Глобулин- саркоплазма ақзатының 20 құрайды. Оның физиологиялық маңызы толық ашылмаған. Ол псевдоглобулиндерге жатады және 500ұйитыны белгілі. Миальбумин-1-2 мөлшерінде,ақзаттың альбумин тобына кіреді. Қан және басқа өнімдердің альбуминдері аминқышқылдарының құрамымен ерекшеленеді. 45-470С температурада ұйиды. Негізінен ферментативтік қызмет атқарады.
Миоглобулин- саркоплазманың толық бағалы ақзаты, еттің қызыл түсі, осы ақзатқа байланысты. Миоглобулин ет ұлпасында 1,0 шамасында және малдың жасына және түріне байланысты өзгеріп отырады.
Дәрумендер. Етте негізінен суда еритін дәрумендер болады. Майда еритін дәрумендер тобы аз мөлшерде кездеседі. Ет ұлпасында В1, В 2, В6, В3, РР дәрумені, биотин, В15 дәрумендері бар. Қорыта келгенде ет негізінен В тобындағы дәрумендерге бай. Етті жоғары температурада өңдегенде, оның біразы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |