Ветеринария факультеті



бет29/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
Қарынның лимфа түйіндері - ұлтабар, үлкен қарын, таз қарын жалбыршақтың үстінде жатады. Көптеген ұсақ түйіндерден құралады, әр қайсысының ұзындығы 1-4см, келеді. Лимфаны қарын бөлімдерінен, он екі елі ішектен және көк бауырдан жинайды. Жиналған лимфа белдеме цистернасына құйылады.
Шажырқайдың лимфа түйіндері - шажырқайдың ішінде жатады. Лимфаны тоқ ішек пен аш ішектен жинайды да, белдеме цистернасына құяды.
Тоқ ішектің лимфа түйіндері - ішектің қабырғаларынан жннал-ған лимфаны құрсақ цистернасына құяды.
Тік ішектің лимфа түйіндері - лимфаны тік ішектен, жамбас қуысының жоғарғы жағынан жинайды да, құйымшақ лимфа түйіндеріне береді.
Ұшаның ЛТ.
Төссүйек алдыңғы лимфа түйіндері - төссүйектің оң жағында май арасында орналасқан лимфаны төсті қоршап жатқан бұлшық еттерден, қабырға аралығындағы еттің төмен жағынан, шеміршектерден, құрсақ бұлшық еттерінен, құрсақ көк етінің алдыңғы жағынан, үлпершектен және бауырдан жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдектіңлимфа өзегіне береді.
Қабырғааралығындағы лимфа түйіндері – қабырғалар мен омыртқа-лардың қосылған жерінде жатады. Лимфаны иық белдеуінің еттерінен, омыртқаларынан, қабырғалар мен қабырға плевраларынан және көкірек қабырғаларының бұлшық еттерінен жинайды. Лимфаны төстің өзегіне құяды.
Мойынның үстіңгілимфа түйіндері - иық буынының алдынғы жағында орналасқан ұзындығы 7-8 см. Лимфаны мойынның терісі мен етінен, шоқ-тықтан, жотасынан, әукесінен, көкірек сүйегінен (8-10-шы қабырғаға дейін) және алдыңғы аяқтың терісі, еті, буыны мен сүйектерінен жинайды. Жиналған лимфаны мойынның оң жақтағы үстіңгі лимфа түйіндері кеңірдек өзегіне құйса, сол жақтағы лимфа түйіндерін төстің өзегіне құяды.
Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері - олар үшке бөлінеді. Оның алдыңғысы қалқанша бездің қасында, ортаңғысы кеңірдектің орта бөлімінде, ал соңғысы бірінші қабырғаның тұсында жатады. Лимфаны мойынның тереңдегі бұлшық еттерінен өңеш пен кеңірдектен жинайды. Оған қоса жұтқыншақ сілекей безінен және қалқанша безден де жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек өзегіне береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет