Vii-а топша элементтері (Сутегі. Фтор, Хлор, Бром, Иод. Алынуы, қасиеттері, қосылыстары)



бет4/5
Дата12.06.2023
өлшемі20,4 Kb.
#100636
1   2   3   4   5
Хлордың изотоптары
Хлордың 35Сl(75.4%) және 37Cl(24.6%) изотоптары табиғатта ұшырасады. Жасанды жолмен алынған хлордың сегіз түрлі радиоактивті изотопы бар Оның ішінде ең тұрақсызы 32Cl- жартылай ыдырау мерзімі- 0,3 секундта, ал ең тұрақтысы 36Cl- 310 мың жыл.
Хлор сутегімен хлорлы сутек түзеді. Сутегімен әрекеттескенде міндетті түрде қыздыру керек. Немесе жарқтың әсерімен әрекеттеседі.
Cl2 + H2 → 2HCl
Бұдан басқа тұздарға әсер ету арқылы алады.
2NaCl + H2SO4→ Na2SO4 + 2HCl
Хлорлы сутек – газ, түссіз, иісі өткір суда жақсы ериді. 1литр суда 500мл хлорлы сутегі ериді (200С) Су ерітіндісі тұз қышқылы мен хлорлы сутек қышқылы -өте күшті қышқыл. Хлорлы сутек қышқылы – бір негізді қыщқыл, металдармен, тұздармен әрекеттеседі. Бұл қышқылдың тұздары – хлоридтер деп аталады. Көбіне суда жақсы ериді. Ерімейтіе тұздары – күміс, қорғасын, алтын.
Хлордың оттекті қосылыстары
Хлор оттегімен тік әрекеттеспейді.Хлор оксидтерін жанама жолмен алады. Хлор оттегімен бірнеше оксидтер түзеді.Cl2O(I), ClO2(IV), ClO3(VII), Cl2O7(VII).
Сәйкес келетін қышқылдар
HClO –хлорлылау қышқылы
HClO2хлорлы қышқыл
HClO3 – хлорлау қышқылы
HClO4 – хлор қышқылы.
Хлорды 4 және 6 валентті оксидтері суда еріп 2 қышқыл түзеді.
ClO2 + H2O → HClO2 + HClO3
ClO3 + H2O → HClO3 + HClO4
Cl2O + H2O → 2HClO
Бұл қышқылдарды бос күйінде алуға болмайды. Тек қана ерітінді күйінде болады.
Бұл қышқыл жағдайға сәйкесті 3 бағытта ыдырайды
Cl2 + H2O→ HClO + HCl
2HClO→ 2HCl + O2
2HClO→ Cl2O + H2O(су тартқыш заттың қатысында)
3НСlO→ 2HCl + HClO3(қыздырғы)
Негізінде салқын сілті ерітіндісіне хлорды жіберу арқылы алады:
2NaOH + Cl2→ NaCl + NaOCl
Қышқыл және оның тұздары – кншті тотықтырғыштар
3NaClO + Cr2(SO4) + 10NaOH →3NaCl + 2Na2SO4 + 5H2O
HClO + Ca(OH)2 → CaOCl2 + H2O
Қос тұз түрінде хлорды избес арқылы сіңіргенде түзіледі.
Хлорлы қышқыл – тұрақсыз, тұздары тұрақты хлоридтер деп аталады. Хлоридтер хлораттармен бірге түзіледі
ClO2 + 2KOH → KClO2 + KClO3 + H2O
Хлоратқа сутек пероксидін қосқанда хлоридке айналады:
KClO3 + H2O2 → KClO2 + O2 + H2O
Хлоридтерде күшті тотықтырғыш
Гипохлоридтерді қыздырғанда немесе хлорды ыссы сілті ерітіндісімен сіңіргенде хлораттар түзіледі.
3KClO→ KClO3 + 2KCl
3Cl2 + 6KOH → KClO3 + 5KCl + H2O
Барий хлоратына корцентрлі күкірт қышқылын қосып, хлорлау қышқылын алады.
Ba(ClO3)2 + H2SO4→ 2HClO3 + BaSO4
Хлораттар қыздырғанда перхлораттарға айналады- хлор қышқылының тұздары
4KClO3 → 3KClO4 + KCl
Перохлораттарға күкірт қыщқылымен әсер етіп, хлор қышқылын алады
KClO4 + H2SO4→ HClO4 + KHSO4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет