикалық бюджеттің 90% салықтық төлемдерден құрылады [6].
2009  жылдан  бастап  ортақ  қазына  бюджетке  салықтық  түсімдер  маңызды  қарқынмен
ұлғаюда. Осы жылы жалпы салықтық түсімдер 1,8 есеге өсті. Корпоративтік табыс салығынан
түскен табыс 5,2 есе және қосымша құн салығы бойынша 2,2 есеге ұлғайған. Бұл еліміздің
экономикалық  жағдайымен  және  салықтық  базаның  жақсаруымен,  салық  салудың  заңды-
құқықтық  базасының  дамуымен,  сонымен  қатар  аталған  салықтар  бойынша  жеңілдіктер
енгізуімен  байланысты  болды.  Оны  2009–2012  жылдардағы  түрлі  бюджетке  негізгі  салық
түрлері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  бюджетіне  түскен  түсімдерден
көруге болады (кесте 1).
Кесте 1 – ҚР 2009–2012 жж. мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдерінің
құрылымы, %
Көрсеткіштер
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
Табыстар – барлығы
100
100
100
100
Салықтық түсімдер
86,9
88,2
91,1
93,3
Корпоративтік табыс салығы:
31,2
32,8
33,1
34,4
Қосымша құн салығы
21,5
20,8
21,78
21,13
Әлеуметтік салық
18,9
19,3
19,8
20,1
Жеке табыс салығы
9,7
10,1
10,8
11,9
Акциздер
3,7
3,8
4,0
4,0
Мүлікке салық
1,3
0,24
0,3
0,3
Жер салығы
0,3
0,3
0,4
0,4
Көлік құралдарына салық
0,65
0,70
0,74
0,82
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық
0,25
0,16
0,18
0,23
Басқа да табыстар
12,5
11,8
8,9
6,72
Ескертпе – ҚР Статистика Агенттігінің 2009

2012 жж. мәліметтері бойынша құрастырылған [6].
Берілген  мәліметтерден  бюджетке  салықтық  төлемдер  4,6-ға  ұлғайды,  яғни  87,5%-дан
92,1%-ға көтерілді. Мұнда корпоративтік табыс салығының түсімдері орташа алғанда 6–7%-
ға, қосымша құн салығына түсімдер орташа 8–9%-ға өсті. Корпоративтік табыс салығы мен

204
қосымша  құн  салығы  түсімдері  мемлекеттік  бюджетке  түсетін  барлық  салықтың  80%-ын
құрады. Осыдан 2009–2012 жылдардағы ҚР мемлекеттік бюджет түсімдерінің құрылымында
салықтың негізгі жоғары үлесін корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік
салық, жеке табыс салығы құрады [6].
Кесте 2 – Салықтар мен төлемдердің облыстар шеңберінде мемлекеттік бюджетке түсімдер
динамикасы, мың тенге
Табыстар, барлығы
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
3 098 792 602
4 170 611 974
4 432 718 445
4 976 718 331
Соның ішінде:
 
 
 
 
Ақмола облысы
57 365 397
57 910 896
68 134 426
74 238 758
Ақтөбе облысы
159 639 492
198 196 432
204 905 860
257 758 257
Алматы облысы
141 949 548
148 928 435
164 777 585
248 964 256
Атырау облысы
311 414 107
494 759 540
365 973 122
521 972 510
Шығыс-Қазақстан облысы
109 996 762
151 587 424
159 945 368
183 578 559
Жамбыл облысы
38 151 487
41 032 076
50 722 082
63 651 830
Батыс Қазақстан облысы
222 978 200
266 858 915
257 141 089
297 096 888
Қарағанды облысы
213 420 560
271 827 914
254 531 590
277 948 453
Қызылорда облысы
39 569 194
48 215 453
68 009 182
99 720 157
Қостанай облысы
95 613 323
151 331 965
116 741 968
132 167 855
Маңғыстау облысы
161 055 707
237 714 809
267 943 688
288 952 211
Павлодар облысы
137 152 694
153 066 665
179 313 619
186 950 944
Солтүстік Қазақстан облысы
36 341 714
43 180 488
49 710 363
54 487 775
Оңтүстік Қазақстан облысы
156 907 979
208 273 811
187 737 471
212 362 635
Алматы қаласы
757 055 810
934 161 600
1 074 718 189
1 182 021 513
Астана қаласы
312 465 755
434 144 750
637 131 767
609 367 745
Ескертпе – ҚР Статистика Агенттігінің 2010–2013 жж. мәліметтері бойынша құрастырылған [6].
 
Экономиканың базалық сценарийі бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен
экономика  салаларын  дамытудың  болжанып  отырған  қарқынын  ескере  отырып,  2015–2017
жыл дары  мемлекеттік  бюджет  кірістерінің  (трансферттерді  есепке  алмағанда)  2015  жылғы
5 730,4 млрд теңгеден 2017 жылы 6 857,1 млрд теңгеге дейін өсуі болжанады.
Кесте 3 – Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда),
млрд теңге
Атауы
2015 ж.
2016 ж.
2017 ж.
Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)
5 730,4
6 374,1
6 857,1
Салықтық түсімдер
5 568,3
6 245,0
6 722,1
Салықтық емес түсімдер
136,8
100,7
104,7
Капиталмен операциялардан түскен кірістер
25,3
28,4
30,3
 
2015–2017  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бюджет  кірістерінің  болжамы  Салық  және
Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының
ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің
болжамы  негізінде  есептелді  және  Кеден  одағында  кедендік  баждардың  сомаларын  есепке
жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.
Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз
етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 97%-ды қамтиды.
Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының
өсуі,  салалардағы  өндірістің,  оның  ішінде  Индустрияландыру  картасының  инвестициялық
жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің іске қосылуын ескере отырып ұлғаюына
ықпал етеді.

205
Ұлттық қордан 2015–2017 жылдары 1 702,0 млрд теңге мөлшерінде кепілдендірілген транс-
ферттердің және нысаналы трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке
түсетін  түсімнің  жалпы  көлемі  2015  жылы  8  144,8  млрд  теңгеден  өсе  отырып,  2017  жылы
8 564,0 млрд теңгеге дейін өсуі болжамдалады [7].
Осы  талдау  бойынша  қорытынды  жасайтын  болсақ,  еліміздегі  салықтың  саясаттың
жүргізілуі, бюджетке салық түсімдерінің жоғарлауына әкелгені байқалады.
Соған қарамастан еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік қызметтің еліміздің ІЖӨ үлесі
төмен, оны дамыту барысында салық жеңілдіктерін қолданудың келесі бағыттарын белгілеуге
болады:
 
Š
шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  арнаулы  салық  режимін  қолдану  аясын  кеңейту
және оларды ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторына инвестициялар салуға тарту
үшін шаралар қабылдау;
 
Š
шет  ел  тәжірибесі  негізінде  оқыту  орталықтарын  құрып,  онда  шағын  кәсіпорындар
субъектілеріне арнайы жеңілдік жүйемен білім мен кеңес беруді ұйымдастыру.
Шын  мәнінде,  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  –  ел  экономикасының  ұтқыр  әрі  нәтижелі
секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде (кесте 4).
Кесте 4 – 2010–2014 жылдарға Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы
қосылған құнының үлесі, пайызбен
Аймақтар
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
2014 ж.
Қазақстан Республикасы
20,6
17,5
17,3
16,9
25,0
Ақмола
24,0
23,4
20,1
19,5
23,3
Ақтөбе
17,7
13,8
14,1
13,5
17,0
Алматы
33,1
25,9
24,9
23,7
30,1
Атырау
8,1
6,9
7,3
5,8
8,5
Батыс Қазақстан
32,3
12,6
11,0
13,7
40,2
Жамбыл
21,0
18,1
16,9
19,3
19,8
Қарағанды
10,7
10,7
11,1
11,1
12,5
Қостанай
21,0
20,2
17,7
17,6
23,7
Қызылорда
14,3
8,7
11,3
10,6
11,1
Маңғыстау
16,1
10,7
10,2
9,7
17,4
Оңтүстік Қазақстан
21,2
18,7
16,6
16,1
19,5
Павлодар
13,3
11,8
11,9
12,1
17,1
Солтүстік Қазақстан
25,0
25,3
25,6
25,6
25,2
Шығыс Қазақстан
16,2
16,7
15,4
14,6
14,6
Астана қаласы
28,9
31,5
28,6
29,1
58,8
Алматы қаласы
30,2
25,8
25,4
22,3
30,0
Ескертпе  –  ҚР  Статистика  Агенттігінің  2010–2014  жж.  мәліметтері  бойынша
құрастырылған [6].
 
4-кестеден көріп отырғанымыздай, 2014 жылы жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта
кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі 2010 жылға қарағанда 0,8%-ға артқан.
Дегенмен, ҚР 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі 33,7 млрд теңгеге немесе
2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайып, 78 млрд теңгені құрады. «Әлемдік дағ-
дарыстың  салдары,  экспорттық  өнімге  әлемдік  бағалардың  төмендеуі,  кесірінен  кәсіпо рын-
дардың  экономикалық  белсенділігінің  төмендеуі  бюджеттің  кіріс  бөлігінің  атқарылуына
әсер еткен. Сонымен бірге салықтық және кедендік әкімшілік ету сапасының тиісті дәрежеде
болмауынан шаруашылық жүргізуші субъектілердің салық тәртібінің төмендеуі анықталды».
Бұл  жағдай  тек  дамыған  елдерге  ғана  қатысты  емес,  өтпелі  экономикасы  бар  елдерге
де  қатысты.  Жапония,  Германия,  Бельгия,  Италия  сияқты  елдерде  шағын  және  орта  бизнес
олардың  барлық  кәсіпорындары  санының  90%-дан  астамын  құрайды,  көптеген  дамыған  ел-
дерде  олар  жалпы  ішкі  өнімнің  50%-дан  астамын  береді.  Сондықтан  да  біздің  шағын  және
орта  кәсіпкерлікті  дамытудың  түбірінен  жаңа  идеологиясын  түзуіміз  қажет.  Бұл  кәсіпкерлік
ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу.

206
Көріп отырғанымыздай, бүгінде Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағ-
дай  туғызу  үшін  Еуразиялық  экономикалық  одақ  жобасын  жүзеге  асыруда.  Сонымен  қатар
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің алғышарттары да қойылған. Алдағы уақытта еліміздің
экономикасы дәл осы шағын және орта бизнес арқылы шарықтайды деген ойдамыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  ҚР  Президенті  –  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан–2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекет-
тің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.
2  Бегежанова  Э.К.  Тенденции  развития  малого  и  среднего  бизнеса  в  Республике  Казахстан  /
Э.К.  Бегежанова  (Казаирова,  Г.Р.)  //  Наука:  научно-производственный  журнал.  –  Костанайский
инженерно-экономический университет им. М. Дулатова. – 2012. – № 1. – С. 67–70.
3  Карасаева  А.А.  Значение  экономико-правовой  базы  в  организации  учета  предприятий  малого
бизнеса // АльПари. – 2008. – № 3.
4  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы (Салық Кодексі). –
Алматы, 2013.
5  Исаханов П.Б. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі // АльПари. –
2005. – № 3.
6  ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері. 2009–2014 жж.
7  Жаңбыршин Қ. 2014 жылы ҚР бюджеттің атқарылуы // Айқын. – 2015.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  ҚR Prezidentі – N.Ә. Nazarbaevtyң «Қazaқstan–2050» strategijasy – қalyptasқan memleket tің zhaңa
sajasi baғyty» Қazaқstan halқyna Zholdauy. – Astana, 2012.
2  Begezhanova  Je.K.  Tendencii  razvitija  malogo  i  srednego  biznesa  v  Respublike  Kazahstan  /
Je.K. Begezhanova (Kazairova, G.R.) // Nauka: nauchno-proizvodstvennyj zhurnal. – Kostanajskij inzhenerno-
jekonomicheskij universitet im. M. Dulatova. – 2012. – № 1. – S. 67–70.
3  Karasaeva A.A. Znachenie jekonomiko-pravovoj bazy v organizacii ucheta predprijatij malogo biznesa //
Al’Pari. – 2008. – № 3.
4  ҚR «Salyқ zhәne bjudzhetke tөlenetіn basқa da mіndettі tөlemder turaly» Zaңy (Salyқ Kodeksі). –
Almaty, 2013.
5  Isahanov P.B. Orta zhәne shaғyn kәsіpkerlіktі damytudaғy salyқ saludyң rolі // Al’Pari. – 2005. – № 3.
6  ҚR Statistika Agenttіgіnің mәlіmetterі. 2009–2014 zhzh.
7  Zhaңbyrshin Қ. 2014 zhyly ҚR bjudzhettің atқaryluy // Ajқyn. – 2015.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет