Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54

Қорытынды   

1.7.    Қорыта  келе,  іскерлік  оқу  ойындарын  оқу  ҥдерісінде  қолданудың  маңызы  ҿте  зор  деп 

білеміз.  Қатаң  бҽсекелестікке  негізделген  нарық  заманында  білікті  мамандар  ауадай  қажет. 

Ҿзіндік тҧрғыдан ойлап, пікір жҽне  кҿзқарас қалыптастыра  алатын, позиция таңдай білетін 

мамандар даярлау – заман талабы. Ал осындай талаптың ҥдесінен шыға білуге кҿмектесетін 

бірден-бір ҥздік ҽдіс іскерлік оқу ойындары болып табылады.  

Әдебиеттер тізімі 

Тютрина  С.Ф.,    Желтобрюхова  С.Н.  Деловые  игры  в  преподавании  дисциплин 

естественнонаучного 

цикла. 


Материалы 

Интернет-конференции 

«Современный 

преподаватель: личность и деятельность». УНИД БелГУ, 2010.  

Покушалова  Л.В.  Деловая  игра  –  перевод  профессионально-теоретических  знаний  в 

действие. Молодой ученый. – 2011. - №4. Т.2. – С. 120-122.  

Никулина  Л.П.  Организация  деловой  игры  при  обучении  иностранному  языку.  Известия 

Российского государственного педагогического университета им. А.И.Герцена , №112, 2009.  

 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

219 



 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ҒАЛАМТОР ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ҤРДІСТЕР  

Ахметбек Гҥлжан 



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық Университеті, Шығыстану факультеті Қытайтану 

кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Әуезов ауданы, 

Ақсай-3А ықшам ауданы, №69 ҥй, №33 пәтер, 050031, Алматы, Қазақстан 

Тҥйіндеме 

 Жаһандану заманында жастардың заманға сай ақпараттар тасқынына ілесе отырып, жаргон 

жҽне  сленг  сҿздерін  қолдануы  олардың  жасампаздығының  белгісі.  Бҥгінгі  таңда  Интернет 

немесе  жаһандық  желі  тек  мҽліметті  жеткізу  қҧралы  ғана  емес,  сондай-ақ  ҽлемдегі 

адамдардың  бағыт-бағдарын  айқындап  отыратын  маңызды  қҧралдардың  бірі  болып 

саналады.  Соған  сҽйкес  адам  ҿмірінің  қарқынды  ырғағына  ҥнемі  сҽйкес  болып  отырады. 

Адамдар желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, ҿмірлік серігін, саяхатқа шығатын 

жолсерігін табады, ҧтымды сатып алу, сату ҽрекеттері болады, жҧмыс жасап пайда табады, 

ҽскери келісім-шарт жасайды, ҽйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мҥдделері ортақ 

жандармен  сҧхбаттаса  алады  т.б.  Осыған  байланысты  адамдардың  желілер  ҽлеміне  еніп, 

ықпалдасуы берілген мақаланың негізгі мазмҧнына арқау болды.  

Кілтсҿздер:    интернет,  ақпарат,  сленг,  компьютер  желісі,  телекоммуникация,  жаргон, 

фонетика, грамматика, фразеологизм.  

1.Кіріспе 

Бҥгінгі кҥні Интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мҽліметті) жеткізу қҧралы ғана 

емес, сондай-ақ дҥние ҽлеміндегі адамдардың бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды 

қҧралдардың  бірі  болып  саналады.  Соған  сҽйкес  адам  ҿмірінің  қарқынды  ырғағына  ҥнемі 

сҽйкес  болып  отырады.  Адамдар  желі  арқылы  пайдалы  ақпараттарды  аша  алады,  ҿмірлік 

серігін,  саяхатқа  шығатын  жолсерігін  табады,  ҧтымды  сатып  алу,  сату  ҽрекеттері  болады, 

жҧмыс  жасап  пайда  табады,  ҽскери  келісім-шарт  жасайды,  ҽйгілі  немесе  танымал  болады, 

қызығушылық  мҥдделері  ортақ  жандармен  сҧхбаттаса  алады  т.б.  Адамдардың  осылайша 

желілер  ҽлеміне  еніп,  ықпалдасуы,  тікелей  қатыстылығы  ҽртҥрлі  білім  саласындағы 

зерттеушілердің 

қызығушылығын 

оятпай 


қоймады. 

(Уикипедия 

— 

ашық 


энциклопедиясынан алынған мҽлімет.) 

Жалпы  Ғаламтор  дегеніміз  –  компютерлік  желілердің  ақпарат  алмасуға  арналған 

бҥкілҽлемдік  қауымдастығы,  бір-бірімен  телекоммуникация  арналары  (телефон,  радио, 

жасанды  жер  серігі  кҿмегімен  байланыс)  арқылы  мҽлімет  алмасатын  ҽртҥрлі  аймақтағы 

компьютерлік  желілердің  біріктірілген  тарабы  ғаламтор  деп  аталады.  (Маковский  М.М., 

Современный английский сленг: Онтология, структура, этимология.) 

Қазіргі  кезде  жастар  ҥшін  жаргон  жҽне  сленг  сҿздері    бейтаныс  емес.  Ғаламтор  жҥйесінде 

жаргон  жҽне  сленг  сҿздері  кҥнделікті  қолданылатын  сҿздерге  айналған.  Ағылшын  тілінде 

«сленг»,  «жаргон»  деген  сҿздер  бар.  Оның  мағынасы  -  фразеологизмге  ҧқсас,  ҿзіндік 

лексикалық  мағынасы  бар,  бірақ  фонетикалық  жҽне  грамматикалық  жҥйеге  бағынбайтын 

сҿздер  тобы.  Жаргондар  —  белгілі  бір  ҽлеуметтік  немесе  қызығушылығы  ортақ  топтардың 


VI Халықаралық конференция

 

220 



 

басқаларға  тҥсініксіз,  қҧпия  мағынада  сҿйлесуі  деуге  де  болады.  Ал,  сленг  –  белгілі  бір 

аптада қолданылатын, қалыпты  тілден ауытқыған, мысқылды сҿздерді атаймыз. (Сандуғаш 

Қуанышбайқызы,  www.makala.kz)  Бҥгінгі  жастар  сленгтер  мен  жаргондарды  ҽртҥрлі 

себептерге байланысты қолдануы мҥмкін: ҽсер қалдыруы ҥшін, елден ерекше  болу, ҿзгелер 

тҥсінбеу ҥшін, белгілі бір ҽлеуметтік топқа  жататынын кҿрсету ҥшін, кейде ҽзіл ретінде де 

айтып жататындары  бар. Соңғы  уақытта  жасҿспірімдер компьютер ойындарымен ҽуестенуі 

кҥшейіп  отыр.  Бҧл  да  бір  компьютерлік  сленгтердің  пайда  болуына  алып  келеді.  Мысалы, 

ойындағы  «ең басты жау»  деген ҧғымын білдіретін  «бродилка», «аркада»,  «босс» сленгтері 

пайда болған. 



2. Сленг жəне жаргон сөздерінің таралуы 

 Кҥнделікті  ҿмірде,  ҿз  ортамызда,  қоғамдық  кҿліктерде,  кҿшеде  қанша  адамдарды 

кездестіріп,  олардың  сҿйлеген  сҿздеріне,  бір-біріне  деген  қарым-қатынастарына  куҽ 

боламыз. 

Соның  ішінде,  жастардың  ҽрекеті,  сҿйлеген  сҿздері  бізді  қатты  таң  қалдырады.  Ағылшын 

тілінде «сленг», «жаргон» деген сҿздер бар. Оның мағынасы - фразеологизмге ҧқсас, ҿзіндік 

лексикалық  мағынасы  бар,  бірақ  фонетикалық  жҽне  грамматикалық  жҥйеге  бағынбайтын 

сҿздер  тобы.  (Гальперин  И.Р.  1956)  Басқаша  айтқанда,  сҿз,  сҿйлемшелердің  ҿзгеше  тҥрі. 

Ҽлеуметтік  тіл.  Кей  жастар  осы  сленгпен  сҿйлеуді  сҽнге  айналдырып,  оны  зор  мақтаныш 

кҿретіні  де  рас.  Мысал  ретінде  қарапайым  кҥнделікті  ҿмірде  қолданылатын  «базар  жоқ», 

«сындырды», «лапша ілді», «қҧлақтан тепті», «картопты жарды», «тартыл», «қуады екенсің», 

«бітіп  қалдым»,  «лақтырып  кетті»,  «жыртты»,  «қоянның  суретін  салып  кетті»,  «қораға 

кірді»,  «балта  қадады»,  «  ҿшті»,  «мат  қылды»,  «ат  екенсің»,  «кҥлкіден  қырылып 

қалды»,«шашып  тастады»,  т.б.  сҿздер  мен  сҿз  тіркестерін  жиі  естиміз.  Тіпті,  қазір  белгілі 

актер, КВН-ші Тҧрсынбек Қабатовтың басқаруымен «Базар жоқ» ҽзіл-ысқақ театры ашылып, 

кҿрерменді  кҥлкіге  қарық  қылып  жҥр.  Осы  сҿздерді  қолданушылардың  дені  жастар. 

(http://www.topreferat.com/jospar/selectkurs.php?id=4297)  

Бҧл тенденция тек Қазақ жастарының арасында ғана емес, Қытай қоғамында да кеңінен етек 

алған.  Миллиардтан  асқан  халқы  бар  Қытай  елінің  бҥгінгі  кҥнгі  қарқынды  дамуына  бҥкіл 

ҽлем  кҥҽ.  Ал  ғаламтор  саласының  дамуы  тіптен  сағат  сайын  ҿзгеріске  толы  деп  айтуға 

болады.  Қытай  жастарының  осы  салаға  тигізіп  жатқан  ҽсері  де  елеулі,  соның  ішінде  жаңа 

ҥрдістегі  ғаламтор  тілі  ерекше  назарға  ие.  Қытайлықтар  тіпті  осы  жаңа  ҥрдістегі  ғаламтор 

тілін белгілі бір салаға жатқыза бастағанын аңғарамыз. 

Ҽр жылы жылдың соңында Қытай блогерлері, кҿптеген ғаламтор беттерінде жиі кездесетін, 

яғни 2012 жылдың ең ҥздік шыққан 10  жаргон сҿздерін саралап шықты.  Алдыңғы ҥштікте 

тҧрғандар «正能量», «2B 青年)» жҽне «XX Style» болды. 

Бҧл 10 ҥздік жаргон сҿздерді ғаламтор пайдаланушылар ҿздері шығарған болса да, олардың 

пайда болу себептері мен нҽтижелері ақылға қонарлық болып, кҿптеген ғаламтор желілерін 

пайдаланушылардың  қызығушылығын  тудырды.  Тіптен,  олар  ағылшын  тіліне  аударылып, 

«Қытай-Америка жаңалықтар сайтында» жарияланды.  

2012  жылдың  желтоқсанының  басында  желідегі  «Ҥш  қысаң»  атты  блогер  «2012  жылғы 

ғаламтордағы  ең  ҥздік  он  жаргон  сҿздер»  деген  мақаласын  жариялады.  Мақалада  ол  2012 



VI Халықаралық конференция

 

221 



 

жылдың  ғаламтордағы  ең  ҥздік  жаргон  сҿздерді  атап  қана  қоймай,  олардың  қалай  кең 

таралғаны туралы да егжей-тегжейлі мҽлімет берген. 

Мысалға,  正 能 量 сҿзі  «тиімді  энергия»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ол  адамдардың  алға 

қойған  мақсаты  ҥшін  тырысу,  еңбек  ету  мағынасында.  Адам  баласының  бойында  «тиімді 

энергия»  болса  болашаққа  деген  ҥміті  де  ҥзілмейді.  Яғни,  тиімді  энергия  ол  жайдарлы,  ақ 

жарқын, белсенді кҿңіл-кҥйді білдіреді. 正能量 – ол физикалық атау. Ҽйгілі  ғалым Хоккинс 

ҿзінің  «Уақыттың  қысқаша  тарихы»  атты  шығармасында  «Ғарыштағы  барлық  материя  оң 

энергиядан  қҧралады  деген.  Ағылшын  психологы  Ричард  Хэйсмэнның  ―  Rip  it  up‖  атты 

шығармасының  қытай  тіліндегі  баламасы 正 能 量   болып  аударылған.  Бҧл  сҿз  кҿбіне 

жаңалықтарда,  газет-журналдардағы  мақалаларда  жҽне  тҥрлі  жарнамаларда  қолданылады. 

Деседе блогерлер де бҧл сҿзді қолдану арқылы  бір-біріне қолдау кҿрсетіп отырған.  

正能量  бҧл  жаргон  сҿз  кҿптеген  жерден  кенет  пайда  болғаннан  бері  қарай,  лезде  ҽлемнің 

жер-жеріне  таралды.  Блогерлер  бҧл  сҿзді  пайдалану  арқылы  ҿздеріне  жҽне  басқаларға 

қолдау кҿрсетіп келді, ҿздерінің жарқын болашаққа қойған мақсаттары мен кҥткен ҥміттерін 

білдірді.  Осындай  біртіндеп  алға  ілгерлейтін          ― 正 能 量 ‖  рухы  кҿптеген  адамдардың 

жҥрегіне  алға  тартатын  қозғаушы  кҥш  болып  ҧялап,  ҿз  армандары  ҥшін  кҥресуге  жҽне 

тырысуға  батылдық  ете  алатын  етті.  正能量  сҿнбесе,  ҥміт  те  ҿшпейді.  Бҧл  жердегі  正能量

сҿзі жақсы денсаулық, ҥздіксіз алға ілгерлейтін кҥш пен кҿңіл-кҥй мағынасын береді.  

高富帅  (gao  fu  shuai)  сҿзі  қазақтың  ―сегіз  қырлы,  бір  сырлы‖  деген  теңеуіне  тура  келетін 

сияқты.  Ол ҽрі бойшаң, ҽрі бай, ҽрі сымбатты жігіт. Ҽдетте ол жан-жақты болып, кез-келген 

салада. сонымен қатар ҽйелдер арасында да табысқа жетеді, некеде ҿте бақытты болады. Бҧл 

сҿз  кҿбінесе  ер-жігіттерге  айтылса,  қыздарға  白 富 美 -деп  айтылады.  Қазақша  баламасы 

―бикеш‖,  ―ақылына    кҿркі  сай‖,  ―ҥріп  ауызға  салғандай‖.  Бҧл  жаргон  сҿздер  қазір  қытай 

жастары арасында кҥнделікті  ҿмірде қолданатын тҧрмыстық сҿзге айналған. 

2B 青年 (2B qingnian) 2B солтҥстік диалекттегі сҿз. Мағынасы есуас,жынды, қуғынбай. Бірақ 

қазіргі  жастар  арасында  ҥш  тҥрлі  ҿмір  жағдайын  суреттеу  ҥшін  қоданылады.  Бҧл  сҿз  тек 

қана  кемсіту  мағынасында  ғана  емес,  сонымен  қатар  мақтау  сҿз,  орысша  айтқанда 

комплимент  ретінде  айтуға  болады.Жансыз  заттарға  да  қарата  айтуға  болады,  мысалы, 

―қарапайым  мекеме,  ҿнерпаз  мекеме,  қуғынбай  мекеме‖,  ―қарапайым  бастық‖,  ―ҿнерпаз 

бастық‖, ―жынды бастық‖ т.б. 

«Сен бақыттысың ба?»- деген сҿз тіркесінің артына «Менің фамилиям Цзынь»- дегенді қосу 

арқылы  сҿзді  тіпті  де  ҽрлендіре  тҥсуге  болады.  Журналистердің  «Сен  бақыттысың  ба?« 

деген  сҧрағына  Қытайдың  №1  қасиетті  адамы  атанған,  Нобель  сыйлығының  ҽдебиетиегері 

Мо Яньға  да жауап беру қиынға тҥсті. Оның айтуынша, ҥй сатып алудың қамында жҥрген 

немесе ҥй ала алмай жҥрген адамдар ҥшін «сен бақыттысың ба?» деп сҧраудың ҿзі орынсыз 

сияқты... 

 Рейтингте  4  орында  тҧрған  «Мен  жаман  (бҽдік)  сҿз  айтсам  болады  ма?»-деген  сҿздің 

астарында  «Онда  басқа  айтарым  жоқ»-деген  тҽкҽппар  мінезі  барын  аңғарамыз.Блогерлер 

тағы  да  жақында  кең  таралған  «кетші  бар!»,  «тілдің  ҧшындағы  хх»,  «ағаң  саған  осы  жерге 

шейін ғана кҿмектесе алатын болды» деген сҿздерді қосты. ―2012 жылдың ғаламтордағы ең 


VI Халықаралық конференция

 

222 



 

ҥздік  жаргон  сҿздері‖  ерекше  дҽлдікпен  ағылшын  тіліне  аударылып,  ―Қытай  –  Америка 

жаңалықтар сайтында‖ жарияланды. (www.mychina.kz) 

3.Қорытынды 

Тілімізде  болатын  ҽртҥрлі  қҧбылыстар  алдымен  ауызекі  тіл  негізінде  танылады,  себебі  ол 

қоғаммен,  ҽлеуметтік  ҿмірмен  тығыз  байланысты.  Сондай-ақ  жазбаша  сҿздің  жҽне  ауызекі 

тілдің  ара  қатынасын  анықтау,  яғни  тіл  мен  сҿйлеудің  ҿзара  қарым-қатынасын,  айырым 

тҧстарын анықтау сынды кҿптеген проблемаларды сҿз етуге болады. Осындай мҽселелердің 

бірі  «ғаламтор  тілі»  проблемасы.  Жоғарыда  айтылып  кеткен  мҽселелер  шын  мҽнінде  осы 

мҽселенің бірі болып табылады, себебі кейбір ғалымдардың пікірінше, жаргон, сленг сияқты 

сҿздер    ҽр  ҧлттың  ана  тілін  бҧрмалап,  шҧбарлау  болып  есептеледі.  Алайда  жаһандану 

заманында  жастардың заманға  сай ақпараттар тасқынына  ілесе  отырып,  жаргон жҽне  сленг 

сҿздерін  қолдануы  олардың  жасампаздығының  белгісі.  Бҧл  қҧбылысқа  кҿз  жҧма  қарауға 

болмайды. 

«Ҽр  халықтың  ана  тілі  –  білімнің  кілті...  Біздің  жастарымыз  ана  тіліне  жетік,  білімді, 

мҽдениетті болсын» - деп Ахмет Жҧбанов айтқандай, осы ғаламтор саласындағы жаңа тілдік 

қҧбылыстарға  талдау  жасап,  саралап,  оларды  жҥйеге  қосу  ғалымдар  мен  болашақтың 

еншісінде

Әдебиеттер тізімі 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мҽлімет 

Маковский М.М., Современный английский сленг: Онтология, структура, этимология. 

Сандуғаш Қуанышбайқызы, www.makala.kz 

Гальперин И.Р. О термине сленг. М., 1956  

http://www.topreferat.com/jospar/selectkurs.php?id=4297 

www.mychina.kz 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

VI Халықаралық конференция

 

223 



 

М.МАҚАТАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ҦЙҚАС ТҤРЛЕРІНІҢ 

ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Аманбаева Айсҽуле Жантемірқызы 



А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан, Алматы облысы, Қарасай 

ауданы, Іргелі ауылы, Бейсембаева №129 ҥй 

Тҥйіндеме 

Бҧл мақалада М.Мақатаев ҿлеңдеріндегі ҧйқас тҥрлерінің интонациялық ерекшеліктері 

ажыратылып, интонемалары анықталады.. 

 

Кілтсҿздер:  синтагма, интонема, суперсегментті фонетика, интонация, прагмалингвистика, 



логикалық жҽне психологиялық екпін 

1. Кіріспе 

Осы  кезге  дейін  поэтикалық  мҽтіндерді  суперсегментті  фонетика  тҧрғысынан  қарастырған 

профессор З.М.Базарбаеваның еңбегінде кіші формалы тақпақтардың жҽне кҿлемді формалы 

ҿлеңдердің,  толғаулардың,  жырлардың  интонациялық  ерекшеліктері  зерттелген  болатын. 

Осы  жҧмыстың  жалғасы  ретінде  жекелеген  ақындардың  ҿлеңдеріндегі  ҧйқас  тҥрлерін 

ажырата отырып, поэзия жанрындағы ҿлеңдерді интонация тҧрғысынан қарастыру оның тіл 

біліміндегі  рҿлін  анықтау  қазіргі  таңда  қажет  болып  отыр.  Сондықтан  қазақ  поэзиясында 

ҿзіндік  орны  бар,  ҥлгі  алар  ақындардың  бірі  -  М.Мақатаевтың  ҿлеңдерін  интонация 

тҧрғысынан қарастыру қазіргі заман тҧрғысынан қарастырғанда ҿзекті болып табылады.  

2. М.Мақатаев өлеңдеріндегі ҧйқас тҥрлерінің интонациялық ерекшеліктері 

Поэзияның  негізгі  тірегі  –  ырғақ  пен  ҧйқас.  Яғни  ҿлең  қҧрылысы  тек  ҧйқас  пен  ырғақ 

арқылы  ғана  ҿзіндік  мҽнін  кҿрсетеді.  Ырғақ  жайында  А.Байтҧрсынҧлы:  «ҿлеңдегі  сҿз 

ырғақтарының ҥстіне ҿлеңнің ҿз ырғақтары қосылады. Ҿлеңнің ҿз ырғақтарын «жорғақ» деп 

атауды ҧсынады, жҽне дауыс ырғағы сҿзді бірдей-бірдей буынға, яғни бунаққа бҿледі»-дейді 

[1].  Қазіргі  таңда  қазақ  поэзиясында  кҿрініс  тапқан  бірнеше  ҧйқастың  тҥрлері  бар  екендігі 

белгілі. Олар: қара өлең ҧйқасы, шҧбартпалы ҧйқас, ерікті ҧйқас, кезекті ҧйқас, шалыс 

ҧйқас,  егіз  ҧйқас,  аралас  келетін  ҧйқас,  осы  кҥнгі  ерікті  ҧйқас.  Бҧл  ҧйқастардың 

ҽрқайсысының қолданысы  мен ҿзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қара  ҿлең ҧйқасы  қазақ 

халқында  бҧрыннан  келе  жатқан,  қазіргі  таңда  кҿп  тараған  ҧйқастардың  бірі  ретінде 

ҧғынамыз.  Қара  ҿлеңнің  басқаларынан  ҿзгешелігі  1-2-4  жолдары  ҧйқасады  да,  3-жолы 

ҧйқассыз  болады.  Бҧл  ҧйқас  он  бір  буынды  жҽне  7,8  буынды  ҿлеңдерде  кездеседі.  Ондай 

ҧйқас тҥрлері М.Мақатаевтың «Тҿлегенге»



  

деген ҿлеңінде:  



Тҧңғыш кӛрдім  / ӛлгенін / шын ақынның,   

Қызарып/  баттыертеңгі /шығатын кҥн.   

Торғай-ӛлең / шырылдап / бара жатты   

VI Халықаралық конференция

 

224 



 

Аузында / ажал дейтін / сҧрапылдың.- деп басталатын  11 буыннан тҧратын бҧл ҿлең  қара 

өлең  ҧйқасы  тҥрінде  қҧрылған.  Бҧнда  ақын  қара  ҿлең  ҧйқасы  арқылы  ішкі  ойын  анық 

жеткізеді.  Шумақтың  бірінші  мен  ҥшінші  тармағы  тиянақсыз  интонема  арқылы  кҿрініс 

тапса, ал екінші мен тҿртінші тармағы тиянақты интонемамен бітеді. Ҽсіресе ақын ҿлеңінде 

ҽрбір тармағы екі синтагмадан тҧрып, соңғы екі тармағы, яғни  Торғай-ӛлең шырылдап бара 



жатты,  Аузында  ажал  дейтін  сҧрапылдың  -  дегенде  прагмалингвистикалық  тҧрғыдан 

ерекше  кҿрініс  тапқандығы  байқалады.  Яғни  бҧнда  ақын  астарлы  ой  арқылы  ажал  деген 

сҿздің мҽн-мағынасын тҥсіндіруге тырысады.  

М.Мақатаев  ҿлеңдерінде  ҧйқас  тҥрлерінің  барлық  тҥрлерін  кездестіруге  болады.  Айталық, 

алдыңғы бірінші шумағы екі тармақтан, қалған ҥш шумағы тҿрт тармақтан тҧратын «Біздің 

кҿктем»  деп  аталатын  ҿлеңінің  басынан  аяғына  шейін  қара  ҿлең  ҧйқас  тҥрінде,  тиянақты-

тиянақсыз  жҽне  лепті  сҿйлемдер  интонемасы  арқылы  жасалғандығы  кҿрініс  тапқан.  Оны 

тҿмендегі ҿлең жолдары арқылы дҽлелдеуге болады.  



Кӛктем келді / ауылға, / мамырлап бҧлт,   

Таң-тамаша /дҥние,/ дабырлап жҧрт. 

Кӛктем келді. /Ӛмірдің келешегі, 

Кӛкпен бірге/ дҥркіреп /тӛл ӛседі. 

Сағым қыздың /ап қашып /орамалын,   

Асыр сап /тентек жігіт/-жел еседі. 

Кӛктем келіп/ ауылға/қыз кӛрікті, 

Таң-тамаша /дҥние /жҥзге еніпті. 

Асқар/ ала таулардан/ асып әрі, 

Аяз атаң/ барады /мҧз бӛрікті. 

Кӛктем, /кӛктем! /Қыз-кӛктем /ауылдағы! 

Ӛлең-жыр, /әзіл-кҥлкі /ауыл маңы.   

Тиянақ /таппай ҧшқан /кӛк кӛбелек, 

Кӛк гулге/ қонды дағы /дамылдады... 

Сондай-ақ кезекті ҧйқас, яғни шумақтың бір жолы ҧйқаспай, екінші жолы ҧйқасып келетін 

кезекті  ҧйқас  тҥрі  М.Мақатаев  ҿлеңдерінде  де  кҿп  кездесіп  отырады.  11  буыннан  тҧратын 

бірінші мен ҥшінші жолдарының ҧйқасуы арқылы тиянақты-тиянақсыз интонемасы арқылы 

кҿрініс тапқан:  

Адасқан кейде / ақша бҧлт, 

Қонақтаушы еді / басыңа. 

Ойымнан қайғы / боп ҧмыт, 

Отырушы едім / тасыңа.- деген ҿлең жолдарында, ақын табиғат кҿріністерін еркін тҥрде 

ашып береді.  

Ақын  ҿлеңінде  шҧбартпалы  ҧйқас  тҥрі,  яғни  ҿлеңнің  барлық  жолдарының  ҧйқасып 

отыратындығы,  ҧйқаспайтын  жол  тек  шумақтың  аяқталар  тҧсында,  ой  біткен  сҽттегі 

кҿрінісінде байқалады: 

Мен оның /тҥнін сҥйем, /кҥнін сҥйем, 

Ағынды ӛзен, /асқар тау, /гҥлін сҥйем, 

Мен/ оның/ қасиетті /тілін сҥйем, 

Мен /оның /қҧдіретті /ҥнін сҥйем. 


VI Халықаралық конференция

 

225 



 

Бар жәндігін /сҥйемін/ қыбырлаған, 

Бәрі маған: /―Отан!‖ - деп /сыбырлаған 

Жаным менің, /Кеудемді /жарып шық та, 

Бозторғайы /бол оның /шырылдаған! 

 

Отан! 

Отан! 

Бӛрінен/ биік екен. 

Мен оны /мәңгілікке /сҥйіп ӛтем. 

Отанды /сҥймеуің де/ кҥйік екен, 

Отанды /сҥйгенің де /кҥйік екен... 

 Бірінші мен ҥшінші, екінші мен тҿртінші тармақтары ҧйқасатын шалыс  ҧйқастың бҧл тҥрі 

М.Мақатаев ҿлеңдерінде ерекше орынға ие. Мыс: 

Жиі енеді / тҥсіме / бҧрынғы ауыл, 

Ойнақ салып, / қҧлын-тай / қырында жҥр. 

Сҥттен / бҧлақ ағызып,/  сиырлы ауыл 

Іркіт иісі / келеді / мҧрынға бір.–  

дегенде, ҽр тармағы ҥш синтагмадан тҧрып, ондағы ырғақ пен ҧйқас мҽселесі ерекше кҿрініс 

тауып,  интонациялық  жағынан  ерекше  сипат  алған.  Ҽсіресе  ҽрбір  синтагманың  арасында  

кҿлемді кідірістің орын алуы ақынның ауыл жайындағы ерекше толғанысын кҿрсетеді. Ақын 

ҿлеңінде ҧйқастың егіз ҧйқас тҥрі де кездеседі: 

Тҥсінбеймін, / қашан сенің / ақ сҥтің 

Ақталады,/ менен кҥткен /ҥмітің... 

Аяулы анам, /қасіретті, /шерлі анам, 

Тҧл тҧрмыстың /торы сені /шырмаған! 

Тілегіңе / жетемін деп / кӛздеген, 

Тінтімеген /жерің бар ма, /кезбеген? 

Ғазиз анам, /мейрімді анам, /мен деген, 

Бақыт дәмін /тата алмай бір /шӛлдеген. 

Жанарыңдай /ҥміт етіп /аңсаған, 

Жақсылықтан /не кӛрсеттім /мен саған. 

Ақтай алмай /сенің тӛккен /теріңді, 

Арқалаттым /кҥйігім мен /шерімді. 

Кӛрген сайын /самайыңнан /ағыңды, 

Жасырып ой /жей береді /жанымды. 

Шумағы  екі  тармақтан  тҧратын  ақын  ҿлеңінде  ҽрбір  шумағындағы  екі  тармағы  ҿзінше 

ҧйқаса келіп, ерекшеленеді. Интонациялық тҧрғыдан  алғанда ҽрбір тармағы ҥш синтагмадан 

тҧрып, тиянақты, тиянақсыз, лепті сҿйлем, арнаулы сҧрақ интонемасы арқылы жасалып тҧр. 

Кҿтеріңкі-бҽсең, бірқалыпты тональді деңгей арқылы кҿрініс тапқан. Ақын ҿлеңінде бірінші 

тармағында  қарқындылығы  баяу  басталады  да,  ал  екінші  тармағында  жылдамырақ 

айтылады. Ақын ҿлеңінде ҿте жиі болмағанмен, ара-арасында ерікті ҧйқас тҥрі де кездеседі. 

Бҧл ерікті ҧйқаста бҽрі бірдей белгілі тҽртіпке бағына бермейді, яғни ҧйқастары бірде олай, 

бірде бҧлай болып келеді. Бҧл ҧйқатың тҥрі кҿбіне жырларда кездеседі екен.  Мысалы, 


VI Халықаралық конференция

 

226 



 

Елім! 

Саған ғашықпын. 

Ғашықпын саған: 

Қҧмарымды / қандырмап едім. 

Батыр болып, / бақ қонып, / асып тҧрса адам, 

Қаруы жоқ/ қҧлың ғой/ алдыңда сенің. 

Мен іздеп /жҥрген /жер-кӛкте, 

Арманым менің, /ақылым менің. 

Елім -/ уілдеп жатқан /жӛргекте – 

Сәбиім менің, /батырым менің. 

Ӛмірдің қосын /доғарып, 

Бітсе екен /сенің /туында демім. 

Жҥз рет ӛшіп, /жоғалып, 

Қайыра /тағы /оңалып, 

Табылған елім! 

Бауырмал елім! 

16  тармақтан  тҧратын  бҧл  ҿлеңде  3-5-7-9  жҽне  10-12-13  тармақтарында  ғана  ҧйқас  бар,  ал 

қалғандары  ҧйқассыз  қҧрылған.  Сондай-ақ  ҽр  тармақтың  буын  саны  да,  синтагмасы  да 

бірқалыпты  болмайды,  мҽселен  1-ші  тармағы  2  буыннан,  2-ші  тармағы  5  буыннан,  3-ші 

тармағы 9-буыннан, 4-5-ші тармақ 12-буыннан, 6-10-шы тармақ -8 буыннан, 7-8-9-тармақ 10 

буыннан  тҧрады.11-  тармақ  –8-буын,  12-  тармақ  11-буыннан,  13-  тармақ  7-буынды  болып 

келеді.  Яғни  ерікті  ҧйқастың  табиғаты  тек  ҧйқасына  ғана  ҽсер  етпей,  ондағы  буыны  мен 

синтагмасына да ҽсер етсе керек.  

Ақын ҿлеңдерінде аралас келетін ҧйқас тҥрлері де кездеседі. Мысалы, 

Қысқы тҥн/. 

Аяз./ 

Ай жарық./ 

Тӛңірек /тегіс /қалғуда. 

Басқаға /кӛңіл /бҧрылмай, 

Тҧратын едім/ байланып, 

Терезеңнің/ алдында, 

Желідегі /кҧлындай. 

Қадалып жарық /кең ҥйге, 

Арманым - сені /бір кӛрсем.   

Сырттағы байғҧс /не кҥйде   

Тҧрғанын әсте, /білмеуші ең. 

Бҧл  екі  шумақтың  бірінші  шумағы  ерікті  ҧйқас  тҥрінде  берілсе,  ал  екінші  шумағы  кезекті 

ҧйқас тҥрінде кҿрініс тапқан. Шумақ басындағы 3 тармағы екі-ҥш буыннан басталып, 4,5,6-

ші  тармағы сегіз  буыннан,  8 тармағы 7 буыннан тҧрады. Яғни бҧл ҿлең шумақтары  аралас 

келетін  ҧйқас  тҥрінде  берілген.  Ҽр  шумағы  бір,  екі  синтагмадан  тҧратын  ҿлеңді 

интонациялық  тҧрғыдан  қарайтын  болсақ,  тиянақты-тиянақсыз  интонема  арқылы  кҿрініс 

тауып, ҿзіндік ерекшеліктері байқалады.    

Қазақ  поэзиясындағы    ҧйқастың  соңғы  тҥрі  Осы  кҥнгі  ерікті  ҧйқастар  деп  аталады. 

Ҧйқастың бҧл тҥрі М.Мақатаев ҿлеңдерінде сирек кездеседі. Мысалы: 


VI Халықаралық конференция

 

227 



 

Тула, /Жҥрек! 

Ӛкінем /мен несіне!? 

Туған жҥрек, 

әрине, 

ӛлмесін бе? 

..Жоқ! 

Дәрігер! 

Қозғама, 

дамылдасын, 

Әрбір жҥрек /ӛзінің /кеудесінде! 

Бҧл ҿлеңнің бір шумағында 10 тармақ болғанымен, ҽр тармақ екі-ҥш-тҿрт буыннан тҧрады, 

тек  қана  2-ші  тармағы  8  буыннан  тҧрса,  10-шы  тармағы  11  буыннан  тҧрады  екен.  Бҧл 

ҧйқастың  тҥрі  оқығанда  ҧйқасы  жоқ  сияқты  болып  кҿрінгенімен,  бҧның  да  ҿзіндік 

ерекшелігі бар, жҥйесін тауып оқығанда ғана ҿзіндік ҧйқасы кҿрінеді. Сондай-ақ бҧл ерікті 

ҧйқас тҥрінде болғандықтан, ҧйқасы жағынан ҿзгешеленіп тҧрады. Интонациялық тҧрғыдан 

қарастырар  болсақ,  ҽрбір  тармағында  ҿзінше  бір  леп  бар,  яғни  логикалық  жҽне 

психологиялық  екпін  кҿрініс  тапқан.  Бҧл  ҿлең  жолдарында  синтагма  да  ҽртҥрлі  сипатта 

екендігі кҿрінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет