Vi халықаралық конференция 1



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата03.03.2017
өлшемі4,56 Mb.
#6569
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54

 

VI Халықаралық конференция

 

210 



 

СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ ҚАТЫСТЫ ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ 

Омарова Бану Аманбайқызы 



Әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті,мемлекеттік тіл кафедрасының 

доценті, ф.ғ.к.,Алматы, 050040, Қазақстан  

 

Summary 

 

In this article the author examines demonstrative pronouns, verb combinations that form in 



the Kazakh language. 

Key words: syntax, demonstrative pronouns, verb phrases; 



Резюме 

 

В  этой  статье  автор  рассматривает  указательные    местоимения,  которые  образуют 



глагольные  словосочетания в казахском языке.  

Ключевые слова: синтаксис;  указательные местоимения;  глагольные словосочетания;  

 

Кіріспе.  

 

1.1. Сілтеу есімдіктерінің сҿйлем мҥшелерінің бҽрінің қызметін атқара алатындығы 



олардың  тіркесімділік  қабілетінің  де  зор  екендігін  байқатса  керек.  Алайда  олардың  кейбір 

тҥрлері синтаксистік қызметті таңдай отырып атқаратындығын да байқаймыз. Осы тҧрғыда 

А.Ибатов былай дейді: «Мҽселен, міне, ҽне, осынау, сонау, тҥу (тҥнеу) есімдіктері ешқашан 

да бастауыш, толықтауыш  боп қызмет атқармайды.  Бҧл, ол сҿздері баяндауыш  боп қызмет 

атқармайды  да,  міне,  ҽне  есімдіктері  анықтауыш  болмайды.  Сол  сияқты  пысықтауыштық 

қызмет тек осы, сол есімдіктеріне ғана тҽн» (Қазақ тіліндегі есімдіктер, 1961). Біздіңше, дҽл 

осы  қағиданы  сілтеу  есімдіктерінің  сҿз  тіркесі  синтаксисіндегі  қызметінде  басшылыққа 

алған  жҿн.  Тіл  материалдары  сілтеу  есімдіктерінің  сҿйлемде  есім  сҿздермен  де,  етістік 

сҿздермен де ҽр алуан байланысу формалары арқылы тіркеске тҥсетіндігін кҿрсетеді. Есімді 

сҿз  тіркестерін  біз  алдыңғы  мақаламызда  қарастырып  ҿткен  болатынбыз.  Ал  осы 

мақаламыздың негізгі зерттеу объектісі етістікті сҿз тіркестері болмақ. Зерттеу еңбектерінде 

сілтеу есімдіктерінің сҿз тіркесі синтаксисіндегі қызметі, негізінен, олардың есім сҿздермен 

байланысу тҧрғысынан сҿз болады. Осы орайда проф. Т.Сайрамбаев былай дейді: «Егер зат 

есім,  сын  есім,  сан  есімдердің  тіркесу  қабілеті  ҽрі  есімді,  ҽрі  етістікті  сҿз  тіркестерінде  де 

жан-жақты  қаралып,  ал  есімдіктердің  тек  есімді  сҿз  тіркесінде  қаралуы  оның  ҽлі  де  болса  

тіркесу мҥмкіншіліктерін толық меңгермеуден болып отыр» (Қазақ тіл білімінің мҽселелері. 

Сҿз  тіркесі,  2010).  «Сілтеу  есімдігі-етістік»  типті  сҿз  тіркестерін  қҧрай  отырып,  сілтеу 

есімдіктері,  негізінен,  субстантивтену  арқылы  байланысқа  тҥседі.  Ондай  қызметке  сол,  ол, 

бҧл, осы есімдіктері қатысады. Олар етістіктермен меңгеріле, қиыса, қабыса байланысқан сҿз 

тіркестерін қҧрайды. Енді солардың ҽрқайсысына жеке тоқталып ҿтелік. 

Негізгі мҽтін.  

 

1.2. Етістікпен меңгеріле  байланысу формасы. Сілтеу есімдіктері  «сілтеу есімдігі  – 



етістік» типті меңгеріле байланысқан сҿз тіркестерінде ҽлдеқайда жиі кездеседі. Етістіктерге 

барыс,  табыс,  шығыс,  кҿмектес  септіктері  арқылы  меңгеріліп,  сілтеу  есімдіктері  контексте 

ҽртҥрлі  мағыналық  қатынастарда  жҧмсалады.  Осы  орайда  А.Ибатов  былай  дейді:  «Сілтеу 

есімдіктеріне септік жалғаулары да біркелкі талғаусыз  жалғана бермейді. Мҽселен, бҧл, ол, 



VI Халықаралық конференция

 

211 



 

мына, ана, сол сілтеу есімдіктері жекеше жҽне кҿпше тҥрінде де септеле беретін болса, сона 

есімдігі жекеше тҥрінде ғана барыс, жатыс, шығыс септік жалғауларын қабылдай алады. Ал 

ҿзге  міне,  мынау,  ҽне,  анау,  осынау,  сонау,  тҥу  есімдіктері  жекеше  де,  кҿпше  де  боп 

септелмейді» (Қазақ тіліндегі есімдіктер, 1961). Басыңқы компоненті дара ҽрі кҥрделі етістік 

болып келетін мҧндай қҧрамдағы сҿз тіркестеріндегі сілтеу есімдіктері сҿйлемде, негізінен, 

толықтауыш  қызметін  атқарады.  Сілтеу  есімдігінің  барыс  септігінде  етістікке  меңгерілу 

жағдайлары  қалғандарына  қарағанда  ҽлдеқайда  сирек  кездеседі.  Барыс  жалғаулы  сілтеу 

есімдіктері  етістіктермен  дара  кҥйінде  де,  шылаулар  арқылы  да  тіркесіп  те  сҿз  тіркестерін 

қҧрайды.  Ондай  кезде  олар  толықтауыштық  қатынаста  жҧмсалады.  С.Аманжолов    сілтеу 

есімдіктерінің шылау сҿздердің меңгерілуінде қолданылатынын мынадай мысалдар арқылы 

кҿрсетеді:  соған  бола  бардым,  бҧған  шейін  жолықпадым,  бҧдан  ары  не  десін  (Қазақ  ҽдеби 

тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы,  1994).  Барыс  септігі  арқылы  меңгерілген  сілтеу  есімдігі 

мен  етістіктің  арасындағы  байланыс  жанама  толықтауышы  бар  контексте  пайда  болады. 

Сҿйтіп,  олар  аталмыш  контексте  жанама  объектіге  нҧсқай  қолданылып  тҧр.  Сілтеу 

есімдіктері (осы, бҧл, сол) басыңқы компонентпен қатар да, алшақ та тҧрып меңгеру жасай 

алады. Оған тҿмендегі мысалдар дҽлел: 

 Осыған тоқтасты ма? (М.Ҽуезов)  

Бҧған  кілем  емес,  -  деп  кекіре  гҥрілдеді  Мишаш,-  ҽлгіндей  қылмысы  ҥшін  Сібірге  айдау 

керек! (Ш.Айтматов) 

Бҧл сҿйлемдердегі сілтеу есімдіктерін меңгеріп тҧрған етістіктер ҽртҥрлі формада кездеседі. 

Алғашқы сҿйлемдегі меңгерудің басыңқы компоненті толық мағыналы негізгі етістік болса, 

екінші сҿйлемдегі етістік қызметін керек сҿзі атқарып тҧр.  

 

Табыс  септікті  сілтеу  есімдігінің  меңгерілуіне  осы,  сол,  бҧл  есімдіктері  жекеше 



тҥрінде кҿбірек қатысады.  Ондай кезде олар сҿйлемде тура толықтауыш қызметін атқарып, 

басыңқы  компонентпен  қатар  да,  алшақ  та  тҧрып  байланысқа  тҥседі.  Осы,  бҧл  есімдіктері 

контексте жақын аралық ҧғымды білдіріп, тура объектіге нҧсқайтын қатынаста жҧмсалады. 

Ал  сол  есімдігі  субстанцияның  алысырақ  екендігін  нҧсқап,  тура  объектіні  білдіреді. 

Тҿмендегі мысалдар соның айғағы болып табылады:  

Кҿрмей отырмысың соны? (М.Ҽуезов)  

Осыны мен сендерден сҧрап отырмын. (М.Ҽуезов)  

Оның сойылын не деп соғады екен Баймҧрын, сонысын айтты ма?  – деп  Қҧнанбай жаңағы 

ҿзін теріс қып кҿрсететін сҿзден аттап тҥсті. (М.Ҽуезов)  

Осыны ҽкеммен ақылдасып айтып жҥр-ау! – деп ойлады. (М.Ҽуезов)  

Сонда қолы ашық шешем: «Мҧны не деп жіберді екен?»  - деп ашуланып, есіктен шығарып 

сыртқа, итке лақтырған еді. (С.Шаймерденов) 

Соны іздеп жҥрмін деген. (С.Бақбергенов) 

 Ақындық бір ауру екен, соны ҧқтым. (М.Мақатаев) 



VI Халықаралық конференция

 

212 



 

Табыс  жалғаулы  сілтеу  есімдіктерін  меңгеретін  етістіктер,  негізінен,  кҿмекші  етістіктер, 

сҧраулық  жҽне  демеулік  шылаулармен  кҥрделенген  салт  етістіктер  болып  табылады.  Ал 

олардың бағыныңқы  сыңары, яғни, сілтеу есімдіктері  –  профессор М.Балақаевша  айтқанда, 

мағыналық  жағынан  нақтылы  объектілі  сҿздер.  Меңгеріле  байланысқан  сҿз  тіркесі 

қҧрамында олар орын тҽртібін ауыстырып та қолданыла береді. Сондай-ақ табыс жалғаулы 

сілтеу есімдіктері тҽуелді септелу арқылы да меңгеріледі.    

 

Шығыс  септікті  меңгерілуге  сол,  ол,  осы  есімдіктері  қатысады.  Олар  етістік 



сыңармен қатар да, алшақ та тҧрып, сҿз тіркесін қҧрай береді. Сондай-ақ мҧндай қҧрамдағы 

сҿз  тіркестері  дара  ҽрі  кҥрделі  болып  келеді.  Кҥрделену  процесі,  негізінен,  септеулік 

шылаулар  арқылы  жҥзеге  асады.  Яғни,  шылаулы  меңгеру  сілтеу  есімдігі  қатысты  сҿз 

тіркестеріне  қатысты  ерекшелік  десе  де  болады.  Мҧндағы  осы,  сол  есімдіктері  соң 

шылауымен  тіркесе  отырып,    мезгілдік  ҧғымға  нҧсқайды  да,  контексте  пысықтауыштық 

қатынаста жҧмсалады. Мысалы:  

Сонан соң ақ мақта болдық.(М.Мақатаев)   

Осыдан соң екі жағы да шапшаң сҿйлесе жҿнеліп еді. (М.Ҽуезов)  

деген сҿйлемдерде сілтеу есімдіктері қашан? деген сҧраққа жауап береді де, дара да, кҥрделі 

де  етістіктерге  меңгеріле  береді.  Сол  сияқты  сілтеу  есімдіктерінің    сҿз  тіркесіндегі  содан, 

одан  ары  тҥріндегі  қолданыстары  да  сҿйлемде  пысықтауыш  тудыратынын  мына 

мысалдардан анық байқауға болады:  

Содан арақтың аранына тҥсіп кетіп, ал кеп ішсін. (Ш.Айтматов) 

Есіктің  кҿзінен  ҽрірек,  алысырақ  кетсе  болды  –  одан  ары  ҧрса  –  ҧра  берсін,  соқса  –  соға 

берсін, мейлі не қылса – о қылсын, тек зымырап бара жатқан пойыздан лақтырып жібермесе 

болғаны. (Ш.Айтматов)  

дегенде  меңгеру  амалымен  қҧрылған  сілтеу  есімдікті  сҿз  тіркестерінен  ешқандай  жанама 

объектіні  байқамаймыз.  Керісінше  шығыс  септігіндегі  сілтеу  есімдіктері  контексте 

пысықтауыштық  қатынаста  жҧмсалып  тҧр.  Бҧл  сілтеу  есімдіктерінің  сҿз  тіркесі 

синтаксисіндегі ҿзіндік ерекшеліктері болса керек.   

 

Келесі  топты  кҿмектес  септікті  меңгерілуге  қатысты  сілтеу  есімдіктері  қҧрайды. 



Оларға  сол,  осы  есімдіктері  жатады.  Аталған  есімдіктер  дара  кҥйінде  дара  ҽрі  кҥрделі 

етістіктерге  меңгеріліп,  сҿйлемде  жанама  объектіні  білдіреді.  Сҿйтіп,  толықтауыштық 

қатынаста  жҧмсалады.  Ал  шылаулы  меңгеру  қҧрай  отырып,  сілтеу  есімдіктері  контексте 

пысықтауыш қызметін атқарады. Мҽселен, тҿмендегі сҿйлемдерге кҿңіл аударып кҿрелік: 

Бірге кҥліп солармен, жҧбанамын. (М.Мақатаев) 

Солармен  бірігіп,  подъезд  қуысында  тасаланып,  арақ  ішіп  тҧрған    жерінде  ол  Оберге  тап 

болсын. (Ш.Айтматов)  

Ал, балалар, осымен тоқтайық. (С.Шаймерденов) 

Ҽңгіме осымен бітуге тиіс еді-ау! (С.Бақбергенов)  


VI Халықаралық конференция

 

213 



 

Бҧл  мысалдардан  бірге  кҥліп  солармен,  солармен  бірігіп,  осымен  тоқтайық,  осымен  бітуге 

тиіс  еді-ау  сияқты  сҿз  тіркестерін  байқап  отырмыз.  Алғашқы  сҿз  тіркесі  қалғандарынан 

ерекшеленетіні  кҿрініп  тҧр.  Ҿйткені,  ол  біріншіден,  ҿлең  жолдарынан  алынғандықтан, 

сҿздердің  орын  тҽртібі  инверсияға  ҧшырап  тҧр,  екіншіден,  сілтеу  есімдігі  шылау  сҿзбен 

кҥрделеніп,  пысықтауыштық  қатынаста  жҧмсалып  тҧр.  Ал  қалғандары  кіммен?  немен? 

сҧрақтарына жауап беріп, жанама объектіге нҧсқап тҧр.  

 

1.3.  Етістікпен  қиыса  байланысу  формасы.  Тіліміздегі  сілтеу  есімдіктері 



етістіктермен  қиысу  амалымен  байланыса  отырып  сҿз  тіркесін  қҧрайды.  Мҧндай  қҧрамды 

сҿз тіркестерінде олар бастауыш та, баяндауыш та бола береді. Тіл материалдары  сол, бҧл, 

осы  есімдіктерінің  сҿйлемде  ҽртҥрлі  формада  предикативтік  қатынасқа  тҥсетінін  кҿрсетіп 

отыр.  Сілтеу  есімдіктерінің  сҿйлем  мҥшесі  қызметін  таңдай  отыра  атқаратынын  ескерсек, 

сол,  бҧл  сҿздерінің  бастауыш  болуға,  ал  осы  сҿзінің  сҿйлемдегі  ойды  тиянақтауға  бейім 

екендігін  байқаймыз.  Олар  қолданылу  ерекшеліктеріне  қарай  тҽуелдік  тҧлғада,  кҿпше 

тҥрінде,  дара  ҽрі  кҥрделі  қҧрамда  жҧмсала  береді.  Субъектіні  білдіретін  мҥше  ретінде 

қызмет атқаратын сілтеу есімдіктерін мысал арқылы қарастырып кҿрелік:  

Соным ҧнамады ма, кім білсін, Қаллекей бетіме тура қарады да жылылығы да, зілі де жоқ бір 

кейіппен: ... (С.Шаймерденов) 

Бҧлар да аналар тҽрізді кҿңілді кҿрінді. (С.Бақбергенов) 

деген  сҿйлемдерде  соным,  бҧлар  да  бастауыштарын  байқаймыз.  Олардың  бірі  тҽуелдік 

тҧлғада  айтылған  ойдың  не  туралы  екендігін  білдіріп,  қимылдың  неге  қатысты  екенін 

меңзесе,  екіншісі  кҿпше  тҥрде  кім  туралы  екендігін  атап,  адам  деген  ҧғымға  меңзеп  тҧр. 

Сілтеу есімдіктерінің ішінде баяндауыш мҥше қызметін атқаратын бірден-бір есімдік – осы 

сҿзі. Ол нҿлдік формада да, кҿмекші етістіктердің тіркесі арқылы да предикативтік қатынас 

қҧрайды.  Бастауышы  зат  есімнен  немесе  есімшелі  етістіктен  болған  жағдайда  осы  сілтеу 

есімдігі атау кҥйінде тҧрады. Мысалы:   

Сасқан жері осы болды. (С.Бақбергенов)  

Ендеше, сол апрелің осы. (М.Ҽуезов) 

Жоғарыдағы  сҿйлемдерде  сілтеу  есімдікті  баяндауыш  мҥшелер  дара  кҥйінде,  яғни  (осы) 

жҽне  кҥрделі  тҥрде  (осы  болды)  жҧмсалған.  Олардың  бастауыш  сыңары  жері,  апрелің 

сияқты есім сҿздер.  

Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. (М.Ҽуезов) 

Қарқаралыға келгелі Бҿжейдің кҿрінгені осы. (М.Ҽуезов)  

деген сҿйлемдерде предикативтік қатынастың бастауыш сыңары есімшелі болып келеді. Ал 

ойды тиянақтаушы мҥше дара да (осы), кҥрделі де (осы еді) қҧрамда кездесе береді.  

 

1.4.  Етістікпен қабыса байланысу формасы. Жалпы сілтеу есімдіктерінің сҿз тіркесі 



синтаксисіндегі  қабысуға  қатысуы  сирек  кездесетін  қҧбылыс  деуге  болады.  Осы  тҧрғыда 

проф.  Т.Сайрамбаев  есімдіктердің  етістіктермен  тіркесу  мҥмкіншіліктерін  қарастыра  келе, 

олардың  қатарында  жалпылау,  сҧрау,  белгісіздік,  болымсыздық  есімдіктерін  атайды  (Қазақ 

тіл  білімінің  мҽселелері.  Сҿз  тіркесі.  Алматы,  2010).    Осы  қатарды  сілтеу  есімдіктерімен 



VI Халықаралық конференция

 

214 



 

толықтыруға  ҽбден  болады.  Осы,  анау,  мынау,  сол  есімдіктері,  негізінен,  есімше  немесе 

кҿсемше  тҧлғалы  етістіктермен  орын  тҽртібі,  кҿмекші  есім  мен  кҿмекші  етістіктер  арқылы 

тіркесіп, қабысу қҧрайды.  

Ҽ, маған осы мойындағаныңыз жетеді (С.Шаймерденов). 

деген  сҿйлемде  осы  мойындағаныңыз  тіркесін  байқаймыз.  Мҧндағы  сілтеу  есімдігі  нҿлдік 

тҧлғада  есімшелі  етістікпен  орын  тҽртібі  арқылы  тіркесіп,  қабысу  амалын  тудырып  отыр.  

Сҿйтіп,  анықтауыштық  қатынаста  жҧмсалған.  Ал  енді  мына  сҿйлемдердегі  жағдай  ҿзгеше. 

Ондағы сілтеу есімдіктері етістікпен кҿмекші сҿздер арқылы тіркесіп, қабысу жасайтындығы 

кҿрініп тҧр: 

Бірақ анау деп, мынау деп шуылдап қашып, алименттің ырым-жырымын шығарып, жҿнді ҽлі 

бермей жҥр («Қазақстан ҽйелдері»).  

Жаңағы ҽн Кҿркембаланың ҿз ҽні боп, даусыз сол ғана боп танылады (М.Ҽуезов). 

Сол бойы ҿзенге тарттым ( С.Жиренов).  

Бҧл мысалдардағы сілтеу есімдіктерінің ерекшелігі – оларға кҥрделену процесі тҽн. Де, бол 

кҿмекші  етістіктері  мен  бойы  кҿмекші  есімімен  тіркесу  арқылы  бағыныңқы  компонент 

қызметіндегі сілтеу есімдіктері етістікпен қабыса байланысқан сҿз тіркесін қҧрайды. Сҿйтіп, 

сҿйлемде пысықтауыштық қатынаста жҧмсалады. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің етістікпен 

қабыса байланысу қабілетін қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға  болады: етістікті 

қабысуға қатысқан сілтеу есімдіктері контексте анықтауыш та, пысықтауыш та бола алады. 

Бҧл жағдай, ең алдымен, сілтеу есімдіктерінің қандай етістікпен тіркесетіндігіне, екіншіден, 

олардың  қалай  тіркесетіндігіне  тікелей  байланысты.  Анықталатын  сҿз  ретіндегі 

субстантивтенген  есімшемен  тіркесе  отырып,  сілтеу  есімдіктері  анықтауыш  қызметін 

атқарады. Мҧндағы байланыс таза орын тҽртібі арқылы жҥзеге асады. Ал етістікпен кҿмекші 

сҿздер арқылы байланыса отырып, сілтеу есімдіктері сҿйлемде пысықтауыштық қатынасты 

тудырады.  Жалпы,  «есімдіктердің  етістіктермен  қабыса  байланысы  ҿз  алдына  арнайы 

зерттеуді  қажет  ететін  ҥлкен  бір  сала  болып  табылады»  деп  проф.  Т.Сайрамбаев  айтып 

кеткендей, бҧл мҽселе ҽлі де тереңірек қарастыруды қажет ететіні сҿзсіз (Қазақ тіл білімінің 

мҽселелері. Сҿз тіркесі, 2010.) 

Әдебиеттер тізімі 

Аманжолов С.М. Қазақ ҽдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1994.   

Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.  

Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мҽселелері. Сҿз тіркесі. Алматы, 2010.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



VI Халықаралық конференция

 

215 



 

КӘСІБИ БАҒДАРЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ІСКЕРЛІК 

ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

Омарова Бану Аманбайқызы 



Әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті,мемлекеттік тіл кафедрасының 

доценті, ф.ғ.к.,Алматы, 050040, Қазақстан  

Тҥйіндеме 

 

В  данной  статье  автор  рассматривает  вопросы  использования  деловой  игры  на 



уроках профессионально-ориентированного казахского языка.. 

 

Кілтсҿздер: инновации; деловая игра; сценарий. 



Кіріспе. 

1.1.  Қазіргі  таңда  білім  беру  саласында  инновациялық  технологиялар  кеңінен  қолданылуда. 

Олардың ауқымды бҿлігін интербелсенді ҽдістеме қҧрайды. Бҧл ҽдістеме бірлесіп ҽрекет ету 

арқылы  тҧлғаның  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  болашақ  мамандығына  қатысты 

кҽсіби  біліктілігін  қалыптастырады.  Оқу  ҥдерісінде  жиі  қолданылатын  интербелсенді 

ҽдістердің  бірі  –  іскерлік  ойындар.  Іскерлік  ойындар  Англияда,  Канадада,  Жапонияда, 

Франция  мен  Германияда  барынша  белсенді  қолданысқа  тҥскен  педагогикалық 

технологиялардың  бірінен  саналады.  Қазір  ҽлемде  2000  астам  іскерлік  ойын  тҥрлері 

қолданылуда (Материалы Интернет-конференции «Современный преподаватель: личность и 

деятельность». УНИД БелГУ, 2010). 

 Негізгі мҽтін  

1.2.  Іскерлік  ойындар  студенттің  болашақ  кҽсіби  қызметінің  пҽндік  жҽне  ҽлеуметтік 

мазмҧнын қҧрайтын ҿзіндік бір форма болып табылады. Олар болашақ маманның теориялық 

жҽне  практикалық  ойлау  қабілетін,  білімін  іс  жҥзінде  қолдана  алу  қабілетін  дамыту  жҽне 

ҿзара  қарым-қатынастың  кҽсіби  нормалары  мен  ережелерін  меңгерудің  қҧралы  ретінде 

қызмет  атқарады.  Іскерлік  ойындардың  мҽні  проблема  мен  оны  шешудің  тҽсілдерін 

анықтауға  негізделген  қатысушылардың  шығармашылық  іс-ҽрекетінде.  Ҽрине  бҧл 

ойындардың тиімділігін қамтамасыз ету ҥшін ҽдістемелік тҧрғыдан дҧрыс ҧйымдастырылуы 

қажет.  Іскерлік  ойындарды  сабақтың  кез  келген  кезеңінде  ҿткізе  беруге  болады.  Оларды 

дҽріс  оқу  кезінде  де,  практикалық  сабақ  барысында  да  тиімді  қолдануға  ҽбден  болады. 

Ҽсіресе кҽсіби бағдарлы  қазақ тілі сабақтарында іскерлік оқу ойындарын ҧйымдастырудың 

маңызы ҿте зор. Бір жағынан, іскерлік ойындар студенттің мемлекеттік тілді меңгеруге деген 

ынтасын оятса, екінші жағынан, олардың кҽсіби шеберлігін шыңдауға кҿмектеседі. Кҿптеген 

педагогтардың  пікірінше,  меңгерілген  материал  негізінде  ҿткізілген  іскерлік  ойындар 

ҽлдеқайда мазмҧнды жҽне сапалы болып келеді.  

1.3.  Сценарий,  ойын  ойнауға  итермелейтін  жылы  атмосфера  жҽне  регламент    іскерлік 

ойындардың  алғышарттары  болып  табылады.  Сценарийге  ойынды  ҧйымдастыру  сипаты, 

ойын  ережелері  жҽне  кҽсіби  ахуалды  сипаттау  жатады.  Ойын  ережелерінде  ойынға 

қатысушылардың  қҧрамы  мен  рҿлдердің  сипаттамасы  (ҽр  рҿлге  қатысты  ҽдістемелер, 

бҧйрықтар, лауазымдық нҧсқаулар) анықталады. Кез келген ойынның басты қҧралы ретінде 

қатысушылардың  тҽртібін  атауға  болады.  Ойын  ҿткізудің  уақытша  тҽртібі  мен  шынайы 


VI Халықаралық конференция

 

216 



 

ахуалды  дҧрыс  таңдай  білу  ҿте  маңызды.  Ойын  регламенті  оны  ҿткізу  тҽртібінің  жҽне 

нҧсқаулардың жалпы талаптарын анықтайды.  

1.4. Тиімді нҽтижеге жету ҥшін іскерлік ойындардың бірнеше психологиялық-педагогикалық 

принциптерін  білген  жҿн.  Қазіргі  педагогтар  оларға  тҿмендегі  принциптерді  жақызып  жҥр 

(Молодой ученый. – 2011):  

1) кҽсіби қызмет мазмҧнын имитациялық модельдеу;      

2) 


студенттерде 

кейбір 


қарама-қайшылықтар, 

қиындықтар 

тудыратын 

ойын 


тапсырмаларының жҥйесі арқылы кҽсіби қызметке тҽн проблемалық жағдаяттарды жасау; 

3)  субъект-субъектілік  қарым-қатынас  жағдайында  ҿндірістік  қызмет  атқару  ойындарында 

қатысушылардың бірлесіп ҽрекет етуі; 

4)  оқу  тапсырмаларын  орындаудың,  дайындық  пен  шешім  қабылдаудың  қажетті  шарты 

болып табылатын ойынға қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасы; 

5)  ойын  тҥріндегі  оқу  ҽрекетінің  кҿпқырлылығы  (іскерлік  ойындар  маманды  тҧлға  ретінде 

қалыптастыруға  кҿмектеседі,  ойын  формасы  арқылы  оның  кҽсіби  жҽне  ҽлеуметтік 

қҧзыреттілігін дамытады).  

Іскерлік  ойындар  кадрлар  менеджментінде  қандай  да  бір  шешім  қабылдаудың  ҥдерістерін 

ҿздігінше  модельдеуді  жҥзеге  асырады.  Ойын  барысында  студенттер  3-5  адамнан  тҧратын 

топтарға  бҿлінеді.  Олар  ҽртҥрлі  жағдайларға  талдау  жҥргізіп,  шешім  қабылдайды,  кҥрделі 

мҽселелерді талқыға салады. Студенттер арасындағы қарым-қатынас бҽсекелестік сипатқа да 

ие болуы мҥмкін.  Іскерлік ойындарға:  

-ойын барысында қарастырылып жатқан нақты жағдаяттың шынайылығы

-міндеттердің ҧдайы қайталануы; 

-пікірталастың орын алуы; 

-толық ақпараттың жоқтығы, белгісіздік жағдайында шешім қабылдау; 

-белгілі бір ережелер мен ойын регламентінің болуы жатады.  

1.5.  Іскерлік  ойындарды  ҧйымдастыру  барысында  мына  ережелерді  қатаң  сақтаған  жҿн: 

ойынға  қатысушылардың  ықылас  қоюшылығы,  ҽр  қатысушының  ойынға  шындап  берілуі, 

басқа қатысушылардың кҿзқарасын сыйлау, ҿзіндік ой-пікір қалыптастыра білу. Кез келген 

іскерлік  ойын  мазмҧны  ойын  жҽне  оқу  міндеттерін  қамтуы  тиіс.  Бҧл  екі  аспект  іскерлік 

ойынның  мҽнін  ашып,  оның  мақсатын  айқындайды.  Ойын  аспектісі  студенттердің,  яғни 

болашақ маманның кҽсіби қызметімен тікелей байланысты болса, оқу аспектісі пҽн бойынша 

меңгеретін білік-дағдылар мен шеберліктерді кҿрсетеді.  

1.6.  Іскерлік  ойындарды  ҧйымдастырудың  ҿзіндік  ҽдістемесі  болады.  Ҽдістемені 

шеберлікпен іске асыру ҥшін оның қҧрылымына ерекше мҽн беру керек. Іскерлік ойынның 


VI Халықаралық конференция

 

217 



 

қҧрылымына қатысты екі тҥрлі пікірді кездестіруге болады. Бір зерттеушілер іскерлік ойын 3 

кезеңнен  тҧрады  десе,  ал  енді  біреулері  оны  4  блокқа  бҿліп  қарастырады  (Известия 

Российского государственного педагогического университета им. А.И.Герцена, №112, 2009). 

Біз соңғы пікірді қолдаймыз. Сонымен, осы 4 блокты қарастырып кҿрелік.  

1)  Ҧйымдастыру-ҽдістемелік  кезеңі.  Бҧл  кезең  ойынға  дайындық  барысын  сипаттайды. 

Оқытушы ойынның мақсатын айқындап, сценарийін, ойын ережелерін жҽне қатысушыларға 

арналған  лексика-грамматикалық  материалдарды  дайындайды.  Кҽсіби  бағдарлы  қазақ  тілі 

сабақтарында  ойналатын  іскерлік  ойындардың  негізгі  мақсаты  –  студенттің  болашақ 

мамандығына  байланысты  сҿйлеу  тілін  дамыту,  пікір  таластыру  шеберлігін  қалыптастыру. 

Сондықтан  ойын  элементтерінің  барлығы  да  осы    мақсатқа  бағытталғаны  жҿн.  Мақсатқа 

жеткізетін  сҽтті  қадамдардың  бірі  –  сценарий.  Сценарий  ойынға  қатысушылардың  іс-

ҽрекетін,  олардың  бір-бірімен  ҿзара  қарым-қатынасын  сипаттайды.  Ол  ойынның  алдында 

қатысушыларға  хабарланады.  Шет  тілі  ҽдістемесінде  кеңінен  қолданылып  жҥрген 

сценарийлерді  қазақ  тілі  сабақтарында  да  ҿте  ҧтымды  пайдалануға  болады.  Сондай 

сценарийлердің  бірі  –  «Мҽтін».  Бҧл  сценарий  бойынша,  аудитория  екі  топқа  бҿлінеді  де, 

сарапшылар  тобы  да  қҧрылады.  Ҽр  топ  белгіленген  уақыт  ішінде  (15-20  минут)  тақырып 

бойынша  мҽтін  қҧрастырып  жазу  керек.  Содан  кейін  топтар  ҿз  мҽтінін  жария  етеді  де, 

кҿпшілік  талқысына  салады.  Сарапшылар  белгіленген  шкала  бойынша  ҽр  топ  жҧмысының 

нҽтижесін  бағалайды.  Оқытушы  ойынды  қорытындылайды.  Сондай-ақ  студенттердің 

диалогтық жҽне монологтық сҿйлеу тілін дамытуға арналған «Диалог» атты сценарийді тіл 

сабақтарында ҧсынуға болады. Бҧл сценарий бойынша, аудитория екі қатысушылар тобына 

жҽне  сарапшылар  тобына  бҿлінеді.  Екі  топ  қарама-қарсы  рҿлдерді  бҿлісіп  алады.  Олардың 

міндеті  –  проблеманың  шешу  жолдарын  ҧсыну.  Ҽр  топтың  ҿзіндік  ҧстанымдары  бар  жҽне 

олар  бір-біріне  мҥлдем  қарсы  бағытта  болуы  керек.  Проблеманың  шешімдері  жарияланған 

соң  олар  қорғалуы  тиіс.  Сарапшылар  айтылған  ой-пікірлердің  дҽлелділігі  мен 

қисындылығын ескере отырып, ҽр топтың жҧмысын бағалайды.  

Бҧл кезеңнің маңызды компоненттерінің бірі – лексика-грамматикалық материалдар. Оларға 

мҽтін, грамматикалық қҧрылымдар, тірек сҿздер мен сҿз тіркестері жатады. Негізгі материал 

ретінде  аутентикалық  оқу  мҽтіндерін  таңдап  алған  жҿн.  Мҽтіндер  белгілі  бір  талаптарға 

жауап  беруі  керек,  олар:  1)  мҽтін  мазмҧнының  тақырыпқа  сҽйкес  болуы;  2)  мҽтіннің 

студенттер  мҥддесіне  жҽне  коммуникативтік  талаптарына  сҽйкестігі;  3)  мҽтінде  екіҧшты 

проблеманың  кҿтерілуі;  4)  мҽтінде  ҿзекті,  елтанымдық,  лингвоелтанымдық,  социомҽдени 

ақпараттың болуы.  

Ойын  ережелері  мынадай  мҽселелерді  қамтиды:  а)  ойын  кезеңдерінің  уақытша  регламенті, 

тапсырмаларды  орындауға  берілетін  белгілі  бір  уақыт;  ҽ)  ойын  тапсырмаларын  орындау 

барысындағы қатысушылардың тҽртіп нормалары.  

2)  Дайындық  кезеңі.  Бҧл  кезеңде  студенттерді  ойынға  дайындайтын  арнайы  жаттығулар 

кешені  орындалады.  Оқытушының  басты  міндеті  –  студенттерді  ойынға  жан-жақты 

дайындау,  яғни  оларды  психологиялық,  ақпараттық  жҽне  тілдік  дайындық  тҧрғысынан  ҿз 

рҿлін  дҧрыс  ойнап  шығуға  барынша  тарту.  Студенттер  ойын  ережелері  мен  ойынның  ҿту 

барысымен  танысады,  сценарийді  оқып  шығып,  ҽр  рҿлдің  ҽлеуметтік-психологиялық 

портретімен таныс болады. Бҧл кезеңде ойын командалары қалыптасып, қатысушылар саны 

анықталады.  



VI Халықаралық конференция

 

218 



 

 3)  Ойынның  ҿту  кезеңі.  Ҧсынылатын  ойын  сценарийлері  тапсырмалардың  біртіндеп 

кҥрделене  беруімен  ерекшеленеді.  Кез  келген  іскерлік  ойынның  ең  басты  аспектісі  – 

студенттер арасында пікірталастың орын алуы. Ол ҥшін сауатты қҧрылған сценарий қажет. 

Жоғарыда  аталған  «Мҽтін»,  сондай-ақ  «Таңдау»,  «Диалог»  атты  сценарийлер  студенттің 

ауызша  сҿйлеу  тілін  дамытуға,  ҿзіндік  пікір  қалыптастыруға,  ҽңгімелесушінің  позициясын 

айқындай білу, қарсыласына сын айта білу шеберлігін шыңдауға бағытталған. Іскерлік ойын 

оқытушының  кіріспе  сҿзімен  басталады,  онда  ойынның  жалпы  мақсаты  жарияланады. 

Ойынға қатысушылар ҿз командаларымен бірігіп, тапсырмаларды жазбаша тҥрде алған соң, 

ойынға кіріседі. Топпен жҧмыс істеуге шамамен 20 минут уақыт беріледі, топ мҥшелері бір-

бірімен ой бҿлісіп, ҧжымдық шешім қабылдайды. Топтар жҧмыс істеп жатқанда сарапшылар 

тобы  олардың  жҧмысын  бағалауға  дайындалып  отырады.  Ол  ҥшін  сарапшылар  алдын  ала 

дайындалған  шкала  бойынша  баға  беруі  тиіс.  Содан  кейін  топ  мҥшелері  ҿз  шешімдерін 

жария ету ҥшін қарсы топ пен сарапшылар алдында жауап береді. Ал қарсыластар олардың 

жауабын  нақтылау  ҥшін  қосымша  ақпарат  талап  етеді,  қарсы  ой  айтады,  ҿз  ҧстанымдарын 

қорғайды.  Оқытушы  да  ойыннан  тыс  қалмауы  тиіс.  Ол  ойынға  қатысушыларды 

ынталандырып,  пікірталас  тудыруға  барынша  жағдай  жасауға  тырысады,  ҽртҥрлі 

кҿзқарастарды  қолдайды,  қарсылық  білдіреді,  шарттарды  нақтылайды,  кейбір  мҽліметтерді 

еске  тҥсіреді,  пікірталасты  қорытындылайды.  Ойын  соңында  сарапшылар  топ  жҧмыстарын 

талқылап, оларға баға береді де, жеңімпазды анықтайды.  

4) Ойыннан кейінгі брифинг ойынды талдап, сараптауға арналған. Нҽтиже  жарияланғаннан 

кейін аудитория ойыннан алған ҽсерлерімен  бҿліседі.  Оқытушы ҿз  тарапынан  жалпы  ойын 

барысына, студенттердің ҽрқайсысына баға береді де, ойынды қорытындылайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет