Ветеринария факультеті


Мойынның үстіңгілимфа түйіндері



бет43/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Мойынның үстіңгілимфа түйіндері - иық буынының алдынғы жағында орналасқан ұзындығы 7-8 см. Лимфаны мойынның терісі мен етінен, шоқ-тықтан, жотасынан, әукесінен, көкірек сүйегінен (8-10-шы қабырғаға дейін) және алдыңғы аяқтың терісі, еті, буыны мен сүйектерінен жинайды. Жиналған лимфаны мойынның оң жақтағы үстіңгі лимфа түйіндері кеңірдек өзегіне құйса, сол жақтағы лимфа түйіндерін төстің өзегіне құяды.
Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері - олар үшке бөлінеді. Оның алдыңғысы қалқанша бездің қасында, ортаңғысы кеңірдектің орта бөлімінде, ал соңғысы бірінші қабырғаның тұсында жатады. Лимфаны мойынның тереңдегі бұлшық еттерінен өңеш пен кеңірдектен жинайды. Оған қоса жұтқыншақ сілекей безінен және қалқанша безден де жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек өзегіне береді.
Қабырға-мойын лимфа түйіндері - бірінші қабырғаның төменгі жағын-да орналасқан. Лимфаны мойынның тереңдегі бұлшық еттерінен, қабырға плеврасынан, жауырын еттерінен, иық белдеуінен жинайды да, төс өзегіне құяды.
Қолтық асты лимфа түйіндері - үшінші қабырғаның тұсында, иық белдеуі мен көкірек қабырғасының аралығында орналасқан. Лимфаны иық пен алдыңғы аяқтардың еттерінен, сүйектерінен, буындары мен терісінен жинайды да, қолтық асты бірінші қабырғаның лимфа түйіндеріне құяды.
Қолтық асты бірінші кабырғаның лимфа түйіндері - бірінші қабыр-ғаның тұсында, иық белдеуінің астында орналасқан. Лимфаны омырау бұлшық еттерінен, сол мөлшерде иық белдеуі мен алдыңғы тізеден жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек өзегіне құяды.
Шап майдың лимфа түйіндері - шапмайдың арасында жатады. Лимфаны құрсақ пен кеуде қабырғаларының терісінен, құрсақтың көк еті мен тері арасындағы бұлшық еттерінен, ұмадан, жамбастың терісінен, ортан жілік пен тірсектен жинайды. Лимфаны бүйір және ортаңғы мықын түйіндеріне береді.
Тақымдық лимфа түйіндері - санның қалың етінің арасында балтыр бұлшық еттерінің үстінде жатады. Лимфаны артқы аяқтың терісі, еттері, сіңірлерінен жинайды да, жамбас немесе шонданай лимфа түйіңдеріне ағызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет