Vii тарау Кластан тыс ұйымдастырылатын жұмыс


Табиғаттың тірі организмдері –



бет6/8
Дата07.01.2022
өлшемі32,62 Kb.
#17581
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғаттың тірі организмдері – өсімдіктермен жануарлар түрлері және олардың тіршілік ортасы, табиғи бірлестік. Жалпы бастауыш кластарда тірі организмдерді танып білу үшін мүмкіндігінше сол организмдердің өздерін тікелей көрсету жоғарғы нәтижелі таным көзі болып табылады. Табиғаттың тірі организмдеріне өсімдіктер (жабайы түрлері, ауыл шаруашылық түрлері және бөлме өсімдіктері) және әрине жануарлар түрлері де жатады.

Тірі өсімдіктер түріне көрнекілік. Шағын көктеректің, талдың бүлдіргеннің бұтақтары; сәбіз, шалқан, қызылшаның тамыр жемістері; жабайы мәдени өсімдіктердің жемістері мен тұқымдары т.б. Мұндай көрнекіліктер таратпа материалдар ретінде қолданылады.

Демонстратциялық көрнекілік ретінде бөлме өсімдіктері (бегония, фиалкалар, кактус, хлорофитум т.б.) үлгілері кеңінен пайдаланылады.

Жануарларды танып білу оларды тірі жағдайында және колекциясын пайдалана жүргізіледі. Оқушылар тірі күйінде; айталық табиғаттағы құстардың маусымдық ерекшеліктері мен тіршілігін бақылау жүргізу арқылы немесе тірі табиғат бұрышында ұсталған құстарды, сүтқоректілерді, балықтармен қосмекенділер болып табылады. Сондай-ақ, табиғатта бунақденлілер мен құрттар класының өкілдерін (жауын құртын) табиғи тірі жағдайда пайдалана танып білуге болады.

Көбіне ұсақ жануардарды оқып білуде ( мысалы пайдалы және зиян келтіретін бунақденелілер) олардың фиксациоланған жинақтамасы таратпа материал ретінде пайдаланылады. Сонымен білге жануарлардың сүйектері, құстардың қанаттарын табиғи түрде көрсетуге болады. Төменде тірі обьекті ретінде сабақта көрсеруге болатын түрлері ұсінылады.



Сүтқоректілер. Оқушыларға тірі жағдайда мысық, ит, жылқы, сиыр сиақты жануарларды (экскурсия кезінде) таныстыруға мүмкіндік бар. Тірі кірпіні бақылау өте жақсы обьект болып табылады.

Құстар. Құстардың құрлысы, тіршілігімен танысуда көбіне бунақденелілермен ( кәдімгі көкек, ақбауыр және сұрқарлығаш, шыбжық, шыбыншы) және астық тұқымдастар ( көк кептер, торғай, суық торғай) қоректенетін және қорек талғамайтын (құзғын, қара қарға, сауысқан, орман қарға) құстар түрлерін бақылау оңтайлы болып келеді.

Бауырмен жорғалаушылар. Бауырмен жорғалаушылардың сыртқы құрлысы, олардың түрлерімен, тіршілігімен танысу тек тірі табиғат бұрышында немесе жануарлар бағына экскурия жасау барысында мүмкіндік туады.

Қосмекенділер мен балықтар. Биологиялық зерттеу жүргізуде негізгі лабараториялық жағдайда бақаны көптеп қолданудың мүмкіндігі бар. Ал балықтардың акварюмдегі түрлерін пайдалануға болады.

Сабақ үстінде жануарларды оқып білуде тұлыптар мен фиксацияланған ылғал препараттарды қолдануға болады. Олар сол жануарлардың көлемі, сыртқы пішіні туралы бейнелі түрде түсінік қалыптастыруға мүмкіндік тудырады. Алайда төменгі клас оқушыларына мұндай көрекіліктерді көп көрсете беруге болмайды, себебі олардың жасының психологиялық тұрғыда ерекшеліктеріне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет